133
білім беру үдерісіндегі субъектілердің жаңа қарым –қатынас
түрлері, білімнің жаңа мазмұны, жаңа білім беру
технологиялары, т.б. алынады. Жобалау барысындағы
ӛзгерістерге қажеттіліктің туындауы мен ендірілген
жаңалықтың институализациялауға дейінгі кезеңдердің
жиынтығы бір жобалық циклды қалыптастырады.
Жоба жетекшілері мен құрастырушылар жобалауды
алдында тӛмендегі құрылым бойынша даярлық жұмыстарын
жүргізулері (жобалаушы тарапынан) қажет:
Жобалау қандай ниетпен, не үшін жүзеге асырылуы
тиіс?
Күтілетін нәтиже кім үшін және қаншалықты
маңызды?
Қай жерде, қайда жүзеге асырылады?
Кім оны жүзеге асырады?
Жүзеге асыру жолдары қандай?
Қандай мерзімде жүзеге асырылады?
Қандай ресурстар мен қаржы қажет болады?
Егер жобалық ұсыныс белгілі бір ниетпен қаржы бӛлуді
қолға алған инвестор немесе грант беруші үшін дайындалып
жатса, онда қаржының қалай жұмсалатыны мен күтілетін
нәтиже нақты кӛрсетіледі. Сонымен қатар, жобалық ұсыныс
даярлау арқылы басқарушылар мен ұйымдастырушылар
қаржылық және басқа да ресурстардың мүмкіндігін дәл
бағалауға, соған сәйкес ұйымды дамыту бағыттары мен
жолдарын анықтай алады.
Достарыңызбен бөлісу: