238
ды. Драпталу қасиеті жақсы жеңіл үлбір алу үшін, негізгі жүйеге
синтетикалық
жіптер
пайдаланылады.
Түкті
вискоза,
ацетаттық,
синтетикалық талшықтардан және синтетикалық талшықтардың жа- санды
талшықтармен қосындысынан жасайды. Түктің биіктігі 6-10 мм және одан
да артық, 1м
2
үлбірдің салмағы 350-750 г. Маталы үлбірлер басқа жасанды
үлбірлермен салыстырғанда түкті қысқа және астарлық материалы ретінде
тиімді қолданылады. Бүл үлбірдің түктері синтетикалық (лавсан, капрон
және нитрон), жасанды (вискозды, аце- татты) талшықтармен өңделеді.
Маталы жасанды үлбірдің ассортименттері келесі үлбір түрлерімен
көрсетілген: түк ретінде алдын ала буланған бүралған жүнді тоқыма
қолданылады. Табиғи қаракөл елтіріге үқсату үшін түкті жабынға
қүлпырмалылық беретін арнайы өңделген қаракөлді қолданылады.
Аюдың бір бағытта жатқызылған немесе бүйраланған үзын түгі бар.
Жіптің түкті жүйесі ешкі жүнінен немесе синтетикалық талшықтан
алынады.
Елтірі - иірілген жүннен тоқу арқылы өндіріледі. Белгілі бір әсерді қүру
үшін түкті бүйраға үқсатады.
Тюлень - тоқылатын жібектен өте тығыз иірілген жүнмен ілмектескен
матасы. Түгінің биіктігі 3-5 мм. Кейде түк есебінде ешкі терісі қолданылады.
Көр тышқан (крот) тышқан терісіне үқсас етіп бастырып сурет салынған
және жасанды қысқа түктермен толтырылған мата.
Теңіз мысығы жасанды талшықтан алынған түкті мата, түгі аса биік
және жылтыр.
Цигейка жүні вискозды штапелді талшықтан 150 % қоспасынан алынған
мата, түгі салыстырмалы биік, ақ, сүр, қоңыр және қара түсті.
Кәмшат тоқылатын табиғи жібектен алынған түкті мата, жүмсак
жылтырақ және үзын түкті.
Қой терісі немесе бүзау терісі арнайы әрлеумен әр түрлі бағытта
жатқызылған қысқа түкті мата.
8.6.1.
Тоқыма жасанды үлбірі
Қазіргі уақыттағы тоқыма жасанды үлбірі, қүрамы табиғи үлбірге
үқсағандықтан кең тарау алды және маталы жасанды үлбіріне қарағанда
бағалы сапаға ие. Тоқыма негіздегіжасанды үлбірлердіңгрунты негізінде
мақта қағазды тоқымадан түзілген тоқыма төсеме қолданылады, ал түктері
синтетикалық талшықтардан өндіріледі. Тоқыманың сирек қүрылымы аз
салмақты, жақсы қалыптасуын қамтамасыз етіп, бірақ біруақытта түгінің
бекітілу беріктігін төмендетеді, сондықтан тоқыма негіздегі жасанды
үлбірлерді міндетті түрде теріс бетінен тоқыма төсемесінде түктерді жақсы
бекітіп түратын латекстермен негіздейді.
239
Синтетикалық талшықтар мұндай үлбірдің әдемі сыртқы түрін көр- сетеді.
Қазіргі уақытта тоқыма негіздегі жасанды үлбірлерді өндіру мүмкіндігі
өте мол және оның ассортименттері үздіксіз кеңеюде. Қазіргі
технологияның дамуына байланысты түктерінің биіктігі әр түрлі жасанды
үлбір түрлерін алуға болады.
Тоқыма негізді үлбірдің созылмалылығы өте жоғары, сондықтан киімді
тігу технологиясын жетілдіру кезінде және үлгілеуде оны еске- ру қажет.
Киімнің созылатын бөліктерінде, бұйымды кию кезінде со- зылудан және
деформацияланудан сақтайтын тесьма немесе жиектеме салу керек.
Тоқыма үлбірінің грунтты мақта мата жіптер және негізмделген үлбір
бөзі үлкен өзгеріске ұшырағандықтан, бұл бұйымның сыртқы түрін
нашарлатады. Бұл жасанды үлбірдің кемшілігі сәйкес әрлеуге жіберілмесе
байқалуы мүмкін.
Тоқыма үлбір бұйымы әрдайым өте жоғары ауа өткізгішті болады. Сол
үшін киімді жобалау кезінде желден қорғағыш астар аралықты қарастыру
қажет, астарлық ретінде жылытқыштар немесе аса үлкен емес ауа өткізгішті
астарлар қолданылады. Тоқыма үлбірінің аса маңызды қасиеті, олардың
жоғарғы бу өткізгіштігі болып табылады.
Қара күзен - полиакрилнитрилді талшықтардың варена және дай- неля
(50%) қоспасынан алынған түкті тоқыма үлбірі, түк биіктігі 12-16 мм.
Минк - орлон және дайнел қоспасынан алынған түкті тоқыма үлбірі.
Тоқыма үлбір әр түрлі түкті болуы мүмкін, әр түрінде 12-20 мм
аралығында тербеледі. 1м
2
бұл үлбір салмағы 550-850 г аралығында.
Тоқыма негізді жасанды үлбір алуан түрлі әрлеуге ұшырайды. Олар ақ,
қара, сұр, сары, көгілдір, қоңыр және басқа түсте, сондай ақ су- ретпен,
аэрографты бояуымен немесе трафаретті толтырылған болуы мүмкін.
8.6.2.
Желімдік жасанды үлбірі.
Жасанды үлбір ассортиментінің ішінде екі желімдік үлбір түрі бар:
жасанды қаракөл және жасанды елтірі, оларды арнайы қаракөл жасай- тын
машинада алады. Машинада грунтты матаға әдетте бөзге, қаракөлді
бұйрасына ұқсатып үздіксіз жіп түрінде шашақтарын жатықтырып,
желімдейді. Шашақ жіп - жіптер арасында капронды талшықтар
бұйраланған мақта қағазды тоқыма. Елтірі үшін шашақ жіпті капрон- ды,
вискозды немесе басқа талшықтардан алады, нәтижесінде елтірінің түгі аса
қопсыған немесе табиғи елтіріге өте ұқсас болып шығады.
Тоқыма үлбірінің және жасанды қаракөлдің қасиеттері жөніндегі кейбір
көрсеткіштер 8.5- кестеде көрсетілген.
240
Жасанды үлбір түктерінің бекітілуі өте берік, үзілуге беріктігі жоғары
болады, қойдан жасалған цигейканың былғары өзеңі өте қалың.
Бүл үлбірдің түрлері сары және қара болып өндіріледі. Елтіріге кейде
аэрографты сурет жағылады. 1м^ салмағы 1200г жетеді. Бүл жа- санды үлбір
түрлерінің салмағын біршама ауырлатады.
8.6.3.
Жасанды үлбірдің қасиеттері.
Өз кезеңінде жеңілдетіп, не ауырлататын алдымен киім салмағына әсер
ететін жасанды үлбір салмағымен ерекшеленетінін ескеру ке- рек. Үлбірдің
салмағынан және оның ауа өткізгіштігінен қорыта келе, сәйкес жылу
сақтайтын, желден қорғайтын астарлар тандау керек. Егер табиғи цигейканы
тоқыма негізді үлбірмен және үлпекті салыстырса, онда 1м2 табиғи
цигейкалық үлбірдің салмағы 707 г, тоқыма үлбірдікі 763г, желімделген
жасанды қаракөл 1089г.
Кесте 8.5 - Жасанды үлбірдің физико-механикалық қасиеттері.
Көрсеткіштер
Жасанды қаракөл
Тоқыма үлбірі
Табиғи үлбір
1
2
3
4
Түктің беріктігі, Н
Үзілуге, Н
3,5
5,9
2,8
Бойлық
30,4
23,7
75,6
Көлденең
19,9
23,7
75,6
Үзілу кезіндегі
5,2
63,4
54,0
үзаруы, %
Бойлық
Көлденең
13,3
80,8
54,0
Грунтының
0,49
0,44
0,32
ауыспалы
коэффициенті
Бойлық
Көлденең
0,45
0,36
0,32
Ауа өткізгіштігі;
м/мин м
0,126
21,9
0,167
Бу өткізгіштігі, г/
см ч
0,0021
0,0382
0,078
5 минуттық
жаңбыр кезінде су
өткізгіштігі, г
жоқ
214
жоқ
241
16-6313
1
2
3
4
Жаңбыр
кезінде
ылғалдануы
154,7
316
4,3
Түктің
қажалуы
(Абразив айналым
саны)
7031
21314
9879
Желімделген жасанды үлбірінің ауа және бу өткізгіштігі өте төмен. Осы
материалдардан жасалған өнімдердің гигиеналық қасиеттері айтарлықтай
төмендейді. Бүл жағдайды киімді үлгілеу кезінде еске- ру қажет. Мүндай
материалдардан жасалған киімдерді үзақ қолдануға болмайды.
Жасанды үлбірлер, әсіресе тоқыма үлбірі түк (орлоннан жасалған) оның
тозуға төзімділігін көрсететін қажалу беріктігіне ие. Сонымен бірге
ескеретін нәрсе, синтетикалық талшықтардан, түктен жасалған жасанды
үлбірлерде пиллинг түрі түзілуі мүмкін. Ол бүйымның сыртқы түрін
нашарлатып және оның жылу сақтағыш қасиетін төмендетеді.
242
9-БӨЛІМ
КИІМ БӨЛШЕКТЕРІН БІРІКТІРУГЕ АРНАЛҒАН
МАТЕРИАЛДАР
9.1. ТІГІН ЖІПТЕРІ
Бүйымдарды тігу технологиясында және киімдерді жөндеуде олардың
бөлшектерін біріктіру үшін тігін жіптері қолданылады. Жіптердің сапасына
және ассортиментіне ерекше көңіл бөлінеді. Киімді тігу және кию кезінде
тігін жіптері физика-механикалық және физика-химиялық әсерлердің
нәтижесінде қүрылымдық өзгерістерге үшырайды. Сондықтан, тігін жіптері
технологиялық және түтыну та- лаптарына сәйкес болуы керек. Тігін жіптері
созылуға беріктігі жоғары, белгілі бір үзару көрсеткіштің бірі және осы
көрсеткіштері бойынша біркелкі болуы қажет.
Киім бөлшектерін біріктіріп, машинамен тіккенде 2 - ширатпалы тігін
жіптері қолданылады, жіптердің үзілуіне ширату бағыты көп әсер етеді.
Тігін өндірісіндегі машиналардың бас білігі 3500 мин
1
айналу жиілігімен
жүмыс жасайтын болғандықтан және үйкеліс нәтижесінде инелер 300-400
0
С
дейін қызатындықтан, тігін жіптері жылуға төзімді болуы керек.
Тігін жіптері киім бөлшектерінің берік біріктіруі, тігіс түрін жақсы
көрсетуі, ылғал-жылумен өңдегенде өлшемдерін өзгертпейді.
Талшық қүрамы бойынша тігін жіптері мақта, зығыр, жібек және
химиялық жіптер болып шығарылады.
Тігін жіптері киімнің жеке бөлшектерін біріктіруге арналған негізгі
материал және әрлеуіш материал ретінде қолданылады. Мақтадан.
зығырдан, жібектен синтетикалық және штапельді жіптер жасап
шығарылады. Өндірістегі жалпы жіптердің көлемінің 80 % мақтадан
жасалған жіптер. Зығыр жіптері арнайы тапсырыстарды орындауға және
қалың брезентті сырып тігуге қолданылады. Синтетикалық тігін жіптері
қазіргі уақытта кең қолданылып, жиынтығы кеңейіп, сапасы жақсара түсті.
Жіптердің үйкелу, созылу, тарқатылу, оралу әсерінен тігімнің жа- салу
үдерісінде тігін жібінің қүрылымы, беріктігі жоғарылап, сапасы
жақсартылды.
9.1.1.
Мақтадан жасалған жіптер
Мақтадан жасалған тігін жіптері жоғары сапалы иірілген тарақтық
жіптерден жасалынады, 2, 3, 4, 6, 9 және 12 қүрамдағы жіптер
243
өндіріледі. Тігін өндірісінде көбінесе 3, 6 құрамдағы жіптер кеңінен
қолданылады.
Тігін жіптің дайындалу технологиялық үдерісі келесі қатардан тұрады: -
біріктіру - негізгі иірімжіптің екі немесе үш жібінің біріктірілуі (тарақты
немесе кардалы); - 8 және 2 бағытына ширату, қайнату, бояу (қара немесе
басқа түске) немесе ағарту, әлсіз жылтырды беруге арналған күңгірт (жұқа
қабыршақты парафинмен немесе балау- ызбен өңделеді) және күшті жылтыр
беруге арналған жылтыр өңдеулер (крахмалды аппретпен қапталған)
үдерістері жүргізіледі.
Жіптің соңғы ширатпасы алдыңғы ширатпаға қарама-қарсы бағытталған
болады, ол 9.1суретте көрсетілген. Тігін жіптерінің түрлері 9.2-суретте
көрсетілген. Бұл жіптің құрылымы тұрақты және бүтін, 2, 3 құрамдағы (9.2
сурет, а) негізгі жіптің соңғы ширатпасымен алынған бір ширатпалы жіп, 2
немесе 3 құрамдағы (9.2 сурет,б) негізгі жіптің алдыңғы ширатпасынан
алынған екі ширатпалы жіп, 2, 3 немесе 4 құрамдағы осы жіптердің соңғы
ширапасынан алынған жіп болып бөлінеді, ол 9.2 суретте берілген.
Сурет 9.1. Әртүрлі бағытта ширатылған тігін жібінің құрылымы
Сурет 9.2. Тігін жіптерінің түрлері
244
Тігін бұйымдарының бөлшектерін жіппен уақытша біріктіру (көктелген,
айналдыра көктелген және басқа үдерістер) үшін 15,4 х3 тек- стен 37^3
текске дейінгі сызықтық тығыздықта ширатылған мақтадан жасалған
иірімжіп қолданылады. Дайын жіптер айқастырылған орама- мен иіршікте,
екі фланцелі орамада жіберіледі.
Тігін жіптері қабатына байланысты келесі саудалық нөмірлерді
қолданады: 10, 20, 30, 40, 50, 60, 80, 100 және 120. Саудалық нөмір метрлік
нөмірге сәйкес келмейді, бұл жіптің жуандығын сипаттай- тын, шартты
нөмір. Тігін жіптерінің нөмірі және инені таңдау тігілетін матаның
қалыңдығы мен өңделуіне, атқарылатын жұмыстың сипатына байланысты
болады.
Ширату - жіптердің жуандығын тегістеп, мықтылығын арттыру
мақсатында оларды бұрау. Ширатылған жіптің беті тегіс болуы үшін оны
ширату үдерісінің алдында ылғалдайды. Үш қабат жіп жасағанда жіптерді
қабаттаған соң жіпті иіріміне қарсы бағытта ширатылады. Алты қабат жіп
алу үшін жіптерді алдымен екі-екіден ширатады, содан кейін ширатылған
үш жіпті алып, жіптің иіріміне қарсы бағытта ши- ратады. Жіпті иіру мен
жіптердің ширатылуы қарама-қарсы бағытта болуы шарт.
Тігін жіптерін өңдеуге қайнату, ағарту, бояу, аппреттеу және жыл-
тырату операциялары қолданылады.
Қайнату-жіптерді қысыммен сілтілік ортада беттік активтік зат- тармен
қайнату арқылы жіптердің бойындағы өсімдік қалдықтарынан және
майлағыш заттардың қалдықтарынан арылту.
Ағарту-ақ немесе түсті жіптерді алу үшін бояу алдында жүргізіледі,
жіптерді натрий гипохлоритімен ағартады.
Тігін жіптерін тікелей бояғыштармен бояп, ДЦУ, ДЦМ препа-
раттармен бояуын бекітеді, тағыда кубтық бояғыштар мен бояулары
қолданылады.
Тігін жіптері күңгірт немесе жұмсақ өңді жылтыр және арнайы
тапсырыспен қатты өңделген жылтыр түрінде шығарылады. Күңгірт
жіптердің жылтыры көмескі, себебі олар парафиннің жұқа қабаты не- месе
ептеп крахмал қосылған түссіз май жағылады. Жылтыр жіптер крахмал,
негіздік заттар, балауыз, стеарин бар құраммен аппреттеледі, содан кейін тез
айналатын шөткелі барабанда жылтырлатылады. Дөрекі өңделген жылтыр
жіп алу үшін аппреттеліп, өңдеуде крахмал мөлшерін көбейту керек.
Дайын жіптерді іріктейді, айқаспа ораммен иіршік алу үшін ораушқа,
гильзаға түсіреді. Сауда жүйелеріне келіп түсетін ағаш орауыштарға
түсірілген жіптердің ұзындығы 200 м, ал тігін өндірісіне түсетін
иіршіктердегі жіптердің ұзындығы 400, 500, 1000, 2500 және 6000 м.
Тігін өнеркәсібінде пайдаланылатын мақта тігін жіптерінің жіктелуі
қабат санына, жуандығына, өңделу сипатына, бояуына қарай жүргізіледі.
245
Өңдеу сипатына байланысты тігін жіптері күңгірт жіп, жүмсақ өңдеген
жылтыр жіп және қатты өңделген жылтыр жіп болып бөлінеді. Бояуы
жағынан өңделмеген жіптер ақ, қара және түрлі-түсті болып келеді.
Тігін жіптерінің сапасы тегістігі, созылғыштығы, мықтылығы,
серпімділігі және бояуының тиянақтылығы, ширатпасының тепе- теңдігі
және сырт көрінісінің ақауы бойынша сипатталады.
Тігін жіптерінің созу үдерісіндегі мықтылығы олардың негізгі сапалық
көрсеткіші болып табылады және бүл көрсеткіш динамометр аспабында
анықталады. Органолептикалық тәсілмен анықтағанда үзындығы 0,5 м тігін
жібінің үлгісін қолмен тартып үзеді. Бүлай тартқанда мықты жіп серпіледі,
ал үзу үшін көп күшті керек етеді. Жіптердің мықтылығына қабаттың саны,
ағарту үдерісі, бояу және аппреттеліп өңделу әсер етеді. Өңделмеген және ақ
жіптердің қара және түрлі-түсті жіптерге қарағанда мықтылығы жоғары
болады. Күңгірт жіптерге қарағанда жылтыр жіптер мықты келеді.
Шыдайтын күшке қарай 3 қабат жіптер «экстра» және «прима» маркаларына
бөлінеді. «Экстра» маркасының жіптері мықтылау және 3 қабат жіптерге
қарағанда алты қабат жіптердің мықтылығы жоғары. Олардың түрі біреу-
«Арнайы». Қабат саны мен мықтылығына байланысты жіптердің
орауыштары, гильзалары және иіршіктерінің этикеткаларының түсі әр түрлі.
3 қабат «Экстра» маркалы жіптің этикеткасы қоңыр, «Прима» маркасыныкі
жасыл болып келеді.
Жіптердің созылғыштығы олардың нөміріне, қабат санына, шира-
тылуына, өңделу сипатына байланысты, 3- 8,5%.
Ширату тігін машинасында тігіс қүрау үдерісіне әсерін тигізеді. Тігін
жіптері оң (2) және сол (8) ширатпа болып бөлінеді. ОЗЛМ 97 кл. тігін
машинасы мен ОЗЛМ 797 кл. машинасына тек қана оң ши- ратпа жібі
қолданылады. Бүл машиналардың жіптартқышы айналып түратындықтан
сол ширатпа жіптер бүл машиналарда тарқатылып кетеді. Ширатпа мен
қабат саны тігін жіптерінің үлгісін ширатпа өлшеуіште тарқату арқылы
бірден анықталады. Ширатпаның теңдігі үзындығы 1м артық ілмектің
айналуынан түрады. Егер ілмектің айна- луы алтыдан аспаса, теңдігі жақсы
деп есептелінеді. Нашар теңдескен жіптер ілмектеліп, бүралып, тіккенде
аттап, үзілгіш болып келеді.
Тегістік - жіптің жуандығы, мықтылығы, созылғыштығы, салмағы
жағынан бір қалыпты болуы. Мықтылығы бойынша бірқалыптылықтан
ауытқу 6-8,5%, ал салмағы бойынша 3% аспауы керек.
Сырт көрінісінің ақауына байланысты тігін жіптері I- II болып екі сортқа
бөлінеді. Жіптің сыртын анықтау үшін 100 орауышты не- месе 100 иіршікті
қолдану керек. Әр 100 ораудан 200 м жіп алынады. Стандартқа сәйкес әр
байқалған ақау тиісті мөлшердегі айып бағамен бағаланады. Барлық
байқалған ақаулардың салдары жиынтығын әр сорт үшін балл
нормаларымен салыстырады. І-сортты ақ жіптер үшін
246
50 балл, өңделмеген қара және түрлі-түсті жіптер үшін 40 баллға дейін
болады.
Өңделуіне қарамастан ІІ сортты тігін жіптері үшін 120 баллға дейін
рұқсат беріледі. Бір орамада әр нөмірлі жіптердің, бояуының жолақты
болуы, түктелініп тұруы, айналып тұратын бос орамдары, орамның түсіп
кетуінен шатасуы, оралымдағы қатарлардың қалып қалуы жіберілмейді.
9.1.2.
Жібектен жасалған жіптер
Жібек жіптер екі қайтара ширату арқылы шикі жібектен алынады.
Бірінші шикі жібектің бірнеше жібін біріктіріп ширатады, содан кейін
ширатылған үш жіпті біріктіріп, бірінші ширатпаға қарсы бағытқа
ширатады. Өңдеу үдерісінде жібек жіптер қайнатылады және әр түрлі түске
боялады. Бұл жіптер (тігін жібегі) шығарылатын тігін жіптерінің жалпы
көлемінің 1% алынады.
Жібек жіптердің саудалық нөмірлері: 75, 65, 33, 18 және 13, ал жіптердің
метрикалық нөмірі саудалық нөмірден төмен болады. Жұқа маталардан киім
тіккенде байланыстыратын тігіс үшін N° 75, 65 және 33 тігін жіптерін
қолданады. №18 және 13 жіптер түйме тесігін машинамен торлағанда және
әр түрлі матадан тігілген киімге сәнді тігістер жүргізу үшін пайдаланады.
Табиғи жібектен алынған тігін жібі қалыңдығына байланысты келесі шартты
нөмірлермен (саудалық) белгіленеді: 9 (111,1 текс), 13 (74 текс), 18 (57,5
текс), 33 (31 текс), 65 (17,4 текс). Жібек жіптерді 100, 200, 500, 700 және
1300 метр үзындықты орама- мен, иіршікпен, картон патрондарымен,
орамамен шығарады. Картон патрондардағы № 75 және 65 жіптердің
үзындығы 100 және 200 м, ал № 33-50 жіптердікі 100 м болады.
Жібек жіптерде сырт көрінісін бүзатын, мықтылығын төмендететін
болмауға тиіс ақаулар: ширатпадағы түйіндер, жамау жіп, майланған,
ластанған жіп, боялмай қалған, әр түсті жіптер.
Жібек вискоза жіптері вискозадан алынады, түйме тесігін машина- мен
торлау үшін пайдаланылады. Вискоза жіптер таза жібек жіптеріне үқсас екі
қайтара ширатылады, соңғысы үш қабатталады, сондай-ақ жіптер әр түрлі
түске боялады, 50-100 м ораммен шығарылады. Жібек жіптері иіршікте (25г
бойынша), орамада (300г), патронда (50,100 және 200 м бойынша) және
орауышта шығарылады.
Түйме тесігін қолмен торлағанда, түйме таққанда, сәндік тігістерді
жүргізгенде ширатылған жуан таза жібек жіптері - № 3 және 7 гарус
пайдаланылады. Гарустың сызықтық тығыздығы 333 немесе 143 текс және
90 шикі жібек жіптерден түрады. Гарусты түрлі түспен 8-50 м орамамен
шығарады.
Штапельді полиноздық талшықтардан жасалған жібек жіптер жүмсақ,
жылтыр, қүрғақ - дымқыл күйлерінде мықтылығы жоғары
247
(вискоза жіптерімен салыстырғанда), жуғанда төзімді, құрғақ кезінде ұзаруы
(8-10%) және дымқыл кезіндегі ұзаруы (10-12%) көп болмайды. Жылуға
төзімділігінің жоғары болуына байланысты полиноз жіптерді қолданғанда,
тігін машинасының жұмыс жылдамдығы шектелмейді. Мықтылығы
жағынан полиноз жіптері мақта жіптерінен төмен.
Киімнің барлық бөлшектерін тігуде мақта жібінің орнына полиноз
жіптерін пайдалануға болады.
9.1.3.
Синтетикалық жіптер
Химиялық талшықтан жасалатын жіптерді шығарудың арқасында тігін
өнеркәсібінде қолданылатын жіптердің ассортименті жыл сайын кеңейіп
келеді. Әсіресе, синтетикалық жіптер кең қолданылуда, себебі таза
талшықты жіптерге қарағанда олардың кейбір қасиеттерінің артықшылығы
бар, синтетикалық жіптер созуға және үйкеліске мықты, шамалы апшиды,
сәулелі ауа-райына, тотыққанға, химиялық реактивтердің әсеріне төзімді.
Синтетикалық жіптердің ішінде құрама капрон және лавсан жіптері кең
қолданылады. Сонымен қатар, капрон, лавсан өзекшелі, қаңқалы жіптер
және таслан типтес текстурленген жіптер шығарылады.
Құрама талшықты лавсан және капрон синтетикалық жіптерін шығару
үдерісіне қабаттау, ширату, қайнату, ағарту, бояу және өңдеу операциялары
жатады. Силикондық препараттармен және акрилдық эмульсия мен
антистатикпен өңдеу арқылы жіптердің жылуға шыдамдылық қасиетін
арттырады.
Құрылымын өзгертіп және өңдеуін жетілдіру арқылы синтетикалық
жіптердің қасиетін жақсартуға болады.
Капрон жіптердің созғанда мықтылығы таза жібек немесе мақта
жіптерге қарағанда 1,5-2 есе артық. Барлық белгілі тігін жіптерге қарағанда
синтетикалық жіптер үйкеліске тозбайды, сондықтан оларды түйме тесігін
торлағанға пайдаланады. Капрон жіптердің жұмсақтығы тіккенде жіптердің
ілмектелуіне теріс әсер етіп, тігістің тартылуына себеп болады, ал жылуға
төзімділік қасиетінің төмендігі, оларды пай- далану саласын азайтады.
Капрон жіптерін пайдаланып, дайындалған бұйымдарды ылғалды жылумен
өңдегенде - оларды үтіктеп немесе престеу бетінің температурасы 160С
аспауын және басу уақыты 30 секундтан аспауы керек екенін білу керек.
Температураны фланель са- лып үтіктегенде 5° С, бортовка салып
үтіктегенде 10° С жоғарылатуға болады.
Капрон жіптер бұйымды синтетикалық материалдардан дайын- дауда
көп қолданылады. 9.1- кестеде капрон жіптерді пайдаланудағы мәліметтер
берілген. Капрон жіптердің қасиетін зерттеудің нәтижесінде оларды жылуға
төзімді амидтік жіптермен алмастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |