Есту арқылы қабылдау.
Церебральды сал аурулы кейбір
балалардың есту қабілетінің тӛмендеуі жиі байқалады, бҧл ӛз
кезегінде, есту арқылы қабылдаудың қалыптасуы мен дамуына,
фонемалық қабылдауға (айтылуы ҧқсас сӛздерді ажырата алмау)
кері әсер етеді. Есту арқылы қабылдаудың кез келген бҧзылуы,
тілдік дамуды тежейді. Фонемалық қабылдаудағы қателіктер, ең
алдымен жазуда айқын кӛрініс табады.
Сипап-сезу арқылы қабылдау
.
Ӛз қимыл-қозғалыстарын
нашар сезіну мен заттармен іс-әрекет орындау қиындығы, БЦП
балалардың
белсенді
сипап-сезу
арқылы
қабылдау
мҥмкіндіктерінің жеткіліксіздігімен тҥсіндіріледі, оның ішінде,
заттарды сипап-сезу арқылы тануы (стерегноз). Дені сау баланың
қоршаған орта заттарымен танысуы, оларды қолмен ҧстап кӛру
арқылы орындалатыны белгілі. Заттармен іс-әрекеттер жасаудың
193
нәтижесінде, олардың тҥрлі қасиеттері мен белгілері, сапалары
туралы мағлҧмат алады: форма, салмақ, тығыздық, консистенция,
термиялық қасиеттері, ӛлшем, пропорция, фактура т.б.
Стереогноз баланың тумысынан біткен қасиет емес, оған белсенді
заттық іс-әрекет ҥдерісінде ғана қол жеткізуге болады. БЦП бар
балалардың басым кӛпшілігінде, заттық іс-әрекеттер қатты
шектеледі, қолдарының сипап-сезу мҥмкіндігі ӛте әлсіз. Н. В.
Симонованың зерттеу мәліметтері бойынша, БЦП-ң атониялық-
астатикалық формасында, терең интеллектуалды тежелумен бірге,
стерегноздың қалыптасу қиындықтары байқалады. Белсенді
сипап сезу арқылы қабылдау мҥмкіндігінің аздығы, заттар мен
олардың қасиеттерін тҧтас қабылдауға кедергі жасайды, қоршаған
орта туралы білім қорының тапшылығы, әртҥрлі іс-әрекет
тҥрлерінің орнығуына бӛгет болады.
Кеңістіктік
қабылдау,
адамның
қоршаған
ортаны
бағдарлауының негізгі шарты болып табылады. Қоршаған орта
туралы ҧғымдарды меңгеру дегеніміз – ол кеңістіктік қатынастар
мен белгілерді ажырату, оларды сӛзбен дҧрыс жеткізе білу,
әртҥрлі іс-әрекет тҥрлерінде, кеңістіктік қатынастарды бағдарлай
білу. Кеңістіктік талдау негізгі рӛлге қимыл-қозғалыс
анализаторы жауап бергенімен, ол анализаторлардың біртҧтас
кешенімен жҥзеге асады. Қимыл-қозғалыс кемістігі, кӛру
аумағының шектелуі, кӛз жанарын тіктей алмау, тілдік кемістік –
мҧның барлығы, кеңістікті бағдарлау қабілетін тежейді, ал мектеп
жасына жеткенде, БЦП балада айқын кеңістіктік бҧзылу
байқалады. БЦП-ң барлығында, кеңістіктік қабылдаудың
бҧзылуы орын алады. Гемиплегияда бҥйірлік бағдарлау
бҧзылады, диплегияда тік сызықтағы бағдар (вертикальдық),
тетраплегияда – алдан артқа қарай бағдар жасау (сагиттальдық)
бҧзылады.
Тетраплегияда
сонымен
бірге,
кеңістіктік
қабылдаудағы дӛрекі бҧрмаланудың баланың психикасына
тигізетін зардабы ӛте ауыр.
Балалар жасындағы
кеңістіктік-уақыттық қатынастардың
дамуы, ӛте кҥрделі ҥдеріс болып табылады. Мектепке дейінгі
жаста, уақыт туралы мағлҧматтың қалыптасуы, іс-әрекетті
тҥсінумен және қоршаған орта қҧбылыстарының ҧзақтығын,
жылдамдығын, ретін тҥсінумен байланысты. Бҧл кезеңде, балалар
уақыт белгілерін ажыратуды ҥйренеді, яғни олар табиғаттағы
194
маусымдық ӛзгерістерді бақылай алады, тәулік мезгілдеріне сай,
ӛз іс-әрекеттерін ретпен ҧйымдастыра алады. Мектепке дейінгі
жастағы уақытты қабылдау, ҥйреншікті істер жҥйесімен
байланысты, оның ішінде, кҥн тәртібімен, мысалы: «Дене
жаттығуларын жасау – таңертеңгілік мезгілдің болғаны». Кеңістік
пен уақытты қабылдау қажеттілігімен, балалар ӛздерінің
практикалық, ойын, басқа әрекеттері барысында кездеседі. БЦП
бар
балалардың
кеңістіктік
және
уақыттық
қабылау
қабілеттерінің әртҥрлі буындары зардап шегуі мҥмкін: сезімдік
қабылдау, заттық-кеңістіктік және уақыттық бағдар, қозғалыс
актісін кеңістікте ҧйымдастыра білу, кеңістіктік және уақыттық
компоненттерді сӛзбен жеткізе білу.
Н. В. Симонованың мәліметтеріне сҥйене отырып, БЦП бар
балалардың
кеңістіктік-уақыттық
қатынастарының
дамуы,
кӛптеген қиындықтармен байланысты екенін сеніммен айтуға
болады. Әсіресе, қҧбылыстардың ҧзақтығы мен реті, кеңістіктік
қатынастардың
кӛмегімен
анықталатын болса,
айрықша
қиындықтар туындайды.
Н. В. Симонованың айтуынша, айқын спастикалық белгілері
бар балалардың кеңістікті бағдарлау мҥмкіндіктерінде бҧзылу
байқалады, ол кӛлемді заттармен алғаш танысқанда, пайда
болатын қорқыныш сезімімен қатар жҥреді. Сонымен қатар, БЦП-
ң гиперкинетикалық формасында, балалар кеңістіктік қабылдау
қабілетін бҧрын байқатады, әрі қарапайым қорытындылау
қабілеті ерте кӛзге тҥседі. Олардың ӛз денесінің сызбасы жайлы
мағлҧматтары саналы тҥрде қалыптасады, ал БЦП-ң басқа
формасындағы балаларда, бҧл уақытта ӛз денесінің орналасуы
туралы, тек формальды мағлҧмат болады, оның ӛзінде ҧзақ уақыт
ҥйреткеннен кейін. Ойыншықтың жеке бӛліктерінің орналасуы
мен оны тану, яғни дене сызбасының абстрактілі тҥрін меңгеру,
бҧл балалардың барлығында бҧзылады. БЦП-ң атониялық-
астатикалық формасындағы 3-4 жастағы балаларда, интеллект
дамуының тежелуімен қатар, кеңістіктік бағдардың толық
бҧзылуын (дезориентация) аңғаруға болады.
Л. А. Данилованың зерттеулері, БЦП бар мектеп
оқушыларының кӛпшілігінде, стерегноз кемістіктері кешенді
тҥрде кездесетіндігін айтады, яғни форма мен кеңістіктік
мағлҧматтарды кӛру арқылы қабылдау кемістігі, белгілі болған.
195
Бҧл қызметтердың бҧзылуы оқу ҥдерісіндегі сызу, геометрия,
география пәндерін меңгеруді барынша қиындатады. Одан басқа,
бҧл кемістіктер, дисграфия мен дислексияның негізінде орын
алады. Коррекциялық жҧмыс ҥдерісінде, алдымен, кӛру арқылы
қабылдау кемшілігі, одан кейін кеңістіктік қабылдау, одан кейін,
астерегноз компенсацияланады.
Осылайша, БЦП бар балалардың ӛмірінің алғашқы
жылында-ақ, қоршаған орта әлемін белсенді қабылдау ҥдерісінде
бҧзылу болады, бҧл кӛбіне тамаша интеллетуалы мҥмкіндіктер
бола тҧра, психикалық дамудың тежелуіне себеп болады, себебі
қабылдау, сезімдік таным ретінде, барлық психикалық танымдық
жҥйенің іргетасын қалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |