үшін орындалады, бұл 180-220°С температурада үтіктеу білігінен өткізу арқылы орындалады. Түкті жабын дұрыс бекуі үшін үтіктеу ал- дында формалинмен өңделеді. 204
8.4. МАМЫҚ - ҮЛБІР ЖАРТЫЛАЙ ФАБРИКАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ Үлбір бүйымдарын дайындауда жарамды мамық - үлбір жартылай фабрикаты өзіне берілген пішімдер мен өлшемдерді сақтай отырып, жоғары тозуға төзімді және жақсы жылу сақтағыш қасиетін қамтитын бүйымдарды дайындауға мүмкіндік жасайды. Үлбірге үсынылатын басты талап - жақсы жылу сақтағыштық қасиеті болғандықтан, жылу өткізгіштік ең негізгі қасиеттері болып табылады. Үлбірдің жылу өткізгішітігі түкті жабынның үстап түратын ауа санына, былғары өзеңінің тығыздығы мен қалыңдығына, пайдала- ну кезіндегі