щлихтаны және түрлі кір заттарды ажыратып алу мақсатында қолданылады. Маталарды құрамында беттік-белсенді заттар, сода бар ертінділермен жуып шаяды. Қайнату. Қайнату - матаны жазылған түрде 20-30 мин уақыт қайнап тұрған сумен біртіндеп суытумен өңдеу. Нәтижесінде талшықтардан иіру кезеңінде пайда болған кернеу түседі, жіптегі және матаның бетіндегі талшықтардың орналасуы бекітіледі. Сонымен қатар, қайнату матаның бойында сынықтардың (жазылмайтын құрыстардың немесе жолақтардың) пайда болдыруына жол бермейді. Мұндай өңдеу негізінен мәуіті маталарға қолданылады. Олардың көбі бірінші қайнатуды жуу кезінде өтеді. Киіздендіру. Киіздендіру барлық шұғалық және мәуіті маталардың біразына негізсі және арқауы бойынша тығыздау (от- ыру) мақсатымен және матаның бетінде киіз тәріздес қаптау жасау үшін жүргізіледі. Матаны