маталарының негізгі белгісі олардың қүрылымының немесе арналуының ерекшелігі болып табыла- ды, ал топшаларға олар талшықтық қүрамы бойынша бөлінеді. 164
Зығыр матасының ассортиментінің барлығы тігін өнеркәсібінде қолданбайды, сондықтан зығыр матасының кейбір топтары ғана қарастырылады. Зығыр матасының ассортиментін зерттеу барысында, олардың артикуляция жүйесінің барын ескеру керек, яғни алғашқы екі саны топтың нөмірін, ал үшіншісі - топша нөмірін көрсетеді. Зығыр маталары таза зығырлы және жартылай зығырлы бо- лып өндіріледі. Жартылай зығыр матасында әдетте мақта иірімжібін негізінде, кейде арқауында пайдаланады. Соңғы кездері негізгі виско- залы жібекпен, 50-70% лавсаннан түратын, зығыр иірімжібінен мата- лар өндіріле басталынды.