Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет72/142
Дата23.05.2022
өлшемі2,09 Mb.
#35435
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   142
Жоғарғы сыныптарда жобалау әрекеті оқу барысында 
ӛзінің мінез–құлқын реттеу, ӛзіндік әрекетін басқару 
құралына айналады. Оқушылар жобалау әрекеті арқылы 
жоғары сыныпта ӛзінің білім алу траекториясын таңдауға 
жауапкершілікпен, саналы түрде келуіне жағдай жасайды 
және ӛзінің оқу әрекеттері мен әлеуметтік қызметтерін 
басқаруға қабілеттілігіне айналады. 
Жоғары сынып оқушылары үшін жобалау әрекеті 
қызметтік рӛл де атқарады, яғни, оқушылар жобаны жүзеге 
асыруда қалыптасқан тәжірибелері мен қабілеттерін оқу 
әрекетінде, қарым–қатынаста, ақпаратпен жұмыс жасауда, 
мәселені шешуде, шешім қабылдауда пайдалана алады. Бірақ 
бұлар негізінен оқу үдерісінде ғана қолданылады. 
Жобалау субъектісі және объектісі ұғымдары. 
Субъект ұғымына келсек, мысалы, біреуді субъект атанды, 
субьект болады деуге болмайды. Субъектілік–адамның 
сипаттамасы емес, ол оның іс-әрекетінің, ӛз әрекеті иесі 
екендігінің сипаттамасы. Егер адам ӛз бетімен, еркін 
әрекеттер орындау үстінде болса, осы жерде ол субъектілік 


202 
әрекет иесі. Осыған орай, субъектіліктің орнын, субъектілік 
жағдайын белгілеуге болады. 
Жобалау әрекетіндегі субъект ұғымы әрекет 
теориясы негізінде қарастырылуы тиіс. Оны кеңінен 
талдамастан, тақырып шеңберінде тӛмендегідей қысқаша 
түсіндіруге болады. 
Біріншіден, әрекет субьектісі ӛзгеріп отырады. 
Оқытудағы жобалаудың бастамасында ондағы әрекеттердің 
субъектісі – педагог қана. Әрекет оқушыларға әлі берілген 
жоқ, ӛйткені, оқушы оны әзірше ӛзі құрастыра алмайды. 
Жобалауды ұйымдастырудың алғашқы кезеңінде 
оқушы ӛз бетіндік әрекеттерді ӛзі ұйымдастыру деңгейін әлі 
игермегендіктен бұл педагогтың субъектілігін талап етеді. 
Жобалау объектісі де ӛзгеріп отырады. Әрекет 
басында ол нақты белгіленеді, яғни мұғалім оқушыларға не 
істеу керек (мақсат), нені ӛзгерту, жасау (обьект) екенін 
анықтап береді. Одан әрі бұл элементтер нақтыланады, 
оқушылар сол объектіге қатысты мәліметтерді талдау, 
жағдайды бағалау арқылы күтілетін нәтижелерді одан әрі 
нақтылайды. Жоба субъектілігі де ӛзгере алады, бұл жерде 
екі жоба және екі субьект болатынын атап айту қажет 
болады. Біреуі-оқушылар жобасы, оның бастамасында 
балалар тек қатысушы ретінде болғанымен, одан әрі нақты 
әрекеттер орындау барысында жобалау субьектісі бола 
алады. Әр оқушыға жеке тапсырмалар беріліп, оның 
орындалуы оқушының ӛз тарапынан жүзеге асырылса, бұл – 
нақты оқушы субьектілігінің кӛрінісі. Ол тапсырма 
орындалмаса субъектілік жүзеге асырылмауы да мүмкін. 
Субъектілік жағдайды кеңейтуге, дамытуға да 
болады, ол жобаны жеке немесе топпен орындаудағы ӛз 
бетіндік 
әрекеттердің 
нығаюы, 
қалыптасуы 
жүзеге 
асырылады. Жобалау әрекетін топпен орындаудың маңызы 
зор, ӛйткені, топтың субъектілігі жоғары болады. Ӛйткені, 
жобаны орындауда жобаның субъектілігі ретінде топтың 
қолдауы ерекше рӛл атқарады.
Келесісі – педагогикалық (білім беру) жоба. Оның 
жобалау субъектісі әуел бастан педагог: педагог субъектілік 
болатын жағдайды жобалайды, педагог ӛз жобасын–
оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастыруды жүзеге 


203 
асырады, оқушылардың дамуын қамтамасыз ететін оқу 
жағдайын тудырады, басқарады. Жоғарыда кеңінен берілген 
екі жобаның объектілері де екі түрлі болады. 
Оқушы жобасында бұл–пәндік ситуация, сол 
ситуацияға байланысты жобалау мақсаты, әрекеттері, идеясы 
жүзеге асырылады. 
Ал, 
педагогикалық 
жобалаудың 
обьектісі– 
оқушылардың 
жобасы. 
Педагог 
бұл 
жағдайда 
ұйымдастырушылық қызмет атқарады. Айта кету керек, 
оқушылар жобасының кӛлеміне қарай педагогикалық 
басқару бір педагог шеңберінен шығып, мектепшілік 
қолдауды қажет етуі мүмкін. Мысалы, сабақ кестесін 
ӛзгерту, аудиториялар мен класс кеңістіктерін бӛлу, 
ақпараттық ресурстардың қолжетілімділігін ұйымдастыру 
т.б. Ол жағдайда жобаның субъектілері–тұтас команда, 
педагогикалық ұжым да бола алады. 
 Жобалау әрекеті және оқыту мазмұны. Жобалау 
әрекетін оқыту мазмұнына сәйкестендіре жүргізу–мектеп 
әдістемесіндегі жаңа тұрғы. Ӛйткені, білім беру мазмұны ӛз 
заңдылығы бойынша жылдар бойында қалыптасқан тұтас 
білім беру жүйесінің маңызды бір компоненті. Мазмұндық 
компоненті ретінде ол оқыту әдістемесі, білім беруді 
ұйымдастыру кеңістігі мен уақыты, оқулықтар мен 
бағдарламалар, басқару мен қадағалау сияқты басқа да 
элементтермен үйлестіріліп, реттеліп отыратын тұтас 
құрылым немесе жүйеге қызмет етеді. 
Сондықтан, білім беру мазмұнына ӛзгеріс ендіру 
білім беру жүйесінің барлық компоненттерін ӛзгертуді қажет 
етеді. Бұған қоса білім беруді басқару жүйесі, педагогтарды 
даярлау және қайта даярлау жүйесі құрылымдары да бұл 
жағдайда бұрынғы күйінде қала алмайды. 
Бүгінгі білім беруге қойылатын жаңа талаптар 
оның мазмұнына ӛзгерістер ендіру қажеттігін тудырып 
отырғаны белгілі. 
Барлығымызға белгілі, қазіргі білім пәндік 
принциппен құрылған, атап айтқанда, белгілі бір пәннің 
ғылыми–теориясы 
негізге 
алынып, 
ол 
мектеп 
бағдарламасына енгізілген. Оқушылар мектептен әр пәннің 


204 
ғылыми негізін игеріп, ӛз таңдаулары бойынша одан әрі 
тереңірек, кеңірек білуге мүмкіндік алады. 
Оқушының игеретін білімі оқулықтарда негізінен 
теориялық, білімдік тұрғыдан құрылып, алған білімдерін 
пайдаға асыру жолдарына берілетін уақыт шектеулі болып 
келеді. Мысалы, физика сабағынан ток ӛткізгіштік 
теориялары мен формулаларын ӛте жақсы игерген оқушы 
сол білімі негізінде радиоқабылдағыштарды қандай жағдай 
алады деу қиын. Яғни, оқушылар «таза» білім алады: газ 
туралы біледі, элементтер қасиеттерін игереді, атмосфералық 
қысымның ережелерін жатқа айта алады, текстерді 
жаттайды, физикадағы заңдарды жақсы біледі, т.б.
Жобалау 
әрекетінің 
білімдік 
тұрғыдағы 
әдістемелерден айырмашылығы сол, оның барысында 
оқушылар алған білімдерін тәжірибеде пайдаланады, яғни, 
білім алу, жатқа білу – мақсат емес, теориялық білім жобалау 
әрекетін жүргізудің құрамына айналады. 
Сол себепті, жобалау әрекетін ұйымдастыру үшін 
білім мазмұны практикалық жұмысты ұйымдастыруға құрал 
ретінде қарастырылуы тиіс. Бұл ӛз кезегінде сыныптың – 
сабақтың оқыту жүйесіне де, оқулықтар мен бағдарламаға да, 
оқушылар мен мұғалімдердің ӛзара қарым–қатынасы да, 
бағалау мен бақылауға да, басқару жүйесіне де ӛзгерістер 
енгізуді қажет етеді. 
Шынайы ӛмірдегі қалыптасқан жағдайды біле 
отырып, дәл бүгін осы ӛзгерістер бола қалады дей алмаймыз, 
ӛйткені, білім мазмұны стандарттар арқылы ендіріледі, ал 
елімізде 
12–жылдық 
білім 
берудің 
құзыреттілікке 
бағытталған нәтижелерін кӛздейтін жаңа стандарттар 2015 
жылдары дайын болады деп күтілуде. 
Біз жарқын болашақтың келетініне сене отырып, 
дәл бүгінгі таңдағы білім мазмұны негізінде жобалау 
әрекетін ұйымдастырудың екі бағытын талдаймыз. 
Біріншісі, мектептерде негізге алынып жүрген 
оқыту 
бағдарламаларының 
ішінен 
оқушылардың 
зерттеушілігін еркін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін 
тақырыптар таңдай білу. Яғни, жоба арқылы жүргізуге 
мүмкіндік 
беретін 
ауылдың, 
ауданның, 
қаланың 
ландшафттың картасын жасау немесе аудан, ауыл 


205 
мақтанышы 
(адам, 
табиғат 
немесе 
ғимарат, 
т.б.) 
тақырыптарындағы жобалар пәндік мәселелерді шешумен 
қатар, оқушылардың сабақтағы игерген біліміне қоса 
(ландшафт туралы теория, карта туралы ұғымдар, шартты 
белгілер, ӛз ойын жаза білу, мәтін құру т.б.) ӛзіндік қажетті 
коммуникативтік, 
ақпараттық, 
т.б. 
қабілеттерін 
қалыптастыруға негіз болады. 
Келесі бағыт–жобалаудың тұтас құрылымын 
орындауды мақсат етіп қоймастан, жобалауға тән – 
қалыптасқан жағдайды талдау, шағын тапсырмалар беру 
арқылы жаңа ақпаратты ӛз бетімен игеруге қызығушылық 
туғызу т.б. Яғни, бұл жерде тұтас жоба жасау 
маңыздылығынан гӛрі, оқушының әрекетін ұйымдастыруға 
еркін кеңістік беру маңыздылығына кӛңіл аударылады. 
Оқушы берілген тапсырманы орындау барысында сабақта 
алған теориялық білімін тапсырманы орындау құралына 
айналғанда ғана оның тұлғалық дамуы жүзеге асырылады. 
Жоба шағын болуы мүмкін, бірақ ол біздің дәстүрлі 
түсініктегі жаттығу орындау, ереже жаттау емес. Жобаның 
ӛнімі қолмен ұстайтын, кӛрінетін де болмауы мүмкін, бірақ 
ол дәстүрлі сабақтан ерекше шығармашылық, еркіндік 
тұрғыдағы тапсырмалар болуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет