жасалады (2-3 есе). Жартылай барқыт және шибарқыт түгінің биіктігі 2 мм дейін, ал шибарқыт-корд түгінің биіктігі - 2 мм жоғары болады. Түкті матаның басты бөлігі тегісбоялған түрде, кейбірі баспа суретті немесе өрнекті суретті түрінде шығарылады. 1м 2 түкті матаның салмағы 545- 385 г дейін, ал ені - 152 мм ауытқиды. Үлкен қалыңдығы мен кеуектілігінің арқасында түкті маталар жақсы жылу сақтағыштык қасиетімен сипатталады және әртүрлі сырт киімдерде кеңінен қолданылады. Олардан әйелдер және балалар көйлегін, костюмдерді, белдемшелерді, шалбарларды, пальто, бас киімдерді және басқа бұйымдарды жасайды. Бұл матаның кемшілігі жобалауда қосымша тігісті қажет ететін, олардың енінің тар екендігін ескеру қажет, бірақ бұл кейбір киім үлгілерін үлгілеуде қажет емес. Түкті маталар мақта маталы иірімжіптің үш жүйесінен жасалған түкті