Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет48/142
Дата23.05.2022
өлшемі2,09 Mb.
#35435
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   142
Жобаның негізгі бӛлімдері: 
Аталуы; 
Түйіндемесі; 
Кіріспе бӛлімі (жағдайды талдау, проблема қою); 
Жобаны жүзеге асырудың күнтізбелік жоспары мен 
кезеңдері; 
Жобаны жүзеге асыру барысының мониторингі, әр 
кезеңнің нәтижелері мен тиімділігін бағалап отыру; 
Жобаның жалпы нәтижесі мен ӛміршеңдігін бағалау; 
Жоспарланған бюджеті. 
Аталуы. Жобаның аты оның мазмұнын, мақсаты мен 
ниетін, негізгі идеясын барынша айқын білдіретіндей 
болғаны жӛн. Жобаның аталуынан оны кім, нені және қалай 


134 
жүзеге асыратыны кӛрініп тұруы тиіс. Сонымен қатар, 
жобаның атында ешқандай артық сӛз де болмағаны орынды. 
Жобаның аталуына кӛңіл аудару аса маңызды, ӛйткені оның 
нақты болуы және мақсатқа сай болуы жобаға қажетті 
адамдардың назарын аудара алады. 
Түйіндемесі. Бұл жобалар үшін де немесе жобалық 
ұсыныстар үшін де міндетті бӛлім, ӛйткені, онда жобаның 
атауы нақтыланады, мәні түсіндіріледі. Түйіндеме қысқа, 
айқын және нақты болуы тиіс, ол әдетте жазбаша мәтіннің 
мұқабасы сипатында беріледі. Онда авторлар туралы 
мәлімет, 
жобаның 
мақсат-міндеттері, 
қажет 
болса, 
қаржылану кӛздері беріледі. 
Кіріспе бӛлімі: жағдайды талдау, мәселе қою. Бұл 
бӛлімде жобалау нысаны туралы жалпы баяндаудан бастап, 
жұмыстың орындалатын әрбір нақты қадамдары тӛмендегі 
ретпен кӛрсетіледі:
Алғашқы қадам. Жағдайды талдау негізінде мәселе 
нақтыланып, оны шешудің қажеттігі негізделеді. Ұйым үшін 
ӛзекті болып табылатын мәселені айқындау арқылы оны 
шешудің нақты жолдары кӛрсетіледі, сонымен қатар, олар
қоғамдық-тарихи, ұлттық, жергілікті ерекшеліктер мен 
талаптарға сәйкес болуы міндетті.
Екінші қадам. Жағдайды талдау мен мәселе қою 
арқылы жобаның мақсат–міндеттері нақтыланады, 
ресурстарға баға беріледі. Оларға әдетте, адам ресурстары, 
қаржылық, материалдық, әкімшілік, қоғамдық, т.б. 
жатқызылады.
Үшінші қадам. Бұл қалыптасқан жағдайға сай мәселені 
шешу жолдарын, мақсатміндеттерін, ресурстарын талдау 
негізінде жасалатын жобаны мазмұндық – құрылымдық 
сипаттау кезеңінен тұрады.
Жобалау идеяларын ұсынудың бірнеше әдістері бар, 
олардың ең қарапайымы ойға шабуыл. Бұл әдіс ӛзгеріс жасау 
бағыты анықталып, нақты іс-әрекеттерін белгілеу қажет 
болғанда пайдаланылады, яғни, осы ӛзгерістерді жүзеге 
асыру үшін не жасау керек деген сияқты сұрақтарға жауап 
ойға шабуыл жасау арқылы беріледі. Білім беруде бірнеше 
әлеуметтік топтар мүдделері тоғысатындықтан осы әдіспен 


135 
жүргізілетін кездесулерде жобалаушыларға сан алуан құнды 
идеялар алу мүмкіндігі бар. 
Қазіргі кездегі талдаулар жасау тәжірибесінде кең 
таратыла бастаған және тиімділігі дәлелденген құралдар 
қатарында SWOT-талдау және PEST- талдауды жобалау 
алды зерттеу кезеңінде пайдалануға болады. Басында 
маркетингтік зерттеулерде пайда болып, қолданысқа енген 
бұл құралдарды білім берудің әлеуметтік рӛлін бағалауда да 
орынды және пайдалы құралдар деп танылуда. Мысалы, 
әлеуметтік маңызды немесе ұзақ мерзімдік жобалауда 
ресурстарды SWOT - әдісі (Strengths – мықты жақтары
Weaknesses - әлсіз жақтары, Opportunities – мүмкіндіктері 
және Threats – қауіпті жақтары) арқылы бағалауға болады. 
Бұл жердегі мықты және әлсіз жақтары ұйым ішілік қажетті 
ресурстар 
мен 
олардың 
жеткілікті–жеткіліксіздігін 
бағалайды. Мүмкіндіктері және қауіпті жақтары жобаның 
орындалуына мүмкіндік беретін немесе кері ықпал етуі 
мүмкін тұстарына баға береді. Осылайша, сапалы жасалған 
жоба алдындағы талдау жобаның мақсатын жүзеге асыруда
жеткіліктілік (ресурстардың жобаның мақсатына сай 
күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін жеткіліктілігі) және 
қажеттілік (ресурстардың жобаның барлық кезеңдері үшін 
қажеттілікке қарай бӛлінуі, бірін - бірі толықтырып отыруы) 
принциптерін сақтауға мүмкіндік береді.
SWOT- 
талдаудың 
нәтижелі 
болуы 
тӛмендегі 
ережелердің сақталуына тығыз байланысты:
1. Әрбір SWOT- талдау шектеулі, берілген нысанға 
ғана қатысты жүргізілуі тиіс, сонда ғана талдау 
дәл жасалады. 
2. SWOT- тың элементерін нақты ажырату қажет, 
ӛйткені, оның мықты және әлсіз жақтары 
ұйымның ішкі сапалары, яғни, оны қадағалауға, 
реттеуге болады. Ал мүмкіндіктері және қауіпті 
жақтары сыртқы ортаға қатысты болғандықтан 
оған ықпал етуге болмайды, сондықтан оны ескеру 
қажет. 
Мықты және әлсіз жақтары салыстырмалы 
кӛрсеткіштерге жатады және олардың түрі ӛте кӛп болуы 
мүмкін. Соған орай, жобалау мақсатына, нәтижелік 


136 
ӛлшемдеріне қатысты сапалар маңыздылығы бойынша 
іріктелгені жӛн(кесте 3). 
Талдауға қатысты ақпараттар шынайы және арнайы 
зерттеу қорытындыларына сүйеніп қана жасалуы керек, 
сонда ғана жобалау нәтижелі болады. 
Кесте 3 − SWOT - әдісімен талдау 
Ішкі 
Жобалау нысанына тікелей 
қатысты элементтерді сипаттау 
Мықты жақтары 
Әлсіз жақтары 
Сыртқы 
Ортаға қатысты мысалы, 
құқықтық, қоғамдық - саяси, 
ресурстық, т.б. факторларды 
сипаттау 
Мүмкіндіктері 
Қауіпті жақтары 
SWOT - әдісі ӛзінің тұжырымдалық тұрғыдан арнайы 
дайындықты қажет етпейтін қарапайымдылығынан оны 
қолдану тиімділігімен қатар, негізгі түсініктері дұрыс 
анықталмаса, теріс ақпараттар қолданылса пайдасыз құралға
айнала да алады.
Жобалау білім саласының кӛлемді бӛлігін талдау 
негізінде үлкен институционалдық ӛзгерістерді кӛздесе, 
PEST- талдаулар жасалады. Ол тӛрт құрамдас элементтен 
тұрады: P – саясатқа қатынасты талдаулар, E –экономикалық 
жағдайына қатысты талдаулар, S – қоғам дамуына және адам 
ресурстарының жағдайларына қатысты талдаулар және T– 
нақты нысанға қойылатын технологиялық ӛлшемдерге 
сәйкестігін талдау.
PEST-талдаудың принциптері:
- Жүйелілік–әрбір 
элемент басқаларымен тығыз 
байланыста қарастырылады, ӛйткені, бір фактордағы 
ӛзгерістер міндетті түрде келесі фактордың ӛзгеруіне 
әкеледі. 
- Шынайылық–жобалау нысанының сыртқы орта 
талаптарына сәйкестігі.
- Мәселені белгілеу және мақсат қою. Талдаулар 
негізінде қайшылықтар анықталса, соған сай 


137 
ӛзгерістерді жүзеге асыру мақсатын қоюға кірісу 
қажет. 
Сӛйтіп, бастапқы кезеңде атқарылатын жұмыстар: 
жобалау 
объектісінің 
қазіргі 
жағдайын 
талдау; 
диагностикалау, бағалау; орын алып отырған қайшылықтар 
мен кемшіліктерді анықтау; осы бағыттағы ғылыми –
зерттеулерді талдау; мәселені теориялық негіздеу; жобаны 
ресурстармен қамтамасыз ету (кесте 4). Бұл кезеңнің 
нәтижесі – жобалаудың қажеттігін анықтау, оны ақпараттық 
–материалдық 
ресурстармен 
қамтамасыз 
ету, 
тиісті 
жағдайлар туғызу. 
Кесте 4 – Жобалаудың логикалық құрылымы 
Жобаның компоненттері Объективті кӛрсеткіштер, 
негіздемелер 
Сыртқы жағдайлары, 
алғы шарттары 
Мәселені анықтау: 
Жобаны орындауға 
қажеттік неліктен пайда 
болды? 
Неліктен бұл мәселені 
шешу маңызды болып 
отыр? 
Мәселенің шын мәнінде 
бар екенін, оны шешуге 
болатынын қандай 
қосымша ақпарат кӛздері
кӛрсете алады? 
Мақсат қою: 
Жобалаудағы іс
әрекеттер қандай 
мақсатты орындауға 
бағытталған? Ол
берілген мәселені 
шешуге қаншалықты 
байланысты? 
Мақсатқа қол жеткізген 
жағдайда кімдер ұтады? 
Жобалауда орындалатын 
әрекеттер қалыптасқан 
жағдайды қалай 
ӛзгертеді?
Мақсаттың орындалғанын 
қандай құралдармен 
тексеруге болады? 
Тексерушілер жобаның 
мақсатын орындаудың 
маңызын неден кӛре 
алады? 
Жобаның мақсатқа 
бағытталғанын ӛлшеуге 
болатын мәліметтер 
жинау қарастырылған ба?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет