Жібектің піллә жібі серицинмен бірге негізмденген қарапайым 500-1500 м ұзындыққа дейін жетеді. Пілләнің үстіңгі және астыңғы қабаттары тарқатылмайды, сондықтан тарқатылған жіптің орташа ұзындығы 600-900м. Қарапайым жіптердің көлденең қиындасы бұрыштары домаланған үшбұрышты немесе овал формасында болады және кесе-көлденең ені 10-12 мкм. Қырықбуын жіптердің шығуына байланысты оларды қабаттап жинайды, ол се- рицинмен негізмденген жабық қабық-піллә құрайды. Піллә ішінде қырықбуын пайда болып, 15-17 күннен кейін қуыршақ көбелекке айналады. Сондықтан пілләларды бұйралана бастауынан 8-9 күнде жинап, алғашқы өңдеуге жіберіледі, жібектің алыну үдерісі 1.23- суретте көрсетілген. Тұт ағашы немесе жібек ағашы қырықбуын жапырақ-тарымен қоректенетін өсімдік. Тұт ағашы 20м биіктікке дейін жететін үлкен ағаш. Бір тұт