Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет70/142
Дата23.05.2022
өлшемі2,09 Mb.
#35435
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   142
Жобалау және ғылыми зерттеу. Ғылыми зерттеу 
туралы шешім белгілі бір сұраққа жауап іздеу немесе бір 
логикалық байланыстың кем болуы немесе ғылымда бар 
тәсілдер және түсініктердің қоршаған орта тануға жеткіліксіз 
болуы жағдайында пайда болады. 
Зерттеу идеясының ӛзінде оның пайда болуынан 
бастап–ақ түпкілікті нәтижесінің қандай да бір кӛрінісі, оған 
жету амалдары, бақылау және түзету жолдары орын алуы 
мүмкін. 
Бірақ зерттеу нәтижесі сол ғылымның түсініктік аясына 
(понятийный ландшафт) ене отырып, оның дамуына, 
ӛзгерістеріне ықпал етеді. Ғылыми зерттеудің осы салалары 
оны жобаның қасиеттеріне жақын екенін білдіреді. 
Солай бола тұра, жоба мен зерттеудің елеулі 
айырмашылықтары да бар. Оның ең негізгісі - әрқайсысының 
жүзеге асырылатын кеңістіктерінің біздей еместігі. Ғылыми 
зерттеуде түсініктік кеңістігі сол ғылымның теориясы 
болып табылады да, зерттеу нәтижесінде алынған жаңа 
ұғымдар теориялық кеңістікке ӛзгеріс енгізіледі. 


197 
Ал 
жобалауда–практикалық 
әрекеттер 
жүзеге 
асырылып, тәжірибе ӛзгеріп отырады. В. В. Давыдовтың 
айтуынша, оқу әрекеті квазизерттеу ретінде орындалады, 
сондықтан, оқу әрекеті барысында қалыптасқан ғылыми 
теория, түсініктік кеңістік ӛзгермейді, яғни оқушылар 
ғылыми теорияны дамытуға араласпайды. 
Солай бола тұра, субьектілік түсініктік кеңістік 
ӛзгереді, оқушыларда жаңа түсініктер пайда болады және 
олардың қоршаған ортаны тану амалдары мен жолдары 
ӛзгереді, яғни оқушының ӛз теориялары, ӛз кӛзқарастары 
пайда болады, дамиды. 
Ғылыми зерттеу жобаға немесе оның құрамдас бӛлігіне 
айнала алады. Бұл адамның жаңа білімі оның ӛзін ғана емес, 
оның ӛз ортасын, әлеуметтік ортасын да ӛзгерте алатын 
жағдайда пайда болады. Сондай–ақ, жаңа білім тәжірибеде 
жүзеге асырылғанда ғана жобаға айнала алады.
Жаңа білім құралға, практикалық әрекеттің құралына 
(средство) айналуы арқылы жобаның бӛлігі болып қызмет 
етеді. 
Ғылыми зерттеулер мен жобалардың кӛптеген 
ортақ жерлері бар, бір – біріне айнала алатын тұстары да бар. 
Зерттеулер жобаның бӛлігіне айналып, оған еніп те кетуі 
мүмкін. Іргелі ғылыми зерттеулер жобаның бірнеше 
сериясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ӛйткені, зерттеу 
нәтижелері белгілі болмай кейбір жобаларды орындау 
мүмкін емес. Керісінше, кейбір жобаларда ӛз алдына 
құндылықтары бар зерттеулер пайда болады. 
Жобалау және жобалауға қабілеттілік. Жобалау 
мәселесінің тағы бір аспектісі бар, ол жобалаушы адамның 
қандай қабілеттері болуы қажет. Жоба нәтиже ретіндегі 
белгілі бір ӛнім алуға, жасауға байланысты қолданылатын 
ұғым, ол ӛнім материалдық немесе идеалдық тұрғыларда 
қарастырылады және ол белгілі бір мәселені шешу үшін 
қажет болады.
Психология 
ғылымында 
Ӛнімді 
ойлау 
(продуктивное 
мышление) 
деген 
ұғым 
бар, 
ол 
шығармашылық ойлау деген ұғымның синонимі ретінде 
адамның жаңа тұрғыдағы, жаңа деңгейдегі интеллектуалдық 


198 
міндеттерді шеше білуімен байланыстырылады. Ӛнімді 
ойлаудың негізгі кезеңдері тӛмендегідей белгіленеді: 
1) тақырыптың пайда болу кезеңі (жұмысты бастауға 
қажеттік), қалыптасқан жағдайды талдау; 
2) мәселені анықтау кезеңі: тақырыпқа сәйкес 
идеялық–тұжырымдамалық 
немесе 
бейнелік–
символикалық модель құрылуы, модель ішінде 
мәселе туғызатын қайшылықтарды айқындау 
арқылы мәселе нақты кӛрінеді; 
3) мәселені шешу кезеңі: бұл кезеңде болжау 
жасалып қана қоймай, ол тексеріледі, дұрыс 
болған жағдайда мәселені шешу жолдары 
белгіленеді; 
4) мәселені 
шешудің 
оны 
обьект 
ретінде 
қарастырудың, жүзеге асырудың техникалық, 
орындаушылық кезеңі; 
Бұл әрекеттер негізінен мәселені шешу жолдарын ойша 
іздеудің сипатталуы екені кӛрініп тұр. Ӛнімді ойлауды 
сипаттау барысында ең маңызды әрекет – ойлау актісі, 
ӛйткені, онда ойлану арқылы болжам құрылады, тексеріледі. 
Ӛнімді ойлаудың екінші кезеңінде мәселені 
анықтау, оны бейнелік, тұжырымдық немесе символдық 
тілде құрастырып, қайта қарау. Бұл – модельдеу кезеңі, оны 
түрліше құруға болады. Жобалаушыға қажетті Ӛнімді ойлау 
қабілетінен басқа – креативтік ойлау әрекетін жүзеге асыра 
алу – аса маңызды. Креативтілік мәселені шешуде белгілі 
әрекеттерді орындауға бағытталған формальды түрдегі 
интеллектке жатпайды, ол – жаңа идеяларға бейімділік. 
Креативтілік деңгейін диагностикалау да адамның «дұрыс» 
жауапты таңдай білуі емес, мәселені анықтай алуынан 
бастап, оны шешудің бірнеше тың жолдарын күтпеген, 
бұрын қарастырылмаған жағынан ұсына білуі бағаланады.
Креативтіліктің тағы бір ерекшелігі–қарама–
қайшылықтарын кӛре білуі және одан туындайтын мәселені, 
болжамын жасай білу арқылы шешу жолдарын анықтап, 
нәтижесіне дейін жеткізе білуі. 
Кесте 6 - Ӛнімді ойлауға және жобалауға тән 
түсініктер 


199 
«Ӛнімді ойлауға» тән түсініктер «Жобалауға» тән түсініктер 

Ӛнімді 
ойлау 
әрекеті 

Креативтілік 

Проблеманы шеше 
білу 

Шешім қабылдау 

қалыптасқан жағдайды 
талдау 

қайшылықтарды кӛре 
білу 

болжам жасау, тексеру, 
қадағалау 

нәтижеге қол жеткізу 
Жоғарыдағы 6-кестеге кӛңіл аударсақ, түсініктік, 
ұғымдық ақпараттары әр түрлі болғанымен психологияның 
әрекет 
ретіндегі 
ӛнімді 
ойлаудың 
бойында 
ұйымдастырушылық әрекет түрі ретіндегі жобалаудың 
барлық аспектілері бар екені, олардың логикалық және 
бірізділік сапалары ұқсас екені кӛрінеді. 
Психологтардың пікірінше, ойлаудың түрлері 
туралы теориялар бірін–бірі толықтырып отырады деуге 
болмайды. Ӛйткені, олар интеллекттің формальдық теориясы 
сияқты бір–біріне тәуелсіз түрде пайда болады және дамиды. 
Дәстүрлі білімдік парадигма XX ғасырдың аяғына қарай 
қажет бола бастаған жаңа индивидтік қасиеттерді түсіндіру, 
сипаттау үшін жеткіліксіздігі белгілі болды. Соған орай, 
кӛптеген теорияларда индивидтің туындаған мәселеге 
қатысты талдау жасау, ситуацияны модельдеу, шешім 
қабылдау әрекеті және ол үшін ӛз жауапкершілігін мойындау 
сияқты сапалары басым кӛрсетіле бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет