ететін, негізінде және арқауында немесе тек арқауында крепті ширатпалы жіпті болып келетін ерекшелігімен ажыратылатын маталар ассортиментін біріктіреді. Матаның негізгі массасы креп- шифонды, негізінде және арқауында крептік жіпті креп-жоржетті, негізінде және арқауында крепті жіпті крепдешинді жаймалық өріммен өндіріледі, 1 м 2 мата 25-67 г дейінгі өте аз салмақты болып келеді. Креп- фай, креп Экстра, креп Флокс сияқты өте ауыр маталар үсақ өрнекті өріммен өндіріледі және 1 м 2 матада 150 г дейін салмақ болады, осы топшаның барлық маталары тегісбоялған, баспа суретті және ақ бола- ды, матаның ені -90-120 см. Креп-шифон - жеңіл, жартылай мөлдір, жаймалық өрімді таза крепті мата, ол негізінде және арқауында екі жіпті крептен жасалады, крептік әсері