Барлық маталар үшін тазарту және дайындау сұр матаны қабылдаудан және талдаудан басталады. Бұл кезеңде тоқымашылықтың түрлі ақауларын анықтау және оларды жою, өңдеудің келесі опера- цияларын жүргізуге өндірістік партия құрастыру орындалады. Өңдеу операциялардың барлығынан өткізу үшін мақта маталары бірнеше жүздеген бөліктерден тұратын ұзын үздіксіз таспаға біріктіріп тігіледі. Әрбір бөлікті алдын-ала жуғанда кетпейтін бояумен белгілейді. Мата қабылдау және талдаудан өткенен кейін отпен шарпу опе- рациясына жіберіледі. Отпен шарпу матаның бетінде шығып тұрған қысқа талшықтарды күйдіріп жою үшін жүргізіледі, бұл опера- цияны конструкциясы әртүрлі күйдіру машиналарында өткізіледі. 100
Операцияның мәні матаны 2,5 - 3,0 м/сек жылдамдықпен қатты