Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет40/142
Дата23.05.2022
өлшемі2,09 Mb.
#35435
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   142
 
 
Сҧрақтар мен тапсырмалар 
 
1. Білім берудің нәтижелеріне қойылатын жаңа 
талаптардың әлемдік деңгейде қарастырылуы. 
2. Қазақстанда білім берудің жаңа нәтижелерінің 
айқындалуы. 
3. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандарттарындағы білім берудің жаңа 
нәтижелері. 
4. Жаңа 
білім нәтижелерін қамтамасыз етуде 
педагогтарға қойылатын жаңа талаптар. 
5. Педагогикалық ұжымды білім берудің жаңа 
міндеттерін 
жүзеге 
асыруға 
теориялық, 
әдістемелік 
және 
технологиялық 
дайындау 
жолдары. 
6. Педагогикалық жобалау негізінде педагогтардың 
арнайы құзыреттіліктері және оларды дамыту. 
7. Педагогикалық 
жобалаудың 
жаңа 
білім 
нәтижелерін қалыптастырудағы рӛлі. 
8. Педагогикалық ұжымдағы жобалау нәтижелерін 
бағалау. 
9. Глоссариймен жұмыс. 
6. Педагогикалық жобалаудың заңдылықтары мен 
ҧстанымдары
Мақсатты 
әрекет 
ретіндегі 
жобалаудың 
мәні 
ӛзгерістерді басқару идеясымен тікелей байланысты. Осы 
тұрғыдан алғанда жалпы жобалау қызметінің де, нақты 
жобалардың да ауқымы жобалау қызметін жүзеге асыру 
нәтижесінде 
болатын 
ӛзгерістер 
деңгейіне 
қатысты 
ӛлшенеді. Сондықтан, нәтижесінде нақты жобалар 
құрастырылатын (басқарушыларды оқыту бағдарламасы, 
тренингтер, семинарлар, жаңа оқулықтар, белгілі бір 
педагогикалық зерттеу нәтижесі ретіндегі ӛнім, т.б.) 
жобалау мен сол нәтижелердің педагогтар мен білім 
алушыларды, басқарушыларды, ұйымды немесе жалпы 


111 
жүйені дамытуға жасайтын ықпалын айыра білу және оны
пайдалана білудің маңызы зор.
Жобалауды педагогикалық инновация тұрғысынан 
қарастырсақ, оның ӛзі шын мәніндегі инновация болып 
табылады. Ӛйткені, жобалау негізінде жүзеге асырылатын 
қайта құрулар ұйымның дамуы мен ондағы ӛзгерістердің 
инновациялық механизмін жасайды. Сӛйтіп, жобалауды 
ұйымдастыру, жобалардың ішкі мазмұнын, жоба құрастыру 
жолдарын және жобалау нәтижесінде берілген жүйенің 
дамуына ықпал ету жолдарын қамтиды. 
Соған орай, ұйымдастырушылар назарында үнемі екі 
топтағы мәселелер тұруы тиіс, олар: 1) жобалау қызметін 
ұйымдастыру – орындалатын жобаның мазмұны мен оған 
қажетті ресурстары және 2) күтілетін нәтижелер – 
жүйенің ӛзін дамытуы
Тәжірибе кӛрсетіп отырғандай, жобалау әрекетін 
ұйымдастыру 
бірнеше 
деңгейден: 
жобалау 
тұжырымдамасын жасау, оның мазмұндық және үдерістік 
қызметтерін құрастыру және орындаудан тұрады. 
Жобалаудың бастапқы кезеңінде оның түпкілікті 
нәтижесі нақтыланады. Оның барысында жүйені дамытудағы 
күтілетін нәтиженің мәні нені қалыптастыру қажет, ол – 
жаңа қатынастар деңгейі ме, әлде құзыреттілік пен 
кәсібиліктің жаңа деңгейі ме, оқыту мен тәрбиедегі жаңа 
дәстүрлер бола ма нақты анықталады.
Жобаланатын 
педагогикалық 
құрылымның 
компоненттік бӛліктерінің әртүрлі құрастырыла алатын 
қасиеттеріне сай жобалау қызметі де түрлі бағыттарда 
жүргізіле алады. Сӛйтіп, жобалау әрекеті жүйені жан- 
жақты дамытуға, яғни, оның ішкі қызметтік - құрылымдық 
байланыстары 
мен 
адам 
ресурстарын 
дамытуға
бағытталады.
Бірақ, қай жағдайда да жүйенің құрылымын жобалауда 
жүйе құрылымдарының изоморфтығы (гр.isos және morphе -
ұқсас құрылымдар арасындағы сәйкестік қасиеті ұғымы
туралы ережеге сүйену қажет болады. Құрылымдық 
компоненттерінің артықтығы да немесе жетіспеушілігі де 
жүйенің дамуына кері әсер ететіні есте болуы қажет. И. А. 
Колесникова, оны тірі организмдер жүйесімен ұқсастырады: 


112 
табиғат тірі организм бойында ұқсас қызметтер атқаратын 
немесе 
бәсекелес 
органдар 
болмайтыны 
тәрізді, 
педагогикалық жүйелердің ішінде де артық, бірін–бірі 
қайталаушы қызметтер атқаратын құрылымдар болуы тиіс 
емес. Әйтпесе, педагогикалық қызметке жатпайтын, 
бӛлекше, қолайсыз қатынастар қалыптасуға негіз қаланады.
Педагогикалық жүйелердің компоненттік құрамы 
белгілі бір мақсатты кӛздейтін жобалау қызметінің жүргізілу 
логикасын қамтамасыз етуге қажетті және жеткілікті 
болуы тиіс. Компоненттер құрамына енгізілетін ӛзгерістер 
міндетті түрде негізделеді, оның себептері мен нәтижелері 
алдын ала нақтыланады. Соған сай, педагогикалық 
жүйелерді 
басқарудағы 
жобалау 
қызметі 
жүйенің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет