жылдық кенеп пен джут өсімдігінен алынады. Кенеп пен джуттың негізінде қаптық және ыдыстық маталар өндіріледі. Сипағанда құрғақ, бірақ ылғал тартқыштығы жоғары болуынан кендірден жасалған қаптар үлкен ылғалды қасиетімен сипатталатын, тауарды сақтау және тасу үшін қолданылады. ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында кенепті өсіруден Солтүстік Иран атақты бола бастады, сондай-ақ, Кавказда, Орта Азияда кеңінен таралды. Кенеп өсімдіктің сабағынан алынған талшықты материал. Ке- неп иран тілінен ауда-рылған, ол «иірімжіп» деген мағына береді. Ке- неп биіктігі 1,5 метрге жететін, бір жылдық шөпті өсімдік. Гүлдері өте қысқа гүл аяғында отырған, ол жоғарғы жапырақтың қуысында үштен немесе біреуден орналасқан. Гүл жапырағының негізінде күңгірт- қызыл дақты, сары түсті, қауашағы өткір ұшты, сопақша пішінді, ағаш тәріздес, кенеп 1.9-суретте көрсетілген. Джут - үнді сөзінен аударылғанда - «ораушы қап» деген мағынаны