Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет100/139
Дата14.09.2023
өлшемі1,6 Mb.
#107534
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   139
 
 


198 
10.
 
ЗЕЙІН 
 
«Зейін – бҧл кісінің сезімдік – ақыл-ес және қимылдық 
белсенділігін кӛтеруге қажет, ӛмірлік және не идеалды нысанға, 
сананың бағытталуы және шоғырлануы»
1
.
«Зейін – аса маңызды психикалық ҥдеріс. Зейін басқа 
психикалық қызметтер мен әрекет тҥрлерін «қоректендіретін» 
базалық ҥдеріс болып саналады. Зейін келіп тҥсетін ақпараттың 
ҧйымдастырылған және мақсатты тҥрде сҧрыпталуын іске 
асырады, психикалық белсенділіктің объектіде немесе әрекетте 
ҧзақ уақыт және таңдамалы тҥрде шоғырлануын, сондай-ақ 
танымдық ҥдерістердің бағыттылығын қамтамасыз етеді. Зейіннің 
кӛмегімен қабылдаудың нақтылығы мен дәлдігі анықталады, 
естің тҧрақтылығы мен таңдамалылығы, ойлаудың бағыттылығы 
мен нәтижелігі ажыратылады»
2
.
Осылайша, барлық танымдық жҥйе қызметінің сапасы мен 
нәтижесі зейінге байланысты.
 
10.1
 
Ақыл-ойы кем балалардың зейін ерекшеліктері 
 
Жалпы психикалық жетілмеген балаларға сигналды тану 
ҥшін, кӛбірек уақыт керек, ал танудың ӛзі тҧрақты болмайтыны 
белгілі. 
Зерттеуші-ғалымдардың барлығы, зейіннің, оның ішінде 
ырықты зейіннің жеткіліксіздігі туралы айтады. Ақыл-ой кем 
балалардың ырықты зейініне енжарлық тән, кӛңілдері бӛлінгіш. 
Кейбір балаларда, 10–15 минут жҧмыс істегеннен кейін, қимыл-
қозғалыс, мазасыздық басталады. Ал енді біреулері селқос, енжар 
кҥйге ауысады.
Ырықты зейін деңгейінің тӛмендігі, ақыл-ойы кем 
балалардың
ерік-жігер сапаларының жетілмеуімен байланысты. Сонымен 
бірге, әртҥрлі объектілерге балалардың зейіндерінің таралуы,
----------------------------- 
1
Сәбет Бап – Баба

Жантану негіздері. - Алматы: Заң әдебиеті, 2007.-Б. 
128. 
2
Основы специальной психологии / Под ред. Л. В. Кузнецовой. —М.: 
«Академия», 2002. — С.401. 


199 
орындалуы мҥмкін болмайтын әрекет. Себебі, бала тым 
шыдамсыз, әлсін-әлсін орнынан, сабаққа қатысы жоқ сҧрақтарды 
қояды, орнында отырып айғай салады т.б. Мҧндай қозғыш 
олигофрендерде, 
қимыл-қозғалыс 
белсенділіктері 
мен 
кӛңілдерінің бӛлінуі, алаңдау кҥйлері ӛте айқын кӛрінеді.
Кӛмекші мектеп оқушыларының жасы ҧлғайған сайын, 
ырықты зейін кӛлемі ҧлғаяды, тҧрақтылығы мен таралу қасиеті 
анағҧрлым жақсара тҥседі, бірақ зейіннің белсенді шоғырлану 
уақыты, қалыпты қҧрбыларынан әлдеқайда кем болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет