3.3.2. Ілмек құрау принциптері Ілмек құрау үдерісі іліп тоқитын ине, жіпжүргізгіш, платина және
престер жұмыс органдары көмегімен орындалады.
Іліп тоқитын инелердің түрлері ілгекті, тілшікті, құбырлы және қуыс
болады.
Жіпжүргізгіш — болаттан жасалған жайпақ өзек, оның тесігі арқылы
жіпті өткізіп, инеге салады.
Сурет 3.15 - Инелердің түрі. А - ілгекті: 1- ілгек, 2-өкше, 3-өзек, 4-ойыс; Б - тілшікті: 1- ілгек, 2-тілшік, 3-өзек, 4-өкше. Платиналар - болаттан жасалған түрлі фигуралы жіңішке тілімше,
инелердің арасында орналасады, қызметі - жіпті ілмекке иілдіру, иненің
өзегі бойымен жылжыту және жаңа ілмекті түсіру мен тарту
операцияларына қатысу. 3.15. суретте инелердің түрі көрсетілген.
Пресс (ілгекті инелі машинада) иненің ілгегін жабады. Формасы әр
түрлі, мысалы доңғалақша, білеуше, етікше тәрізді және иненің үстінде
немесе алдында орналасады.
Ілмек құрау үдерісі екі тәсілмен орындалады:
трикотажды тәсілі және іліп тоқу тәсілі (тоқу).
Трикотаж тәсілін ілгекті инелі шеңберлі трикотаж машинасында
қолданады, мұнда жіптің иілуі (иілдіруі) бірден жіп инеге салынғаннан
кейін орындалады,
тоқу тәсілінде жіптің иілуі бұрынғы ілмекті түсіру және
жаңа ілмекті қалыптастыру кезінде орындалады.