5. ЖОБАЛАУ ӘРЕКЕТІН БАСҚАРУШЫЛАРДЫҢ ҚҦЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ 1. Білім беру ҧйымындағы жобалау әрекеттері және оны басқарушылардың қҧзыреттіліктері Білім беру ұйымдарында қоғам мен әлеумет сұраныстарына жауап беру үшін жүйелі инновациялық ӛзгерістер қажеттігі дәстүрлі басқару мазмұны мен басқару әрекеттерін ӛзгертуді талап етеді. Соған орай басқарушылардың іс–әрекет мазмұны мен бағыттарын, басқару тетіктері мен ресурстарды пайдалану жолдарын, әдістерін ӛзгерту қажеттігі туындауда. Дәстүрлі қызметтік басқаруда ұйымның дамуын қамтамасыз ететін негізгі ресурстар ретінде қызметтік–жоспарлау, материалдық– техникалық, қаржылық және әкімшілік ресурстарға басымдылық беріліп, адам ресурстарының ұжымды дамытудағы рӛлін тиісінше бағаланбай келгені белгілі. Бұл жерде адам ресурстары ретінде басқару субъектілері (басқарушылар мен басқарылушылар) де, білім беру субъектілері (педагогтар мен білім алушылар) алынып отыр.
Бұл үдеріс білім беруді басқаруда ғана емес, жалпы бизнесті басқаруда ғасырлар бойы қалыптасып келді, ӛйткені, ӛндірісті тиімді басқару ӛнеркәсіпті жетілдіруге, сапалы ӛнім шығару жолдарын жақсартуға бағытталып, басқарушылардың құзыреттіліктері осыған байланысты бағаланып келгені белгілі. Ол туралы Гарвард университеті ғалымдары осы күнге дейін ең жоғары деңгейдегі басқарушының бейнесі мықты стратег ретінде қалыптасты, ӛйткені, олар бизнестің синергетикасы мен стратегиялық инвестицияларды байланыстыруға күш салуда. Ал қазіргі қоғам талабы бойынша олар ӛз ұйымдарының даму перспективасын анықтауға ерекше күш салуы тиіс деген.
Бұл басқаруда стратегияның қажеті жоқ деу емес, тек стратегияның ғана болуы жеткіліксіз деген сӛз. Стратегия қаншалықты дәл құрылып, орындалуы нақты қадағаланса да, ол ұжымдағы адамдарды ӛз жұмысының тиімділігін арттыруға жұмылдыра алмайды. Ӛйткені, стратегия не істеу керек? басқарушылар үшін маңызды деген сұраққа жауап бергенімен, оны неліктен істеу керек? орындаушылар үшін маңызды сұраққа жауап бере алмайды. Сондықтан, бүгінгі басқарушылар алдында қарауындағы адамдардың күнделікті қызметтік міндеттерін орындауын қадағалау ғана емес, ӛзінің ұйымына шын берілгендікпен қарай білуін, ұйым алдындағы мақсатты орындауға деген жауапкершілігін жоғарылату жолдарын ұйымдастыру міндеті тұр.
Кӛптеген шетелдік басқару теориясында, соның ішінде, білім беру ұйымдарының болашақ ӛзгерістерін анықтау және оны жүзеге асыру үшін педагогикалық ұжымдағы адам ресурстарын дамытудың қажеттігі, ол басқарушылардың белгілі бір құзыреттілігін талап ететіні туралы жаңа кӛзқарастар қалыптасуда. Жаңа құзыреттілік сапаларын білім беру құндылықтары ӛзгеруімен, ӛркениеттің дамуымен, ғылымдағы парадигмалық ӛзгерістермен байланыстыра қарастыратын зерттеулер пайда болуда. Білім берудегі құзыреттіліктер, түйінді құзыреттіліктер деген ұғымдар халықаралық деңгейде жаңа нәтижелер ретінде қарастырылып, кӛптеген елдерде стандарттары мен білім беру бағдарламаларына енгізілуде.
Білім берудің сапасын дамыту туралы ЮНЕСКО құжаттарында күтілетін нәтиже ретінде жалпы қарастырылатын құзыреттіліктер белгіленген. XXI ғасырдағы білім беру туралы «Білім беру: әлі ашылмаған қазына» атты Халықаралық комиссияда жасалған Жак Делордың баяндамасында қазіргі білім берудің сүйенетін тӛрт тұғыры бар, олар: танып үйрену; жасап үйрену; бірлесіп ӛмір сүруді үйрену; ӛмір сүруді үйрену деп белгіленген.
Бұлар халықаралық білім беру құзыреттіліктері ретінде анықталып отыр. Жак Делордың айтуынша, олардың бірі – жасап үйрену деген тек кәсіби біліктілік алу үшін емес, одан әлдеқайда кең мағынадағы, ӛмірдегі түрлі жағдайлардан жол табатын, басқа адамдармен бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік беретін құзыреттіліктерге ие болу.
Джон Равеннің зерттеулерінде 30–дан астам құзіреттіліктер талданған, олардың ішінде құзыреттіліктердің ӛзі де, оларды құрастыратын компоненттер де қарастырылған. Құзыреттіліктердің тӛмендегідей сипаттамалары бар:
ӛз құзыреттіліктерін кӛрсетуге даярлық
(мотивациялық жағы);
құзыреттіліктердің мазмұнын меңгеру
(когнитивтік жағы);
түрлі стандарттық және стандартқа сыймайтын жағдайларда құзыреттіліктерді кӛрсету тәжірибесі (іс әрекеттік жағы);
құзыреттіліктердің мазмұнына және оны қолдану объектісіне қатынасы (құндылықтық-мәндік
жағы);
құзыреттіліктерді кӛрсету нәтижесі және үдерісті эмоциялық –еріктік реттеу жағы.
Сонымен қатар, Джон Равеннің құзыреттіліктердің ӛзін және олардың компоненттерін талдаған зерттеулерінде әрбір компоненттің ерекше жақтары (аспектілері)
кӛрсетілген. Олардың негізгілері ретінде мотивациялық, когнитивтік, іс- әрекеттік, құндылықтық-мәндік, эмоциялық–еріктік жақтары қарастырылып, әрбір құзыреттіліктің адам әрекеттеріндегі алатын орны белгіленген.
Жалпы білім беруді жаңарту барысын талдау бүгінгі реформаларға байланысты мазмұнының білім беру мекемелері басшылары мен педагогтардың кәсіби ойлауы мен кәсіби іс–әрекеттерін дамытуды қажет етеді. Жаңа парадигмаға сай басқару теориясы негізінен:
а) білім беру жүйесі мен мектептің ӛз ерекшеліктерін
ескере отырып, менеджмент идеяларына сүйенуі қажет;
б) кәсіби басқарушыларды даярлауға бағыт алу, олардың құзыреттілігін қалыптастыруға және басқару қызметін тиімді ұйымдастыруға жағдай туғызуға;
в) басқару объектісін, яғни жалпы білім беретін
мектептің педагогикалық жүйесін тануға негізделуі қажет.
Жалпы менеджмент теориясы бүгінгі таңда постиндустриалдық, постмодерндік қоғам бағытына қарай елеулі мәдени бұрылыстар жасауда. Білім беру де осы салаға қарай бағдар алуда, сондықтан, жалпы менеджмент теориясының кейбірін сыни тұрғыдан қарастыра отырып, білім беру саласында қолдану әбден мүмкін. Ол туралы ресейлік ғалым И. Д. Фрумин педагогикалық емес салалардағы ұйымдастыру теорияларын пайдалаудан педагогтар бас тартпауы қажет дейді. Ӛйткені, қазіргі менеджерлер арасында кең тараған жалпы сапаны басқару теориясының қызметкерлерді дамытуға, қызметкерлерді қатыстыруға бағытталуына негіз болады және осы теорияда берілген техникалық нұсқауларды білім беру мекемесіне қатысты қолдануға да болады.
Білім беру мекемесі басшыларын оқытатын ұйымдар қажеттігі тууына не себептер бар деген сұраққа Элмордың жетілдіру–бұл оқытудың ӛзіңіздің жұмыс жасайтын жеріңізде отырып дұрыс жұмыс жасауға үйрету қызметі. Оның ойынша, адамдар тиісті міндеттерді орындау үшін бірге жұмыс жасауы керек, ӛйткені, олар ішкі процестерді қозғалысқа келтіреді, сол арқылы адамдар ӛздері айналысып жатқан жұмысты одан да жетілдірудегі жаңалықтарды, жоғары деңгейдегі жетістіктерге жетуді үйренеді.
Әлемдік білім реформаларын зерттеушіМ. Фуллан былай дейді: егер біз нәтижелі мектеп басшыларын дайындағымыз келсе, онда біз оларға мектепті алға тарту мақсатында ӛз жұмысын жақсартатын және дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін қабілеттерін дамытуға барлық жағдайды туғызымыз керек, ӛйткені, білім беру ұйымы басшысынан барлығы да инновациялық ӛзгерістердің қозғаушысы және оның бастаушысы болады деп күтеді. Тәжірибеден белгілі, кӛбінесе тек басшының ӛзі ғана мектептің табысты болуының негізгі күші болып табылады, сонымен қатар, оларды осы рӛлге дайындау үшін жасалған мүмкіндіктер де ӛте кӛп емес.
Басқару теориялары мен тәжірибелері туралы шетелдік, отандық зерттеулердегі басқарушылардың біліктілігі мен қабілеті, құндылықтары мен ұстанымдарына қойылатын талаптарды жүйелеу және қазіргі білім беру жүйесін басқарудың жаңа талаптарына сай білім беру ұйымдарын басқарушылардың құзыреттілігін тӛмендегі сапалармен белгілеуге болады:
карым-қатынас құзыреттілігі (сыртқы, ішкі байланыстар, ӛзара қарым-қатынастар, ӛзара әрекеттесу, т.б.);
ақпараттық құзыреттілік (ақпарат алмасу, ақпараттарды ӛңдеу және пайдалану, ақпарат кӛздерімен жұмыс, т.б.);
кызметтік басқару құзыреттілігі (мәселені анықтау, мақсат қою, жоспарлау, шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, т.б.);
адам ресурстарын дамыту құзыреттілігі (ұжым мүшелерін қолдау, кадрлармен жұмыс, педагогтарды дамыту, ынталандыру, т.б.).
Шетелдік зерттеушілер еңбектерінде қазіргі заман басшылардың құзыреттілігіне берген сипаттамалары, әсіресе, адам ресурстарын басқару құзыреттілігін дамыту туралы еңбектер кӛбірек кездеседі.
Зерттеушілер еңбектерінде берілген тұжырымдар бойынша посткеңестік елдердегі білім беру ұйымдарын басқарушыларға тән құзыреттіліктерді талдау барысында олардың кӛбіне басқарушылық қызметтің іс-әрекеттік компоненттерін қамтитынын байқауға болады. Соған орай, бүгінде түрлі деңгейлердегі білім беру ұйымдарын басқарушылардың қарым-қатынас, ақпараттық және қызметтік басқару құзыреттіліктерін дамыту қажетті үдеріс екенін кӛрсетіп отыр.
Тәжірибе кӛрсетіп отырғандай, білім беру ұйымдарында кӛбінесе, басқарушылардың ӛзіндік дамуын және оған ӛзі басқарып отырған педагогикалық ұжымның инновациялық
мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін тиімді құралдардың бірі– жобалау технологиясы жеткіліксіз дәрежеде пайдаланылады. Оның себебі, жобалаудың ӛзіне тән ерекшеліктері бойынша оны нәтижеге бағытталған әрекеттер және ресурстарды анықтай отырып, белгілі бір логикамен ұйымдастыра білу керек. Соған орай, оны жүзеге асыру басқарушылар мен педагогтардың жоба жетекшілері ретіндегі арнайы құзыреттіліктері болуын қажет етеді.
Педагогикалық жүйелердің барлық құрылымдарында ӛзгерістерді жүзеге асыратын түрлі деңгейлердегі
басқарушылар мен педагогтар екенін белгілі, сонымен қатар, ӛзгерістердің тиімділігі мен нәтижесі олардың жобалау қызметін ұйымдастыра білу деңгейіне байланысты.
Білім беру ұйымдарын басқарушылар мен педагогтардың жоба жетекшілері ретінде жобалау әрекеттерін меңгеруі педагогикалық әрекеттерді сапалы және түбегейлі ӛзгертуге, педагогтар мен білім алушылардың тың идеялар мен жаңа іске ынталануына, жаңа жобаларды белсенділікпен жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды. Сондықтан, бүгінгі таңда түрлі деңгейлердегі басқарушылардың жоба жетекшілері ретіндегі құзыреттіліктерін арнайы қалыптастыру қажеттігі бар.
Жоба жетекшілерін арнайы даярлау оқу зертханалары арқылы жүзеге асырылады. Жобалауды үйренуге арналған оқу-тәжірибелік зертханасының мазмұны мен әдістемесін құрастыру, жүзеге асыру, қорытындылау немесе жоба жетекшілерін дайындау сатысы болып табылады.
Педагогтар мен басқарушылардың жобалауға қатысуы оларды ізденіске, ӛздерінің зерттеу жобаларын жүзеге асыруға, білім беру мазмұнын жаңартуға ықпал етеді. Жобалауды ұйымдастыра білу инновациялық ӛзгерістер жағдайында педагогтардың кәсіби әрекеттерінің маңызды бӛлігіне айналатыны сӛзсіз.
Оқу зертханаларындағы мақсатты бағдарлы үйрету жобаларын жүзеге асыруда басқарушылар мен педагогтардың ӛздерінің іс-әрекет барысында құзыреттіліктерін дамыту, олардың оқу тәжірибелік әрекеттерін ұйымдастыруға назар аударылады. Оқыту мазмұнын айқындау үшін жобалауды басқарушылардың бойында дамытуды қажет ететін сапалары, ӛзгертетін және қайта құратын сапалары анықталады, сӛйтіп, аталған сапалар жобалаудың объектілері болып белгіленеді.