Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет42/144
Дата12.07.2022
өлшемі4,22 Mb.
#37612
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   144
Қазақстанның реттеулі нарықтық 
экономикаға өту тұжырымдамасы
Экономиканы тұрақтандыру мақсатында Республика Үкіметі 
нарыққа өтудің тұжырымдамасын жасап шығарды. Тұжырымдама 
мемлекеттік және экономикалық егемендіктің қағидаларына 
негізделген. Онда нарыққа өтудің стратегиялық бағыттары 
анықталған. Реттеулі нарықтық экономикаға өту келесі негізгі 
бағыттардан құралады:
- мемлекет иелігінен меншікті алу – ол мемлекеттік меншік 
монополиясын жою және өндірушілердің бәсекесін дамытуға 
жағдай туғызу. Қазақстан жағдайына акционерлік, ұжымдық, 
кооперативтік, мемлекеттік және жекеменшікке ауыстыру арқылы 
жүргізу;
- монополиясыздандыру және монополияға қарсы шаралар – 
аталмыш заңды қабылдау, еркін кәсіпкерлікке жағдай туғызу және 
қатарлы өндірістік құрылымдарды дамыту, шетелдік капиталды 
ұдайы қатыстыра отырып бірлескен кәсіпорындарын ұйымдастыру;
- қаржылық сауықтыру және экономиканы тұрақтандыру;
- баға құрылымы саясаты (басты тағам өнімдерін басқа тұтыну 
өнімдері мен қызмет түрлеріне бағаны нарық талабына қарай 
қалыптастыру).
Аталған реттеулі нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасында 
негізгі қағидалар белгіленген. Олар төменде көрсетілгендей:
- Республика территориясында заңдылықтың басымдылығы мен 
үстемділігі;
- меншік түрлерінің әртурлілігі және олардың еркін дамуы мен 
бәсекесі;
- дербес баға белгілеу саясаты, еркін бағалау;
- сыртқы экономикалық саясатты жүргізудегі толық дербестік.
Нарық жүйесін ұйымдастыру мен оларды реттеу тетіктері 
келесіні қамтиды:
- нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру (коммерциялық 
банктер, тауар және қор биржалары, маркетинг орталықтары, көлік 
қызметі, коммерциялық ақпарат орталықтары, т.б.);
- өндірістік құралдар нарығы;
- тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету нарығы;


81
- еңбек нарығы;
- қаржы нарығы. Республикадағы қаржы нарығының қалыптасуы 
банк жүйесі заңдылықтары негізінде, Ұлттық Банктің бірінші 
деңгейдегі банк ретіндегі мәртебесін белгілеуді; коммерциялық 
банктердің екінші деңгейдегі банк ретіндегі қызмет жасау 
шарттарын анықтауды; қаржы нарығының заңдылық актілерін 
қабылдауды; сондай-ақ шетелдік капиталды ішке енгізуге жағдай 
туғызуды қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет