Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет4/134
Дата07.04.2023
өлшемі1,6 Mb.
#80207
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
Арнайы психологияның қағидалары.
Объективтілік қағидасы - ғылыми негізделген дәйектерге 
сҥйену және зерттеу нәтижелерін логикалық тҧрғыдан талдау, 
қазіргі заманғы психологиялық теорияларға сҥйену. 
Кешенділік қағидасы – дәрігерлік, психологиялық және 
педагогикалық тексеру болып табылады. Дамуында кемістігі бар 
бала диагностикалық тексеруге психоневролог, отоларинголог, 
офтальмолог 
т.б. 
дәрігерлер, 
психологтар, 
педагог–
дефектологтар, логопедтер қатысады.
Жоспарлылық қағидасы – баланы жҥйелі тҥрде зерттеу. 
Детерминизм қағидасы – кез-келген қҧбылыстың ӛзіндік 
себептері атты қағиданы ҧстану.
Кеміс дамудың себептерін есепке алу қағидасы. Бҧл - 
дамуында кемістігі бар балалардың, психикалық дамуындағы 
ерекшеліктердің себептерін анықтау қажеттілігі. Ол ҥшін 
кемістіктің қҧрылымы, тегі және тереңдігі туралы медициналық 
білім, психологиялық-педагогикалық мәліметтер қажет. 
Генетикалық қағида – динамикада, яғни баланың 
психикасында жалпы даму барысында, іс-әрекет барысында 
зерттеу. 
Әлеуметтік және биологиялық даму деңгейінің ӛзара 
байланысын есепке алу қағидасы. Яғни, бала дамуына әлеуметтік 
ортаның әсер етуі және керісінше.
Талдау-жинақтау 
(анализ-синтез) 
қағидасы. 
Л.С. 
Выготский ілімі бойынша, алғашқы кемістікті есепке алу, негізгі 
симптомдар және психикалық қосымша асқынулар немесе 
туынды кемістіктерді талдау.
Арнайы психологияның терминологиялық аппараты. 
Әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру 
саласының нормативті қҧжаттамаларына сәйкес ҧғымдар мен 
терминдер. 
«Дамуында бұзылуы бар балалар – бҧл әртҥрлі немесе 
бірнеше анализаторлардың (кӛру, есту, қимыл-қозғалыс, сӛйлеу) 
қызметіндегі бҧзылу салдарынан, сондай-ақ, орталық жҥйке 



жҥйесінің органикалық зақымдануы салдарынан, психикалық 
және дене бітімдік дамуы бҧзылған балалар. Бҧл термин 
психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде арнайы білім беруді 
қажет ететін балалар категориясын ажырату ҥшін қолданылады.
Мүмкіндігі шектеулі балалар – бҧл дамуындағы кемістіктер, 
әлеуметтік жеңілдіктер мен жәрдемақы алуға мҥмкіндік беретін, 
яғни бинефицитарлық мәртебеге ие балалар. Дәстҥрлі 
терминологияда бҧл балаларды мҥгедек балалар деп атайды.
Білім алу қажеттілігі ерекше балаларбҧл білім беруде, 
арнайы коррекциялық кӛмекті қажет ететін балалар. Арнайы 
білім беру жағдайы, тек қана арнайы мекемелерде ғана емес, 
жалпы білім беретін мектептер мен балабақшаларда да болуы 
мҥмкін»
1

«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау - кемтар балаларға тҧрмыс-
тiршiлiгiндегi шектеудi жою, оның орнын толтыру ҥшiн жағдай 
жасауды қамтамасыз ететiн, оларға басқа азаматтармен бiрдей, 
қоғам ӛмiрiне қатысу мҥмкiндiктерiн жасауға бағытталған, 
арнаулы әлеуметтiк, медициналық және бiлiм беру қызметтерiн 
кӛрсететiн бiлiм беру, әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау 
ҧйымдарының қызметi. 
Кемтар бала - белгiленген тәртiппен анықталған, туа бiткен, 
тҧқым қуалаған, жҥре пайда болған аурулардың немесе 
жарақаттардың салдарынан, тiршiлiк етуi шектелген, дене және 
(немесе) психикалық кемiстiгi бар, он сегiз жасқа дейiнгi бала 
(балалар). 
"Қатер" тобындағы бала - ерте қолға алынбағандықтан, 
әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық тҥзеу арқылы 
қолдау кӛрсетiлмегендiктен, дене және (немесе) психикалық 
дамуында артта қалу мҥмкіндігі жоғары болатын, ҥш жасқа 
дейiнгi бала (балалар). 
Дене кемiстiгi - ағза дамуының және (немесе) жҧмыс iстеуiнiң 
ҧзақ уақыт бойы әлеуметтiк, медициналық және педагогикалық 
тҥзеу арқылы, қолдауды қажет ететiн созылмалы бҧзылуы. 
--------------------------- 
1
Специальная педагогика: Учеб. Пособие для студентов Высш. 
Пед.учеб.завед. /Под ред. Н.Н.Назаровой. – М.:Изд. Центр «Академия», 
2004.С.10-11. 



Психикалық кемiстiк - адам психикасы дамуының және 
(немесе) жҧмыс iстеуiнiң уақытша немесе тҧрақты кемiстiгi, 
соның iшiнде: сенсорлық бҧзылыстардың салдары; сӛйлеу 
бҧзылыстары; 
эмоционалды-ерікті 
бҧзылыстары; 
ми 
зақымдануының салдары; ақыл-ой дамуының бҧзылыстары, 
соның iшiнде, ақыл-ойының артта қалуы; психикалық дамуының 
тежелуi, 
осыған 
байланысты 
оқып-ҥйренудегi 
ӛзiндiк 
қиындықтар. 
Ерте қолға алу (ерте қолдау) - психикалық-дене 
бҧзылыстары 
скринингiн, 
медициналық, 
психологиялық-
педагогикалық диагностиканы, емдеудi, дамыта оқытуды 
қамтитын, сәбилік жастағы (ҥш жасқа дейiнгi) балаларды 
әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық тҥзеу арқылы 
қолдау; 
Әлеуметтiк бейiмдеу - объективті әлеуметтiк және 
медициналық-педагогикалық тҥзеу арқылы қолдау ҥдерісінде 
кемтар балалардың қоғамда қабылданған қҧндылықтарды, мiнез-
қҧлық ережелерi мен нормаларын игеруi, қабылдауы және 
еңбекке даярлау арқылы әлеуметтiк орта жағдайларына белсендi 
тҥрде бейімделуі»
1
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет