қасқыр терілерінде жон арқасы мен төбесіндегі қылшық шаштарының
анық айқындалған зоналылығы бар: тұнық және ашық зоналары кезектеседі.
Бұл зоналық иттерде жоқ;
иттердің терілерінің артқы жағындағы санындағы шаштары ұзын. Ал
қасқырда бұл жоқ; иттерге қарағанда, қасқырлардың терілерінің маңдай
бөлігі өте кең, көз тесіктерінің аралығы өте үлкен;
иттердің тырнақтары аса өтпейтін, кең ақ түсті. Қасқырлардың тырнағы
жіңішкерек өте өткір, қанық және қара түсті;
қасқырлардың мойнының түкті жабыны жұмсақ, ал иттердікі өскінді
талшықты.
Жанат тәрізді иттер және жанат терілері. Жанат тәрізді ит- тер және
жанат климаты жақсы қалыптасқан европа елдерінде және Сібірде
мекендейді.
Жанат тәрізді иттер (сурет 8.15) аң шаруашылығының дамыған
обьектісіінің бірі. Ол өте жоғары сапалы ұзын шашақты мамық береді.
Сыртқы түрі түлкіні еске түсіреді.
Достарыңызбен бөлісу: