Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Кӛру қабілеті зақымданған балалардың жеке



Pdf көрінісі
бет81/139
Дата14.09.2023
өлшемі1,6 Mb.
#107534
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   139
 
8.4. Кӛру қабілеті зақымданған балалардың жеке 
тҧлғалық дамуы және эмоционалды-ерікті саласы 
 
Соқырлық пен нашар кӛрушілік айқын эмоцияға, сезім 
дамуына ӛзінше әсер етеді. Яғни, жағымды және жағымсыз 
эмоциялар дәрежесі ӛзгереді. Ең басты нәрсе - кӛру қабілетінің
кҥрт тӛмендеуі немесе мҥлдем жоғалу қаупі. Бҧл кезеңде, стресс 
кҥйі пайда болады. Соматикалық әлсіздікпен қосылған 
ашушаңдық, кҥйгелектік, мінез-қҧлықтағы кҥрт ӛзгерістер пайда 
болады. Эмоциональды реакциялар кӛбіне, адамдардың мінез-
қҧлқына, ерік-жігер саласына кері әсер етеді.
------------------------------- 
1
Синяк В.А., Нудельман М.М. Особенности психического развития глухого ребенка. – М., 
1975. - С.98-99. 


148 
Тифлопсихологиялық әдебиетте, соқырлардың эмоционалды 
кҥйлері мен сезімдері туралы, негізінен бақылау арқылы алынған 
мәліметтерден табылады (А. Крогиус, Ф. Цех, К. Бюркли). 
Адамның эмоциясы мен сезімдері, оның нақты объектілер мен 
субъектілерге кӛзқарасын білдіретіндіктен, кӛру бҧзылуының 
әсерінен, ӛзгеріске ҧшырамай тҧрмайды. Себебі, кӛру 
бҧзылуында, адамдардың сезімдік таным саласы тарылады, 
қажеттіліктері мен қызығушылықтары ӛзгереді. Соқырлар мен 
нашар кӛретіндердің эмоциялар мен сезімдер жиынтығы, кӛретін 
адамдағыдай, олардың кӛрінісі сау адамдағыдай болады, тек 
олардың даму дәрежесі мен деңгейі, ӛзгешерек болуы мҥмкін. 
Ауыр эмоционалды кҥйлердің пайда болуына, соқыр адамдардың 
сау адамдардан айырмашылығын тҥсінуі себеп болады (4-5 
жаста). Жасӛспірімдік шақта, олар ӛздерінің кемістігін тереңірек 
тҥсінеді, уайымға беріледі, мамандық таңдауда, отбасын қҧруда, 
ӛмірлік серігін таңдаудағы шектелуді саналы сезінеді.
Ал, ересек адамдар кӛру қабілетін жоғалтқанда, ауыр стресс 
кҥйіне тҥседі. Жақында ғана кӛру қабілетінен айрылған адамға, 
ӛзін-ӛзі тӛмен бағалау, тӛмен деңгейдегі ынта, айқын 
депрессиялық мінез-қҧлық компоненттері тән.
Кӛретін 
адамдармен 
салыстыратын 
эксперименталды 
зерттеулерде, соқыр және нашар кӛретін балалардың адамдармен, 
қоғаммен, 
заттармен 
қарым-қатынасындағы 
эмоцияларын 
кӛрсетуінде сәтсіздіктер анықталған. Нашар кӛретін балалар мен 
кӛрмейтін балалардың эмоционалды қатынастарын, тҥрлі ӛмірлік 
жағдаяттарда салыстырғанда, кейінгілердің анағҧрлым сезімтал 
екендігі анықталған. Сонымен қатар, нашар кӛретін балалар, 
тотальды 
соқыр 
балалармен 
салыстырғанда, 
кӛбірек 
эмоционалдылы пен алаңдаушылық танытқан. Тағы бір дерек, 
мектеп-интернатта тҧратын балалар, отбасында тҧратын 
балалармен салыстырғанда, ӛзін-ӛзі бағалауда, ӛз мҥмкіндіктеріне 
сенімсіздік танытқан. Бҧл кӛру қабілеті бҧзылған балалардың 
эмоциялары мен сезімдерінің дамуында, әлеуметтік орта мен 
адекватты жағдайлардың маңызды рӛл атқаратындығын
дәлелдейді: соқыр бала, қоғам мен ӛз ӛміріндегі коррекциялық–
педагогикалық жайлардың ҧйымдастырылуына тәуелді. Сондай-
ақ, соқырларға белгісіз, кӛрмеген, қауіпті кеңістік алдындағы 
қорқыныш сезімі тән. Бірақ, бҧл қорқыныш тек ата-аналардың 


149 
қате ҥйретуімен, баланың ӛз қажеттіліктерін қанағаттандыруға 
талпыныстарының сәтсіз аяқталуымен пайда болады. Бҧл жағдай, 
тірі объектілермен танысуға қатысты, тірі объектілерді тексеру 
қорқынышы мен қаупін жою, тек танымдық қызығушылықтар 
мен танымдық қажеттіліктерді дамытуды, дҧрыс жолмен жҥргізсе 
ғана мҥмкін болады.
Соқырларды кӛру кемістігі жоқ адамдармен салыстырғанда, 
эмоционалды кҥйлері аз, олар байсалды, сабырлы, болады деген 
қате ҧғым қалыптасқан. Бҧл олардың мимикасында, ымдау 
белгілері мен дене кҥйлерінде, ішкі кҥйлердің кӛрініс бермеуімен 
тҥсіндіріледі. Бірақ, олардың сӛйлеудегі екпін мен әуезден, ішкі 
кҥйлерін айқын ҧғуға болады. Соқырлардың ӛзге адамдардың 
эмоцияларын, дауысынан, дауыс қарқынынан, екпінінен, 
сӛйлеудің басқа экспрессивті белгілерінен ажыратулары, 
соқырлардың айтушы эмоциясын анағҧрлым анық, дәл қабылдай 
алатындығын дәлелдейді. Ӛзгелердің эмоционалды кҥйлерін 
бағалай отырып, олар сӛйлеуші адамның белсенділік, 
алаңдаушылық, доминанттық тәрізді, тҧлғалық сапаларын 
адекватты бағалайды.
Кейбір соқыр және нашар кӛретін балаларда, жҧмыс істеу 
қабілеті ӛте тӛмен. Олар тапсырма орындауда ӛте баяу, кӛп 
қателер жібереді. Мҧғалім оқушыға кӛмек бере отырып, оның іс-
әрекетіне дҧрыс бағыт береді, ерік-жігерін белсендіреді. Бҧл 
балалардың ерік-жігерін дамыту, олардың қиындықты жеңе білуі 
ҥшін ӛте маңызды.
«ХХ ғасырдың басына дейін, соқыр адамдарды қоғамға 
пайдасы жоқ, қажетсіз деп есептеп, олардың жеке тҧлға екендігі 
мойындалған 
жоқ. 
Себебі, 
кӛру 
кемістігінің 
орны 
толтырылмайды деп есептеліп келді. Ең алғаш рет, дефектология 
саласында, сенсорлық жетіспеушілік жағдайындағы, жеке
тҧлғалық даму туралы Л. С. Выготский айтқан болатын. Л. С. 
Выготскийдің айтуынша, кез келген кемістік, кез келген дене 
ақауы, адамдардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын 
ӛзгертеді. Яғни, адамдардың органикалық кемшіліктері, 
әлеуметтік қарым-қатынасқа ықпал етеді, мҥгедек адамның 
әлеуметтік дәрежесін тӛмендетеді, ӛзіндік мінез-қҧлықтың 
қалыптасуына әсер етеді. Мысалы, зағип адамдар, кӛретін 
адамдардан аулақ болуға, шарасыздыққа, жақындарына масыл 


