92
құрастырудан және оны үнемі жетілдіріп, әрі дамытып
отырудан болады.
Қоғам дамуындағы қайта құрулар білім жүйесіндегі
ӛзгерістердің,
оны
басқарудың
жаңа
сипаттарын
қалыптастырудың алғы шарттары болады. Мысалы, Ф.
Кумбс «білім беру жүйесі дағдарыс үстінде, оның
әкімшілікке негізделген құрылымы одан шығу жолдарын
ұсына алмайды, ӛйткені, бұл құрылым баяғы заманнан бері
ӛзгерген жоқ. Сондықтан, оның жай дамуы бұдан бұрынғы
білім мен сол кездегі қоғам туғызған қарапайым
міндеттерге сай болғанымен, бүгінгі қоғамның жаңа
талаптарын орындауға дайын еместігін кӛрсетеді. Ол-білім
беруді жаңаша ұйымдастыру, оған сыни кӛзқараспен қарау
және жаңалықтарды белсенді ендіруді жүзеге асыруға
есептелмеген құрылым» деп атап кӛрсеткен.
Жүйелерді ұйымдастырушылық дамытудың логикасына
сай педагогикалық жүйелер ӛз құрамындағы белгілі бір
кіші жүйелерден тұратын болғаннан кейін оны дамыту
мақсатты, мазмұнды және әдістерді ӛзгертуді кӛздейді.
Сонымен қатар, басқару үдерісі барлық білім беру
деңгейлерін қамтитын болғаннан кейін сол жүйелердің
әрқайсысын дамытуды кӛздейтін басқару міндеттері
қойылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: