Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


жаккардты,  аралас  немесе  жаккардты  өрімдердің  аумағында  толық  емес



Pdf көрінісі
бет19/31
Дата14.02.2017
өлшемі6,36 Mb.
#4115
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31

жаккардты,  аралас  немесе  жаккардты  өрімдердің  аумағында  толық  емес, 
16,6 текс сызықтық тығыздықты полиэфирлі текстурленген жіптен не- месе 
11  текс 
х
  2  және  3,3  текс  капронды  жалаң  жіптен  жасалған  ажурлы 
өрімдерден. Олардың беттік тығыздығы - 120-260 г/м
2

18,  22,  26  кл.  негіздік  тоқымалы  машинада  өндірілген  жеңілдетілген 
пішіні  түрақты  жаймалар  әртүрлі  ассортимент  -  филейлік  жайма  (үсақ- 
немесе іріүялы суреттермен), іріраппортты өрнекті жайма, джинсалы жайма, 
бояуға  және  баспа  суретті  жағуға  арналған  жеңілдетілген  жай-  малардан 
түрады.  Жайманың  беттік  тығыздығы  -  100-190  г/м
2
.  Пішін  түрақтылығы 
мен  күлтеленуінің  арқасында  осы  жаймалар  көйлектер,  блузкалар, 
костюмдер және белдемшелер дайындау үшін кеңінен қолданылады. 
Кестелі  әсерлі  негіздік  тоқылған  жаймалар  10,  15  кл.  «Комец» 
жаңартылған  машинасында  өндіріледі.  Кестенің  әсері  көлемді-  жайылған 
пішінді  жасаушы,  жаймада  спандекс  жібімен  немесе  рәзеңкелі  өзекпен  тоқу 
нәтижесінде алынады. 
Крептік  жайма  полиэфирлі  текстурленген  жіптің  ПАН-иірімжібімен 
араласуынан жасалған жіптерді немесе полиэфирлі текстурленген ко- мэлан 
жіптерін  қолдану  арқылы  жалаң  жаккардты  өрімдермен  18,  20  класты 
дөңгелек  тоқымалы  машинада  дайындалады.  Жайма  жақсы  күлтеленеді 
және  көйлектер,  костюмдер,  блузкалар  үшін  қолданылады,  олардың  беттік 
тығыздығы 140-240 г/м
2

Негіз  жібі  аз  созылатын  жаймалардың  мол  ассортименті  дөңгелек 
тоқымалы  қүрылғыда  полиэфирлі  текстурленген  жіптен,  комэлан  жібінен, 
жоғары  көлемді  ПАН-иірімжібінен,  бүртіктелген  иірімжіптен  жасалған 
толық  емес  аралас  өріммен  өндіріледі.  Жайма  мататүрді  және  кеңінен 
қолданысқа  ие  (костюмдерде,  белдемшелерде,  күртешелерде,  көйлектерде, 
жемпірлерде, балалар бүйымдарында). 
187 

Негіз  жіп  твидті  жаймалар  текстурленген полиэфирлі  жіппен араласқан 
иірімжіптен  дайындалған,  сыртқы  түрі  матаға  үқсас  және  костюмдер  мен 
белдемшелерді жасауда қолданылады. 
6.8.
 
БЕЙМАТА МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ АССОРТИМЕНТІ 
Киімді  дайындау  үшін  жылытушы  материал  ретінде  жайғақ  тігілген 
және  инемен  тесілген  дәкелер,  мата  сияқты  мата  тігілген,  жайғақ  тігілген 
жаймалар  қолданылады.  Пішінді  сақтауды  қамтамасыз  ететін  және  киім 
бөлшектеріне  қаттылық  беретін  іштіктер  үшін  негізмдік  бейматалы 
материалдар  пайдаланылады.  Киімде  қолданылатын  бей-  мата  жаймалары 
ағартылған, тегіс боялған, ала шүбар, баспа суретті болып шығарылады. 
Тоқымалы-тігілген  бейматалық  материалдың  ассортименті  әртүрлі 
қүрылымды  және  тағайындалуы  бойынша  әрқалай  мақта  маталы  және 
жартылай жүнді материалдардан түрады. 
Мақтадан  тігілген материалдардың ассортименті  тоқылған  талшықтық 
жайғақтан  алынған,  балалар  ішкиіміне  арналған  бейматалық  жаймадан, 
Василек  бейматалық  жаймадан,  Бориславка  бейматалық  бәйкеден  және 
балалар  ішкиіміне  арналған  материалдар-  дан  түрады.  1  м
2
  осындай 
материалдардың  массасы  -  141-270  г,  ені  -  150-250  см.  Олар  тегіс  боялған, 
баспа  суретті  болуы  мүмкін  (балалар  ішкиімінен  басқа),  көйлек,  күртеше 
дайындауда қолданылады. 
Осы  бейматаның  кейбірі  вискозды  штапельді  талшықпен  мақтаның 
қоспасынан  өндіріледі  және  мақта  маталы  иірімжіптер,  не  болма-  са 
капронды  жібекпен  тігіледі.  Екінші  жағдайда  материал  жылтыр-  мен  және 
жібектікпен  сипатталады.  Осы  бейматалардың  барлығы  қажалуға  жоғары 
төзімділігімен, әсіресе капронды жібекпен тігілуімен ерекшеленеді. Олардың 
кейбірі  жуғаннан  кейін  бойылық  бағыт  бойын-  ша  отырады  және  кейде 
көлденеңнен созылады. 
Тоқымалы-тігілген  жайма  көлденең  бағытта  қолдық  деформацияны 
жасау  арқылы  әдеуір  созылымдығы  оның  қүрылымының  ерекшелігімен 
түсіндіріледі  және  бүл  ерекшелік  бүйымды  жобалау  кезінде  ескерілуі  керек, 
сонымен  қатар,  ені  бойынша  бүйымның  тарлануын  қарастыру  қажет,  ал 
деформациядан  алдын-ала  сақтау  үшін  зығыр  немесе  мақта  ызбадан 
жасалған жиекпен қиық бойынша тігіледі. 
Тоқымалы-тігілген  жартылай  жүн  бейматалы  материалдардың 
ассортименті  қүрылымында  30-60%  дейін  жүн  бар,  Крцаниси,  Местия, 
Спортивное  тігілген  жаймалардан  түрады.  Талшықтық  жайған  мақта 
иірімжібімен,  не  болмаса  капронды  жібекпен  тігіледі.  1  м
2
  жайманың 
салмағы  319-450  г,  ені  95-150  см.  Бүл  материалдар  тараққа  және  білікшеге 
оралып түруы мүмкін, сондықтанда, олардың беті түкті не- месе киіз тәрізді 
болады. Өңделуі бойынша олар тегіс боялған және ме- 
188 

ланжды. Жартылай жүнді материалдар жоғары қажалуға қарсылықпен және 
созуға  төзімділікпен  сипатталады  және  пальто,  күртеше,  спорттық  киімдер 
дайындауда қолданылады. 
Тігілген  материалдардың  ішінде  перспективалығы  малимо  бо-  лып 
табылады,  оның  құрылымында  аз  созылғышты  бойлық  және  көлденең 
жіптері  бар.  Бұл  материалдар  кез-келген  жіп  немесе  иірімжіптен 
дайындалады  және  олар  мақта,  жүн,  жібекті  болуы  мүмкін.  Бұл 
материалдардың  салмағы  қолданылатын  жіптердің  немесе  иірімжіптердің 
сызықтық тығыздығына байланысты. 
Тағайындалуы 
бойынша 
әртүрлі 
бейматалы 
материалдардың 
ассортиментінің  кеңею  мүмкіндігі  шектелмеген,  сондай-ақ,  малимо 
материалдары олардың талшықтық құрамына байланысты кез-келген өңдеу 
түріне қолданылады. 
Тігілген  бейматалық  материалдар  аймағы  өте  кеңейтілген:  яғни  олар 
пальто  (әртүрлі  мезгіл  бойынша  қолданылатын),  костюмдер,  шал-  барлар, 
төсек-жабдықтық  жаймалар,  әйелдер  мен  балалар  көйлектері,  шомылатын 
халаттар  мен  костюмдер,  күртешелер  мен  тағайындалуы  және  әртүрлі  түрі 
бойынша  өндірілгент  киімдер  сияқты  бұйымдарды  дайындау  үшін 
қолданылады. 
Желімдік  бейматалық  материалдар  мақтадан,  вискозалы  штапельді 
талшықтан,  зығырдан  немесе  мақтаның  не  болмаса  вискозалы  штапельді 
талшықтың  штапельді  синтетикалық  талшықпен  қоспасынан  өндіріледі, 
жоғарғы  киімдерді  дайындау  кезінде  іштік  материал  ретінде  қолданылады. 
Олар 1 м
2
 - 60-180 г  салмақты, өте арзан  және зығырлық  іштікке қарағанда 
өте жеңіл. Бұл материалдар құрылымына байланы- сты жоғары серпімділік 
қасиеті, қаттылығы және тығыздығы бойынша сипатталады. 
Синтетикалық  талшықты  негізмдік  бейматалық  материалдар  үлкен 
серпімділікпен,  аз  мыжылуымен  және  зығырлық  қатырғыға  қарағанда  аз 
салмағымен  сипатталады,  олар  ауа  мен  буды  жақсы  сіңіреді.  Бойлық 
бағытта  жоғары  берік  талшықтың  орналасуына  бағытталған  негізмдік 
бейматалық  материалдарды  дұрыс  пайдаланбау,  бұйымда  әртүрлі  бағытта 
созылғанда, олардың көлденең бағытта жиі жыртылуына алып келеді. 
Желімдік  бейматалық  материалдар  тығыз  және  тегіс,  борпылдақ  және 
кеуекті болуы мүмкін. Екінші жағдайда олар жылы киімдерде қолданылады. 
Мұндай  материалдар  жоғары  серпімділігімен  ерек-  шеленеді  және  киген 
кезде  ауалық  қабаттын  өзгермеуін  қамтамасыз  етеді,  сондықтанда,  киімде 
жақсы жылылықты өткізбеушілік қасиетпен сипатталады. 
Желімдік  бейматалық  материалдардың  ассортименті  іштік  ма- 
териалдардың  кеңею  арқасында  кеңейеді,  киімге  арналған  бір  реттік 
қолданылатын  жаңа  негізмдік  материалдар  шығарылды.  Бұл  жағдайда 
бейматалық материалдар бояу, баспа суретпен жоғары емес тығыздықты 
189 

болып өңделуі керек. Бүл көйлек, блузка, ерлер жейдесін дайындауда, немесе 
арнайы қасиетті, жоғары тығыздықты өндірістік және қорғағыш киімдердің 
әртүрін жасауда қолданылады. 
Инемен  тесілген  бейматалық  материалдар  ассортименті  көбіне 
техникалық  мақсатта  қолданылады.  Бүл  материалдар  сырт  киімде 
жылытқыш  материал  ретінде  қолданылады,  ол  синтетикалық  талшықтан 
түратын,  талшықтық  жайғақтың  жоғары  серпімділігімен  сипатталады, 
жоғарғы  жылусақтағыш  киімді  жеңілдетеді,  астарлық  материалдың 
жеңілдігін және үлкен ауалық қабатты қамтамасыз етеді. 
Нитрондық  және  лавсандық  талшықтан  жасалған  инемен  тесілген 
дәкелер  пальто,  күртеше  тігуге,  қыстық  жамылғы  дайындауға  арналған 
жылусақтағыш  материал,  әрлеуші  бүйым,  синтетикалық  үлбірге  арналған 
негіз ретінде қолданылады. Бүдан басқа, ауыр жаймалар (800 г/м
2
 дейін) аяқ 
киімдік үлтарақ, еденге төсейтін кілемдік жабын түрінде пайдаланылады. 
6.9.
 
БҰЙЫМҒА МАТЕРИАЛДАР ТАҢДАУ 
Киімге сәйкес тоқыма материалдарын таңдау  кезінде тек қана олардың 
жеке  қасиеттерінің  сипаттамасын  нүсқау  етіп  қана  қоймай,  сондай-ақ,  егер 
мүмкін  болса,  кешенді  бағаны  қолдануға  тиіс,  ол  экс-  плуатацияда 
материалдың  бағытын  нақты  анықтауға  мүмкіндік  береді,  сондықтанда 
модельдеу,  қүрастыру,  киімді  тігу  технлогиясын  дайын-  дау  кезінде  оның 
барлық ерекшеліктері ескеріледі. 
Киімге  материал  таңдау  кезінде  суретші-модельер  ең  алдымен  ба-  спа 
суретті  тоқымалық  немесе  трикотаждық  суреттің  ерекшелігімен,  суретші 
таңдаған  киім  силуэтін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін,  материалдың 
қасиеттерімен,  сәнді  түстік  гаммаларын  басшылыққа  алады  (бүл  сүрақтар 
киімді көркемдік дайындау курсында қарас- тырылады). 
Киімдік 
тоқыма 
материалдарының 
қасиеттеріне 
байланысты 
үсынылған  талаптарды  қанағаттандыру  үшін  эксплаутация  шартында 
материал  қандай  әсерлерге  үшырайтынын  және  ол  қандай  қасиеттермен 
сипатталуы қажеттігін білу қажет. 
Кез-келген  киімдік  материалға  үсынылған  жалпы  талап  -  бүл  кию 
үдерісінде киім пішінің жақсы сақталуы. Осы талапты қанағаттандыру үшін 
материал  толық  қасиеттер  қатарын  сипатту  қажет.  Олардың  негізгісі  -  бір 
реттік  және  бірнеше  реттік  созу  кезінде  қалдық  деформациясының  бар 
болуы,  материалдың  мыжылуы  және  мыжылма-  уы,  жазықтықта  қалай 
бүгілсе, солай қажалу мен тозуға қарсыласуы. 
Негізгіден басқа, материал оның нақты  тағайындалуына байланыс-  ты, 
ол  қосымша  қасиеттермен  сипатталуы  қажет:  сырқы  киімге  арналған 
(пальто) материалдар - жылу өткізгіштігімен, ауа өткізгіштігімен 
190 

(сырт  қиімге  арналған  бүл  қасиеттерді  сәйкес  жылытушы  іштіктерді, 
іштіктерді белгілі ауа сіңіргіш іштікті қолдану арқылы реттеуге бола- ды), су 
сіңірмеушілігімен 
және 
болмашы 
суланғыштығымен, 
костюмдік 
материалдар - ішкиімдік қабаттың нақты желденуін қамтамасыз ететін, ауа 
сіңіргіштігімен, бу сіңіргіштігімен, жаздық костюмдік материалдар - жоғары 
сорғыштық қасиетімен, көйлектік материал- дар - жылу өткізгіштігімен, ауа- 
және  бу  сіңіргіштігімен  (оларды  маусымдық  қолдануға  байланысты); 
ішкиімдік және ылғал сіңіруші бүйымдарға арналған материалдар - жоғары 
сорғыштық  қасиетімен,  отырмайтындығымен  және  ылғалды  өңдеуге 
төзімділігімен;  іш  киімдерге  арналған  материалдар  -  жоғары  ауа 
өткізгіштігімен  және  және  жылы  ішкиім  -  жақсы  жылу  сақтағыш 
қасиетімен. 
Осы  киімдік  материалдардың  қажетті  қасиеттерінің  қатары  жеткілікті 
болуы  мүмкін  емес.  Әрбір  жағдайға  киімді  пайдалану  шар-  ты  тоқыма 
материалдары сипаттауға қажетті қасиетке өз талаптарын қояды. Сол үшін 
нақты  тағайындалған  бүйымға  материал  таңдау  кезінде  эксплуатация 
үдерісінде  сынауға  болатын,  сол  әсерлерді  мүқият  сарап-  тау  қажет  және 
киімді  нақты  жабдықталған  шартты  және  оның  нақты  кию  уақытын 
қамтамасыз  етуге  қабілетті  қасиеттермен  материал  си-  паттала  ма,  соны 
анықтау керек. 
Осыдан басқа, жаңа киімді жасау кезінде міндетті түрде киімнің берілген 
силуэтін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін,  материал  қасиетіне  назар 
аударылады  және  тігін  өндірісінің  үдерісінде  осы  қасиеттер  қалай  көрінеді, 
соны  нақтылайды.  Бүл  жағдайда  серпімділік,  қаттылық  немесе  тігу 
үдерісінде  (ылғалды-жылумен  өңдеу,  қосымша  негізмдік  және  тігілген 
іштіктерді  қолдану)  материалға  мәлім  қасиетті  беру  мүмкіндігі  сияқты 
белгілі  материал  қасиетін  қолдану  есепке  алынуы  тиіс.  Тігін  өндірісінің 
үдерісінде 
материалдар 
қасиеттерін 
қалауынша, 
сонымен 
қатар 
қаламауыншада  (ылғалды-жылумен  өңдеудің  бақыланбаған  тәртібі  кезінде 
беріктіктің азаюы, тігін инесімен материалдың зақымдануы, мата қиығынан 
жіптің  қүлауы,  трикотаждың  сөгілуі)  өзгеретіндігі  ескеріледі.  Қасиеттің 
соңғы  тобы  бүйымның  қүрастырмасын  қүру  кезінде  және  тігудің 
технологиялық үдерісінде есепке алынады. 
Әрбір материал түріне, оның қүрылысына және қасиетіне байла- нысты 
қүрастырылудың  және  технологияның  ерекшеліктері  ескерілуі  қажет. 
Қасиеттері  қатары  бүйымның  қүрастырмасына,  ал  қатар  -  өңдеудің 
технологиясына  енгізілуі  және  есептелуі  тиіс.  Қалаған  қасиетімен  киім 
бөлшектерін  алуды  қамтамасыз  ететін,  қосымша  материалдарды 
қолданумен, өңдеу әдістерімен қасиеттерін өзгерту қарастыралады. 
191 

7-БӨЛІМ 
ТОҚЫМА МАТЕРИАЛДАРДЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ 
7.1.
 
ӨНІМНІҢ САПА КӨРСЕТКІШТЕРІ 
Өнімнің  сапасы  -  қолдану  мақсатына  сәйкес  берілген  сұраныстарды 
қанағаттандыруға қажеттілігін көрсететін қасиеттер жиынтығы. 
Тоқыма  материалдардың  сапасын  толықтай  бағалау  үшін  сапа 
көрсеткіштерінің  құрамасын  негіздеп  таңдау  өте  маңызды.  Өнімнің  сапа 
көрсеткіші  -  белгілі  бір  тұтыну  шарттарына  қарастырылған  бір  немесе 
бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. 
Киімнің  сапасы  көптеген  факторлармен  байланысты  болып  келеді. 
Әсіресе киім сапасын тікелей қалыптастыратын факторлар маңызды болып 
саналады:  негізгі  материалдардың  сапасы,  бұйымды  жобалау  (модельдеу 
және құрастыру) сапасы, технологиялық өңдеу сапасы. 
Негізгі  материалдардың  (маталардың,  трикотаждың,  бейматаның) 
сапасы,  олардың  қасиеттері  (эстетикалық,  гигиеналық,  беріктік)  көбінесе 
киімнің 
қасиеттерін 
анықтайды. 
Материалдың 
өзінен 
киімнің 
функционалдық  қолданысы,  тұтынушының  жасы  және  сырт  бейнесі,  сән 
бағыты айқындалады. Материалдардың гигиеналық құрама қасиеттері киім 
астындағы  кеңістіктегі  микроклимат  жағдайына  әсерін  тигізеді,  ал  оның 
салдары  адамның  жұмыс  жасау  қабілеттілігіне  және  жағдайына  әсер  етеді. 
Киімнің керекті көлем-кеңістік қалпын жасау мүмкіндігі және оның тұтыну 
кезеңінде 
тұрақтылығы 
материалдардың 
серпімді- 
пластикалық 
қасиеттерімен, 
олардың 
қаттылығымен, 
күлтеленуімен, 
форма 
сақтағыштығымен байланысты. 
Киімді  жобалау  сапасы  көбіне  оның  тек  қана  көлем-кеңістік  қалпын 
және композициясын алдын ала анықтаудан басқа, көркемдік- эстетикалық 
қасиеттеріне,  сонымен  қатар  бұйымның  үнемдік  және  технологиялық 
көрсеткіштерін қамтамасыз етеді. 
Қолдану 
көрсеткіштері 
материалдардың 
негізгі 
функцияларын 
анықтайтын  қасиеттерін  сипаттайды  және  олардың  қолдану  аумағын 
анықтайды. 
Колдану көрсеткіштері өз алдына үш топқа бөлінеді: 
-
 
функционалдық 
(тұтынушылық) 

беріктігі, 
созылғыштығы, 
қаттылығы, форма сақтағыштығы, қыртыстанбауы, электрленуі; 
-
 
гигиеналық - гигроскопиялығы, ылғалдылығы, ылғал жұтқыш- тығы, 
бу өткізгіштігі, жылу кедергісі; 
-
 
сақтагыштық  -  су  итергіштік,  отқа  төзімділік,  шаң  өткізгіштік, 
химиялық заттарды өткізгіштік. 
192 

Сенімділік  көрсеткіштер  материалдың  берілген  шектікте  өзінің 
қасиеттерін  уақыт  ішінде  сақтау  қабілетін  сипаттайды.  Бүл  көрсеткіштерге 
материалдардың кідіріссіздігі және үзаққа төзімділігі жатады. 
Эстетикалық 
көрсеткіштер  форманың  тиімділігін, 
ақпараттық 
айқындылығын, 
композицияның 
бүтіндігін, 
тоқыма 
материалдың 
колористикалық  қасиеттерін  (сурет,  түс,  жылтырлық,  ақтық,  өрім)  си- 
паттайды. 
Ақауклық  көрсеткіштер  жаратылмай  қалған  материалдардағы  ақаулар 
санын,  сонымен  қатар  түтыну  кезінде  пайда  болатын  ақауларды 
(пиллингіштік, матадағы және тігістердегі жылжымалар) сипаттайды. 
Үйлестіру  және  стандарттау  көрсеткіштер  өнімнің  стандарттық, 
үйлесімділік  және  өзіне  ғана  тән  бөлшектермен  қанықтылығын,  соны-  мен 
қатар басқа бүйымдармен үйлесімдік дәрежесін сипаттайды. 
Патенттік  және  құқықтық  көрсеткіштер  өнімде  қолданылатын 
техникалық шешімдерді жаңғырту дәрежесін, олардың патенттік қорғалуын 
сипаттайды. 
Экологиялық  көрсеткіштер  өнімдерді  түтыну  және  қолдану  кездерінде 
қоршаған ортаға зиянды әсер ету дәрежесін сипаттайды. 
Материалдардың сапа көрсеткіштерін анықтаудың әртүрлі әдістері бар. 
Эксперименталдық әдіспен сапаны бағалау бүйымның қасиеттерін өлшеу 
арқылы (инструменталды әдіс) жүргізеді. Ақаулар санын не- месе жарамсыз 
ақаулы бүйымдарды табу және санын есептеу арқылы жүргізіледі. 
Органолептикалық  әдіс  сезім  органдарымен  қабылдауғанегізделген, 
сонымен қатар зерттелетін материалды эталонмен салыстыру қажет болады. 
Мүндай  әдістерді  дүрыс  бағалау  мамандардың  жинақталған  тәжірибесіне 
және оны бағалайтын маманның біліктілігіне байланы- сты болады. 
Эксперттік әдіс 7-12 эксперт-маманнан түратын топтың бағалауды бірге 
есептеуге негізделген. 
Әлеуметтік  әдістің  мақсаты  өнім  түтынушылардың  пікірін  жинауға 
және талдауға негізделген. 
Есеп  әдісі  материалдың  қүрылымына,  технологиялық  процессіне 
сонымен  қатар,  бастапқы  шикізаттың  қасиеттеріне  байланысты  оның 
сапасының көрсеткіштерін анықтауды қарастырады. 
Анықталатын көрсеткіштерді  таңдау  - бүл өнімнің сапасын бағалайтын 
жалпы әдістеменің бірінші және негізін қалаушы сатысы болып табылады. 
Өнімнің  сапасын  бағалап,  шешім  қабылдайтын  көрсеткіштер  ғана 
анықталатын  көрсеткіштер  болып  табылады.  Бүл  келесі  негізгі 
принциптерді қолдана отырып жасалынады: 
193 
13-6313 

бағалық  -  көрсеткіштің  салмақтылығы,  сол  көрсеткіштің  бар  бо-  луын 
қамтамасыз етуге қажетті шығындарға пропорционал болып қабылданады; 
эвристикалық  (эксперттік)  -  көрсеткіштердің  салмақтылығы  ма- 
мандардан сараптап сүрау негізінде анықталынады; 
эксперименталдық - салмағы бағаланатын көрсеткіштің эталондық мәнге 
жақындау дәрежесінің орташа мәніне пропорционал болып қабылданады; 
қиыстырылган  -  әртүрлі  принциптерді  қолдана  отырып  алынған 
салмақтылықтардың қүрамаларын қолдану болып табылады. 
Тәжірибе жүзінде көбінесе өнімнің сапа көрсеткіштерінің салмақ- тылық 
коэффициенттерін анықтаудың эксперттік әдісі қолданылады. 
Сапаның салмақтылық көрсеткіштер коэффициентін эксперттік бағалау 
келесі  негізгі  және  бірізді  орындалатын  жүмыстардың  саты-  ларынан 
түрады:  эксперттер  топтарын  қалыптастыру,  сүрауын  дай-  ындау,  сүрау 
жүргізу,  бағалауды  өңдеу,  алынған  нәтижелерін  талдау.  Эксперттер 
топтарын  қалыптастырудың  маңызы  -  бағаланатын  өнімді  жасауда  және 
түтынуда жоғары біліктілігі бар мамандарды таңдап алу, эксперттер сүрауын 
дайындаудың  маңызы  -  талқыланылатын  сүрақтың  мәнін,  дайындау  әдісі 
мен  есеп  берудің  дүрыс  безендірілуі  көрсетіліп  жазылған,  арнайы  сүрау 
қағаздарын немесе анкеталарды қүрастыру болып табылады. 
Эксперттерге  сүрау  жүргізу  оларға  анкеталарды  тарату  және  жауап- 
тарды алу сырттай орындалады. 
Әдетте  эксперттер  сапа  көрсеткіштеріне  рангтік  баға  береді:  ең  негізгі 
көрсеткішті  К=1  деп  белгіленеді,  ал  аса  маңызды  емес  көрсеткішті  К=  п 
рангімен белгіленеді, мүнда п- көрсеткіштер саны. 
Егер  эксперт  бірнеше  көрсеткіштерді  тең  мәнді  деп  санаса,  онда  оларға 
бірдей  рангтер  беріледі,  олардың  қосындысы  бірізді  орналасқан  орындар 
қосындысына тең болуы тиіс. 
Әрбір эксперттің ранг суммасы түрақты және тең болады: 
X К = 0,5 п (п+1). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет