қайнатқаннан кейін бірден дұрыстап шаю керек. Бейорганикалық және минералды қышқылдар (тұз, күкіртті. азотты) - сұйытылған ерітіндіде мақта талшықтарын бұзады. Концентрацияланған қышқылдар мақта талшықтарын ерітуі және шала күйдіруі мүмкін. 13
Зығыр. Зығыр өсімдігінің сабағының қабығының қабатынан алы- натын талшықты зығыр талшығы деп аталады. Бұл бір жылдық шөптік өсімдік. Сабақта талшықтық қабат көлбеу жата орналасады. Оның биіктігі 1 метрге дейін жетеді. Зығырдың екі түрі өседі, олар - 1.5-су- ретте көрсетілген талшық алынатын салалы зығыр, тұқым алынатын бұйра шашты зығыр. Зығыр талшығының құрылысы. Зығыр сабағының құрылысы 1.6- суретте көрсетілген. Зығыр талшығы сабақта 1