табиғи крептен, арқауы 2,33 текс х 4 табиғи креп пен 31,3 текс метаниттен құралады. 172
Жасанды жібектен жасалған маталар тобы вискоза мен ацетат талшықтарынан, олардың араласуынан жасалған жібек матасының ассортиментінен қүралады. Осы топтың маталары қатысқан талшықтардың қасиетімен сипатталады. Оларды өндіру үшін жаймалықтан жаккардтыға дейінгі әртүрлі өрімдер қолданылады, осы маталардың негізгі көп бөлігі біртегіс боялған. Қүрылымына байланы- сты мата ассортиментінің үш топшаға бөлінеді. Жасанды жіптен жасалған маталар (3-ші топ) муслинді, крепті және мооскрепті жіптердің араласуымен, 8,33 текс, 11,11 текс және 16,67 текс сызықтық тығыздықты визкозды және ацетатты кешенді жіптерден