Сәтендік және атластық айқаспалардың раппортында кемінде 5 жіп болуға тиіс. Бес жіпті сәтенде раппорттағы әр негіз жіп н бетке тек бір-ақ рет шығады, төрт арқау жіптің а астынан өтеді. Сондықтан, айқаспалық суретін салғанда әр көлденең қатарда бір көзді бояп, төрт көзді ашық қалдыру керек.
Сурет 3.5 - Сәтендік айқаспа Сәтендік айқаспаларда арқаулық жапқыштардың ұзын болуына байланысты өте тығыз мата алуға мүмкіндігі бар. Атластық айқаспа сәтенге ұқсас, бірақ бесжіптік атластық айқаспада раппорттағы әр негіз жіп н төрт арқау жіпті а жабады да бір арқау жіптің астына түседі. Атластық айқаспа маталардың бет жағы негіз жіптерден тұрады. Бұл әдіспен: мақта түрлерінен - сәтен-дубль және сәтен-ластик; зығырдан - костюмдік - коломенок; жібектен - креп-сәтен, корсет маталар,