Украйна және Ресей болып табылады. Қаракөл дайындамаларының жартысынан көбі қара түсті, 10%- сүр және 15% - қанық-сүр түсті, қалғаны будандастырылған қаракөл. Үлбір шикізатын алу үшін, жас және өскен ешкі терілері қолданылады. Малдардың түлегеннен кейінгі қазан-қараша айында сойылған терілері қолданылады. Өңделген табиғи және боялған ешкі терілерінен, үлкен ешкі терілерінен балалардың және әйелдердің паль- тосын, жартылай пальтосын және бас киімдерді дайындайды. Әдемі, жақсы жылу сақтағыштық, қажетті ылғал және бу өткізгіштік қасиеті бар табиғи үлбірлерді қысқы киімдерді дайындау үшін қолданылады (үстіңгі материал ретінде, сондай-ақ сәндік және жылытатын ретінде). Әр түрлі малдардың өңделмеген терілері бағалы үлбір шикізаты деп аталады. Бағалы - үлбір шикізатының ассортименттерін үш классқа бөледі: