мақта матасын ұзақ уақыт сақтағанда бояғыштың ыдырауынан күкірт қышқылы түзіліп, матаның мықтылығы төмендейді. Дисперстік бояғыштар суда ерімейді. Олар бояғыш зат, диспер- гатор, сіңдіргіштен тұратын ұнтақ және қойыртқы түрде шығарылады. Бояуды дисперсиялармен жүргізеді. Бояғыштардың ұсақ бөлшектері талшықтардың құрылымына диффузияланады, онда молекула аралық күштермен әсерлеседі. Дисперстік бояғыш заттар полиамид, полиэфир және ацетаттық талшықтарды бояйды. Бояуы сумен өңдеуге төзімді, бірақ күнге аса тұрақты емес. Азобояғыштар целлюлозалық талшықтарды бояуға арналған түстер сулы өңдеулерге тұрақты. Бояу бояғыш заттың синтезімен орындалады. Қара анилинмен бояу талшықтың өзінде катализатордың қатысуымен анилиннің тотығу реакцисының нәтижесінде өтеді. Бояуы берік, бірақ