Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет19/134
Дата07.04.2023
өлшемі1,6 Mb.
#80207
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   134
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

заңдылықтармен дамиды. Демек қалыпты және дамуы 
ауытқыған балалардың дамуындағы факторлар бірдей. 
Бірақ жалпы заңдылықтармен бірге, ол кемтар баланың 
ӛзіндік даму ерекшеліктерін де атап кӛрсетті. Аномальды 
психиканың басты ерекшелігі ретінде, биологиялық және мәдени 
ҥдерістер дамуының бір-бірінен алшақ болатынын кӛрсетті 
(дивергенция). 
Ақыл-ойы кем бала, ӛзінің дамуында сау баланың жҥріп 
ӛтетін даму кезеңдерін бастан кешіреді, тек бірқатар кешігумен 
және ӛзіне тән спецификалық ерекшеліктермен ӛтеді.
Алғашқы 
кемістік 
пен 
туынды 
кемістік 
құрылымдарындағы зақымданулардың байланысы туралы 
ереже
Алғашқы 
кемістік 
биологиялық 
факторлармен 
байланысты болса, ал екінші кемістік - әлеуметтік факторлармен 
байланысты. Нәтижесінде Выготский Л. С., білім алу қажеттілігі 
ерекше балаларда екінші, ҥшінші кемістіктің алдын-алу 
мақсатында, ерте коррекциялық кӛмек беру қажеттілігі туралы 
тҧжырым жасады. Сондай-ақ, туынды кемістіктер, оның ішінде 
эмоциональды – ерікті саласының зақымдануы сияқты бҧзылулар, 
биологиялық ақауларға қарағанда, коррекциялық әсерлердің 
кӛмегімен жеңілдетілетіндігі туралы тҧжырым жасады.
Жақын және ӛзекті даму аймағы туралы ереже.
«Жақын даму аймағы» мәнінде, Л. С. Выготский «жетілу 
ҥдерісіндегі қызметтерді, яғни, әзірше ҧрық кҥйіндегі, піскен 
жеміс деп атауға келмейтін, тек бҥршік немесе гҥлі деп атауға 
болатын», енді жетіліп келе жатқан қызметтерді айтады.
Осылайша, «жақын даму аймағы» ҧғымын қарастыруда, Л. 
С. Выготский тағы бір маңызды тезис ҧсынды. Онда ақыл-ойы 
кем баланың ой-ӛрісінің дамуын анықтауда, оның нені 
меңгергендігін, баланың «динамикалық даму кҥйін», «әзірге даму 
кҥйінде тҧрған ҥдерістерін» есепке алу қажеттілігі айтылады. 
Л. С. Выготскийдің пікірінше, «жақын даму аймағы», 
баланың жасына сәйкес емес, кҥрделі мәселелерді ересектердің 
кӛмегімен шешу ҥдерісінде айқындалады. Сӛйтіп, ақыл-ойы кем 
баланың мҥмкіндігін бағалау, екі кӛрсеткіш негізінде жҥреді: 
ересектер тарапынан берілген кӛмекті қабылдай білу және 
аналогиялық тапсырмаларды ӛз бетімен орындай білу дағдысы.


30 
Ол ӛзінің кҥнделікті жҧмысында, қалыпты дамудағы 
балаларды зерттеумен ғана емес, дамуында ауытқуы бар 
балаларды зерттеумен айналыса отырып, жақын даму аймағы 
туралы пікірдің, әсіресе кемтар балалар категорияларына қатысты 
екендігіне кӛзі жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет