поливинилспиртінің эмульсиясы, химиялық материалдар қолданылады. Байланыстырушыларды жайғақтарды сіңірумен, жайғақтың үстінде орналастырылған шашыратқыштың көмегімен бүрку немесе шашыра- тумен және тағы басқа тәсілдермен орындауға болады. Тұтас сіңіру соңынан байланыстырғыштың артығын кетіру үшін сығуды, кептіруді және термоөндеуді қажет етеді. Сығу каландрлеу біліктерімен, кептіру барабанды кептіргіштерде орындалады. Жайма ыстық айналып тұратын барабандардың бетін жабумен кептіріледі, қыртыстары жазылады, машинадан шығарылады. Кептіру үрдісінде инфрақызыл сәулелерімен және жиілігі жоғары тоқпен өңделінеді. Соңынан орындалатын термоөңдеу байланыс беріктігін күшейту және біртегістеу үшін қажет. Сұйық байланыстырғышты шашыратқанда немесе бүркігенде сығу қажет емес. Мұндайда беймата жайманың құрылымы тұтас сіңдіруге