Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Есту қабілеті зақымданған балалардың есте сақтау



Pdf көрінісі
бет109/139
Дата14.09.2023
өлшемі1,6 Mb.
#107534
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   139
 
11.3. Есту қабілеті зақымданған балалардың есте сақтау 
ерекшеліктері 
 
Есту қабілеті бҧзылған балалардың есте сақтау немесе жады 
қабілеттерін зерттеу, психологияда ӛзіндік маңызға ие, себебі ол 
есту қабілетінің зақымдану дәрежесі (бірінші кемістік) мен 


211 
сӛйлеудің дамуы (туынды кемістік), есте сақтау мҥмкіндігіне 
қалай әсер ететіндігін анықтауға жағдай жасайды.
Бейнелі есте сақтау
 
ҥдерісі саңырау балалардың
 
қабылдаған 
объектілерді талдау әрекетімен, оны жаңадан қабылданған 
ақпаратты, бҧрынғы қабылданған мағлҧматпен сәйкестендіру 
жолымен жҥзеге асады. Саңыраулардың кӛру арқылы 
қабылдауының спецификалық ерекшеліктері, олардың бейнелі 
есте сақтауының тиімділігіне әсер етеді. Кейде олар, қоршаған 
ортадағы заттар мен қҧбылыстарды, қажетсіз кӛмекші белгілер 
ретінде есте сақтайды. Т. В. Розанованың зерттеулері бойынша, 
кӛрнекі материалды ырықты есте сақтау қабілеттері, қалыпты 
балаларға қарағанда анағҧрлым қалыңқы. Мектеп жасына дейінгі 
балалар, заттардың орналасу орындарын шатастырады. Мектеп 
жасындағы балалар, сырт бейнесі ҧқсас немесе қызметтері ҧқсас 
заттарды, олардың орналасу нҥктесін шатастырады. Ал, сҧлбалық 
фигураларды 
есте 
сақтауда. 
Саралаудың 
жетіспеушілігі
байқалады. Мысалы, қандай бір нақты фигураны бейнелеп 
салудың орнына, бірнеше фигураның белгілерінен топталған 
фигураны бейнелеген. Әр фигураға тән белгілерді жинақтап, 
нақты бір фигура шығарады. Мҧнда олар сӛздік нҧсқауларды есте 
сақтау қҧралы ретінде пайдаланбаған, пайдаланған кҥнде 
объектіні нақты сипаттай алмаған, сондықтан, заттарды ойша 
жинақтау мен салыстыру ӛте қиын орындалған.
Есте сақтаудың ырықты және ырықсыз тҥрлері, есте 
сақтаудың тҧрақтылығына, саналылығына, ойда ҧзақ сақталуына 
ӛз әсерін тигізеді. Саңырау балалардың есіндегі заттар бейнесінің 
ӛзгеруі, екі бағытта жҥзеге асады: есте сақталған объектінің 
ӛзіндік белгілерінің жоғалуы бағытында және ӛзіндік белгіні 
кҥшейту бағытында. Еститін балалардың есінде, объектілердің 
бейнелері, анағҧрлым ҧзақ және тҧрақты сақталады. 
Есте сақтаудың бҧл тҥрінің дамуында, кҥрделі мәселелер 
туындайды, арнайы оқыту жағдайында, сӛйлеу қабілетінің 
кемістігіне байланысты, сӛздік есте сақтау қабілеті кеміс дамиды.
Сӛздік есте сақтау қабілеті, саналылығымен ерекшеленеді. 
Еститін балалар, кейде мағынасы жағынан ҧқсас сӛздерді 
пайдаланса, саңырау балалар, сыртқы бейнесі немесе дыбыстары 
ҧқсас сӛздерді пайдалануы мҥмкін. Мағыналық жағынан туыстас, 
тҥбірлес сӛздерді, кейде бір-бірінен ажырата алмайды. Сӛздерді 


212 
есте сақтаудың нәтижесі, оның қандай грамматикалық
категорияға жататындығына байланысты. Себебі, саңырау 
балалар затқа бірден қатысты, зат есімдерді жақсы меңгереді. Ал 
сын есім, етістік сияқты грамматикалық категориялар, ойлау 
операцияларын қажет етеді. Сӛйлеудіе ҥйренуде, олар сӛзді тҧтас 
мағыналық бірлік ретінде қабылдамайды, керісінше, әріп, буын 
сияқты элементтердің қосындысы ретінде қабылдайды. Тіпті, 
сӛзді қабылдау ҥшін, олар белгілі бір уақыт пен кҥш жҧмсайды. 
Кейде сӛздің дыбыстық, әріптік қҧрамы ӛзгереді, мҧндай 
алмастырулар сӛз мағынасының жеткіліксіз саралануынан 
болады. Сондай-ақ, саңырау балалар есте сақтауда, басқа 
жанама тәсілдерді қолдана алмайды. Сӛз сияқты, сӛйлемдер мен 
мәтіндер, тҧтас бірлік ретінде қабылданбайды. Саңырау балалар 
мәтінді 
немесе 
сӛйлемді 
ҥнемі 
тҧтас, 
иерерхиялық 
ҧйымдастырылған жҥйе ретінде, біртҧтас мағыналық бірлік 
ретінде қабылдай бермейді. Мҧның себебі, сӛйлемдер мен мәтін 
мазмҧнын, тиісті жоғары деңгейде тҥсінбеумен байланысты. 
Саңырау балалар сӛйлемдерді бӛліктермен, кейбір сӛздерін 
тастап қолданады, бҧл ӛз кезегінде, сӛйлемнің мағынасын бҧзып, 
аграмматикалық қҧрылымға айналдырады.
«Саңырау балалардың сӛздік есте сақтау қабілетінің дамуы,
бірнеше кезеңнен ӛтеді ( И. М. Соловьев). 
Бірінші кезеңге 
(1-3 
сыныптар), есте сақтаудың кең таралған тҥрі, қабылданатын 
материалдың қайталаудан қайталауға байланысты ҧлғаюы тән. 
Бҧл кезеңде, бала мәтінді мҥлде тҥсінбеуі мҥмкін, сондықтан 
мәтіннің әрбір элементі бӛлік ретінде, ал мәтіннің ӛзі, сол 
бӛліктердің ретпен орналасуы ретінде қабылдануы мҥмкін. 
Екінші кезеңге 
(4-7 сыныптар), есте сақтаудың қамтып алу тҥрі 
тән, мҧнда бала мәтіннің жалпы мазмҧны мен тірек сӛздерін есте 
сақтайды, 
сӛйтіп 
жетіспейтін 
элементтерді 
біртіндеп 
толықтырады. 
Үшінші кезеңге
(8-9 сыныптар, мәтінді толық 
тҥсіну мен есте сақтау сипаты тән»
1

--------------- 
1
Основы специальной психологии / Под ред. Л. В. Кузнецовой. —М.: «Академия», 2002. — 
С.445. 


213 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет