Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет73/142
Дата23.05.2022
өлшемі2,09 Mb.
#35435
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   142
Сыныптан тыс жобалар.  
Жоғарыда сӛз болған 
білім беру мазмұны логикасында қарайтын болсақ, 
жобалауды толыққанды орындау мүмкіндігі сыныптан тыс 
жұмыстарда мол болады. (Мысалы, әлеуметтік мәнді 
жобалар, тәжірибелік жобалар, т.б.) 
Бұл жерде кӛңіл аударарлық нәрсе–ондай 
жобалардың білім беру міндеттерін орындауға қаншалықты 
қатысты екені. Тереңге бармай, бір қарағанда сыныптан тыс 
жобалар білім беруге құрылмайды, олардың алатын ӛнімдері 
ӛзгешелеу. Атап айтқанда, оқушылар жоба барысында 
коммуникативтік қатынас, топпен бірге жұмыс істеу, 
әлеуметтік 
мәселелерді 
шешуге 
араласу 
дағдылары 
қалыптасады. Мектеп газетін құрастыру, спектакль қою, 
мектеп ауласының дизайнын жасау, т.б. жобалау ӛнімдерді 
де жасауға болады. Осыларға қарап, сыныптан тыс, 
мектептен тыс жобалау оңайырақ және жобалау талаптарына 
кӛбірек сай келеді деген пікір тууы да мүмкін. 


206 
Алайда, жобалауды тек тәрбие жұмысына ғана 
қатысты қарастыру оқушыларды білім беру мазмұнына 
қатысты жобаларға қарсы қоймауы тиіс. Оқушының пәндік 
білімін қолдануға мүмкіндік берілмесе, онда оқушының 
білім алуға қызығушылығы тӛмендейді, оның ӛз білімін 
дамыту мүмкіндігі шектеліп, адамның даму потенциалы 
азаяды. 
Жобалау 
және 
рефлексия. 
Джон 
Дьюидің 
еңбектерінде жобалау әдісінің негізі қаланып, оның 
«тәжірибе» ұғымы арқылы таратылғаны белгілі. Бұл ұғым 
мәнісі күрделі болғандықтан философиялық категорияға 
жатады және оған дәл анықтама беру де оңай емес. 
Қарапайым түсінікпен айтқанда, «тәжірибе» дегеніміз – бұл 
белгілі бір әрекет немесе құбылыс, оның нәтижесі одан әрі 
болатын іс - әрекеттер мен оқиғаларды дамытудың шарты 
болып табылады. Мысалы, кез келген адамның басында 
болатын жағдайлар ізсіз кетпейді, белгілі бір әсерін тигізеді, 
ал кейбірі адамның бір нәрсеге үйренуі, сезінуі сияқты 
эмоциялық іздер қалдырады. Сонда ғана ол адамның ӛз 
тәжірибесіне айналады.(Мысалы, адам сүрініп кетті, сол 
жерде қиналып, одан кейін жолдың басқа тегістеу жағымен 
әрі қарай кетті.) 
Дж. Дьюи түсіндірмесі бойынша адамның 
«тәжірибесі» барлық іс-әрекеттерінін әсері деуге болмайды, 
сондай-ақ, ол адамның бір нәрсемен танысуы, тоқталуы, 
талдау барысында қалыптасады. Бұл жердегі маңыздысы – 
тоқталу, назарын бӛлу, жағдайды талдау әрекеттері. 
Жобалау әрекеті оқушылардың практикалық 
жұмыстары сияқты ӛзіндік тәжірибе алуына негіз болады. 
Жоба ӛзінен-ӛзі тәжірибеге айналмайды. Жобалау тәжірибе 
алуға кепілдік бермейді, ӛйткені, ол рефлексия бола ма жоқ 
па, жобаға қатысушылар жобалық іс-әрекеттердің мән – 
маңызын жете түсініп те қамтамасыз ететіні белгісіз. 
Тәжірибе ретінде қалыптаспаған жоба ӛмірде болған оқиғаға 
ғана айналады. 
Тәжірибе алу үшін–рефлексия деп аталатын 
тоқталу, қайта қарау, оқиғаны, құбылысты түсіну 
әрекеттерінің жүйесі қажет. Рефлексия–тек ойлану әрекетіне 
қарағанда күрделірек. 


207 
Сондықтан, 
жобалау 
әрекеттеріне қосымша 
ретінде арнайы ұйымдастырылатын рефлексиялық сессия – 
жоба алдындағы, жоба барысындағы толқулар, т.б. 
жұмыстарды қажет етеді. 
«Рефлексия» ұғымы педагогикалық әрекеттерде 
соңғы жылдары қолданыла бастады. Бірақ олардың кӛбінде 
ойлану, еске түсіру ұғымдары ретінде түсіндіріледі. 
Рефлексия - әрекеттердің, оқиғаның болған ретін еске түсіру 
ғана емес, олай болу себебі мен мағынасын анықтау әрекеті. 
Ал, 
мағынаны 
түсіндірудің 
ӛзі 
түрліше 
болатындықтан, рефлексия да түрліше болады. Бұл жерде 
болып 
жатқан 
оқиғаға 
рефлексиялық 
кӛзқарасты 
қалыптастыру да маңызды. 
Жобалау әрекетіндегі рефлексиялық кӛзқарас сол 
жобаның негізгі мағынасын тани білуді қажет етеді. 
Жобаның негізгі мағынасын құрайтын элементтер – жобалау 
идеясы мен іске асыруының байланыстылығы немесе мақсат 
пен нәтиженің бірлігі. Бұл байланыстар іс-әрекет туралы 
шешім қабылдау, оны орындау құралдарын таңдау, жобалау 
кезеңдерін 
құру, 
топ 
ішінде 
міндеттерді 
бӛлісу 
жұмыстарынан 
тұрады. 
Осылардың 
барлығы 
да 
рефлексияның пәні ретінде қарастырылады. 
Эмоциялық тұрғыдан алғанда рефлексияны «тас - 
талқан» қылып талдау, «шашып тастау» деген сӛз тіркестерін 
білдірсе, рационалистік тұрғыда–жоба идеясын дамытудың 
маңызды бӛліктерін анықтау деуге келеді. Тӛмендегі 13- 
суретте кӛрсетілгендей, әрбір бӛліктің ӛзінде бірнеше 
нұсқалар жатыр, ал, таңдап алған нұсқа нәтижеге 
қаншалықты тиімді әсер етті, басқаша болса нәтижеге қалай 
әсер етеді, одан нәтиже ӛзгере ме, мерзімі қысқара ма, ӛнім 
барлық талапқа сай ма? Міне, осы сұрақтар арқылы 
рефлексиялық кӛзқарас анықталады. 
Мақсат
қою 
Жоба
кезеңдері 
Нәтиже,
ӛнім 
13- сурет 
Жоба идеясын дамытудың маңызды бӛліктері 


208 
Рефлексияның мәні - жобаны қорыту емес. Ол, 
біріншіден, жобалау барысын түгел талдайды; екіншіден, 
жобаның тәжірибеге айналуына ықпал етеді, жобаны 
бағалауға негіз болады. 
Рефлексия бақылау арқылы жасалады. Жобаның 
бақылау барысында негізге алынатын дайын үлгісі 
болмайтындықтан, рефлексияның іске кірісетін жері – 
мәселенің пайда болуы. Бұл педагогтың жұмысы, ӛйткені, 
оқушылар мәселені байқамайды, не қиынсынып басқа оңай 
іске ауысып кетуі мүмкін. Педагог осы жағдайларды 
қадағалай отырып, рефлексия пайда болатын жерлерді 
белгілейді. 
Тәжірибеге айналған, аяқталған жоба, болашақ 
жобаларға негіз болады, ондағы мәселелер алдағы жобаларда 
ескеріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет