Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет405/417
Дата06.01.2022
өлшемі6,36 Mb.
#13660
түріОқулық
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   417
Байланысты:
материалтану

Былғары 
шикізатының 
топтастырылуы. 
Былғары 
шығаруға 
қолданылатын  терілер  майда,  ірі  және  шошқа  шикізаттары  болып  топ- 
тастырылады.
 
Ұсақ  шикізатқа  ірі  қара  төлінің  терісі  (өлі  туған  бұзау,  торпақ,  бота, 
құлын,  жабағы),  қой  терісі  (жүнді  жабынының  жайына  қарай  жүнді, 
жартылай  жүнді,  жүнсіз  болып  бөлінеді),  ешкі  терісі  (тау,  дала,  үй  ешкісі) 
жатады.
 
Ірі  шикізатқа  мүйізді  ірі  қара  терісі  (бұғыны  қоса),  түйе,  есек,  жылқы 
(ол,  сауыр  терілері)  және  басқа  жануарлар  терісі  жатады.  Шошқа 
шикізатына шошқа терісі жатады.
 
Мүйізді  ірі қара малдың терісі шикізаттың майда және ірі топта- рына 
кіреді. Майда шикізатқа жататындар: өлі туған, сүт еметін және отқа, көкке, 
шөпке ілінген бұзау терілері.
 
Өлі  туған  бұзау  терісінің  салмағы  есепке  алынбайды,  терісі  үлбір 
жасауға  жарамайды.  Терісінің  ауданы  -  40-50  дм^,  құйымшақ  тұсындағы 
терінің  қалыңдығы  -  1,2-1,4  мм,  қыртыс  қабаты  қалыңдау,  галантереялық 
былғары жасауға қолданылады. 11.7- суретте табиғи былғары көрсетілген.
 
Еметін  бұзау  терісінің  салмағы  есепке  алынбайды,  жынысына  қарай 
бөлінбейді.  Бұзауларды  сою  көктем  мен  жаздың  басында  жүреді,  терілері 
тұздай құрғату арқылы консервіленеді.
 
270 


 
Сурет 11.6 -Былғарыны илеуге арналған барабандар 
Тері  ауданы  -  40-  90  дм
2
,  қалыңдығы  -  1,3-2,5  мм.  Бір  ерекшелігі  -  ірі 
малға  қарағанда,  терінің  емізікше  қабаты  қалыңдау.  Бүзау  терісінен  аяқ 
киімнің жоғарғы бетіне былғары дайындайды.
 
Ірі  малдыкше  қарағанда  жүні  әлі  қатаймағандықтаң,  иленген  былғары 
бетіндегі  табиғи  бедері  өте  әдемі,  майда  болып  келеді.  Шикізат  күйімен 
салыстырғанда  жарғақ  пен  дайын  былғарыда  сорттылық  біраз  төмендеу 
болады,  себебі  бүзау  терісіндегі  кейбір  ақауларды  (түз  дақтарын,  сүт 
қыртыстарьш, шандарлы терілерді) байқау қиынға түседі
 
Жоғарғы  сортты  желатин  алу  үшін  бүзаудың  бас  терісі  аса  бағалы 
шикізат болып табылады.
 
271 


 
Сурет 11.7 - Табиғи былғары 
Мүйізді  ірі  қараның  майда  шикізатының  келесі  түрі  -  отқа  ілінген 
бүзаудың  терісі.  Жаңа  сойылған  кездегі  салмағы  10  кг  дейін,  аяқ  киімнің 
жоғарғы  бет  былғарысын  жасау  үшін  қолданылады.  Белгілері:  болашақ 
мүйіздің орны дүмпиіп біліне бастайды, терісі қалыңдау, бірақ біркелкі емес, 
мойнында сүт қыртыстары біліне бастаған. Ауданы - 60-150 дм^, қалыңдығы 
- 1,5-3 мм. Өңделген былғары бетіндегі табиғи өрнек сүт  емген бүзаудікіне 
қарағанда  онша  майда  және  әдемі  емес,  ірілеу.  Бүзауларды  сою  күзде 
басталады,  қысқа  таман  ылғалды  түздау  арқылы  консервілейді.  Көркемдік 
суреттерді  бастыру  арқылы  алынған  табиғи  былғары  11.8  -суретте 
көрсетілген.
 
Мүйізді ірі қараның ірі шикізаты 
Тана  терісі.  Жаңа  сойылған  кездегі  салмағы  10-  13  кг  дейін.  Жақсы 
күтімде  болған  малдың  5-7  айлығында,  ал  кәдімгі  жағдайда  бағылған 
малдың  1-1,5  жасында  терісі  осындай  салмаққа  жетеді.  Ауданы  -  120-  250 
дм^, қалыңдығы 2,5-3 мм, кейде 4 мм дейін болады.
 
Тананы  жазғытүрым  немесе  қыста  сояды,  терісін  ылғалды  түздау 
арқылы консервілейді. Терісінің қалыңдығы онша біртегіс емес, аяқ киімнің 
жоғарғы  бетіне  арналған  былғары  жасауға,  юфть  былғарысына 
пайдаланылады.
 
272 


 
Сурет 11.8 - Көркемдік суреттерді бастыру арқылы алынған 
табиғи былғары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   417




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет