өртке қарсы мақсатта қорғағыш жаймалар, ыстық цехта жұмыс істейтін жұмысшылырға арналған киімдер, қолғаптар, автомобиль, трактор және көтергіштер үшін тежегіштік таспалар, турбогенератор жасауға арналған маталар. Асбест талшықтары 1.25, 1.26-суретте көрсетілген.
Сурет 1.25 - Асбест
Сурет 1.26 - Асбест талшығы 1.2.7. Химиялық талшықтардың құрылымы, қасиеттері және алыну үдерістері Тоқыма өндірісінде соңғы жылдары таза табиғи талшықтардан басқа химиялық талшықтар көп қолданылады. Келешекте саланың хи- мияландыру үрдісі өсе түсетіні анық, сол себепті тоқыма өндірісінде химиялық талшықтардың үлесі арта береді. Табиғи талшықтарға қарағанда химиялық талшықтар көп қасиеттері бойынша бірқалыпты болады, ал