Бұлғын ең әдемі және бағалы тері береді, сондықтан ол «үлбір пат- шасы» деп танылған.
Сурет 8.1 - Бұлғын Бұлғын терісі түкті жабынының нәзіктігі, қалыңдығы, түсі және жылтыры бойынша әлем нарығында ең жақсы деп танылған. Бұлғын терісінің ең бағалы сапасы - бұл мойын, құрсақ, желке жатысының салыстырмалы теңдігінде. Бұлғын терісінің түкті жабыны қалың, өте жібекті, орташа биіктікті. Терісінің ұзындығы 30-55 см дейін, құйрығы - 10-18 см аралығында. Жалпы бояуы құмды сары түстен қанық құба түске дейін құбылады. Құйрығы және аяғы қара, басы және құлағы арқасынан ашығырақ түсте. Аяқ жастықшалары бәсеңдетілген. Құйрығы үлпілдекті. Тырнағы қысқа, өткір қара түсті. Ормандық сусар (сурет 8.2) еліміздің орманды, орманды-далалы аймақтарында мекен етеді.