Сурет 3.3 - Жаймалық айқаспа Жаймалық айқаспа матаға барынша мықтылық береді және тығыздығы
жоғары болса, мата қатты болады.
Саржалық айқаспа маталардың ерекшелігі оның бетіндегі сызықтар
диагоналі бойымен орналасады (саржа, кашемир, шотланд- ка). Саржалық
матаның бетіндегі сызықтар әдетте төменнен жоғары солдан оңға қарай,
кейде оңнан солға қарай кетеді.
Саржаны жасандағы өзіне тән белгісі: раппорттағы жіптер саны ең аз -
3; арқау жіпті әр салған сайын тоқыманың өрнегі шекпен өрнектейді:
алымына раппорттың әр қатарындағы негіз жапқыш саны н, ал бөлгішіне -
арқаулық жапқыш саны а қойылады (3.4-сурет).
Саржаның негіз бойынша раппорты арқаулық раппортына тең және
алым мен бөліміндегі сандардың қосындысына тең. Егер саржаның бет
жағында негіз жіптер басым болса саржалық айқаспа негіз деп аталы- нады
(2/1, 3/1, 4/1), ал егер бет жағында арқау жіптер басым болса, сар- жа -
арқаулық деп аталынады (1/2, 1/3). 3.4. суретте саржалық айқаспа
көрсетілген.