150 
болуға әдеттенеді. Шындығында, соқыр адамдар, біз ойлағандай, 
ӛздерін қараңғылықта сезінбейді, себебі, бҧл олар ҥшін 
психологиялық айғақ емес. Тек ол адам, ӛзінен денсаулығы 
жағынан ӛзгеше адамдармен қарым-қатынас жасағанда, ӛз 
жағдайы психологиялық айғаққа айналады.
Әлеуметтік қарым-қатынастың бҧзылуы, туа біткен 
соқырлық пен кӛру қабілетін ерте жоғалтқан адамдардың, жеке 
тҧлғалық дамуында, бірқатар ауытқулар туғызады. Жоғары 
білікті педагогикалық кӛмек кӛрсетілмесе, жағымсыз мінез-қҧлық 
ерекшеліктері пайда болады. Егер баланы шектен тыс 
қамқорлыққа алса немесе керісінше, қамқорлықтан тыс қалдырса, 
кері мінездер қалыптасады. Мысалы: моральды жағынан – 
эгоцентризм, ӛзімшілдік, жауапкершілік пен парызды сезінбеу, 
жолдастық сезімді тҥсінбеу; ерік-жігер жағынан – ӛз бетімен 
әрекет етуге қабілетсіздік, шешім қабылдауда дәрменсіздік,
иланғыштық, қырсықтық; эмоциональды жағынан – айналадағы 
оқиғаларға селқостық, қаталдық, сезімсіздік; интеллектуалды 
жағынан – танымдық қызығушылықтың болмауы, жаңа нәрсеге 
қызықпау т.б.
Соқыр адамдардың қоршаған ортамен қарым-қатынасының 
шектелуі, 
тҧйықтыққа, 
қарым-қатынасты 
қажетсінбеуге, 
дӛрекілікке, ӛз қиялында ӛмір сҥруге мәжбҥр етеді. Бҧл аталған 
ерекшеліктер, нағыз кемістікпен тікелей емес, жанама
байланысты. Сондықтан, жеке тҧлғаның дамуына, қалыптасуына, 
негізінен, әлеуметтік факторлар әсер етеді. Олардың әсері, 
кемістіктің пайда болу уақытына, тереңдігіне байланысты емес. 
Оқыту мен тәрбиелеудің дҧрыс ҧйымдастырылған жағдайында, 
баланы шамасы келетін іс-әрекетке араластырғанда, оның 
әрекеттену талабы пайда болғанда ғана, кӛру анализаторының 
кемістігі сезілмейді.
Кӛз жанарын жоғалту, баланың эмоционалды-ерікті 
саласында, мінез-қҧлқында, тҥйсігінде, сезім тәжірибесінде
ӛзіндік ерекшеліктер қалыптастырады. Оларда ойын, оқу, кәсіби 
әрекеттер барысында, қиындықтар туындайды. Ӛскен сайын,
тҧрмыстық мәселелер кӛптеп пайда болады, олар кҥйзеліс, уайым 
сияқты кері реакцияларға себеп болады.
Зағип адамдардың қоғамдық байланыстары, білім алуы, 
жҧмыс істеуі т.б. оның сенсорлық кемістігіне байланысты


151 
мҥмкіндікті шектейді, кӛп жағдайда, оның ҧжымнан бӛлініп 
қалуына тура келеді. Осыған байланысты, оларды арнайы 
бейімдеу және кӛрмей қалған адамдарды жағдайға дағдыландыру 
жҧмыстары жҥргізіледі (мектеп, қалпына келтіру орталықтары, 
реабилитациялық 
кабинеттер 
т.б.). 
Мҧндағы 
мамандар, 
соқырлардың депрессиясын, кемістігі мен іс-әрекетіне деген 
жағымсыз кӛзқарастарын жоюға, қарым-қатынастың жаңа 
тҥрлеріне дағдыландыруға бағытталған жҧмыстар жҥргізеді. 
Адамның ӛз кемістігіне деген реакциясы, жеке тҧлғаның ӛзіндік 
ерекшеліктеріне, аурудың дәрежесіне, уақытына байланысты. 
Әсіресе, егде жасқа келген адамдар, кӛз жанарын жоғалтқанда, 
терең психикалық соққы алады. Ал, бірден кӛрмей қалған 
адамдардың реакциясы, кӛру қабілетінен біртіндеп айрылғандарға 
қарағанда, анағҧрлым ауыр болады»
1
.
«Э. Келлер, ең ауыр нәрсе, соқырлықтың ӛзі емес, кӛретін 
адамдардың соқырға деген кӛзқарасы деп есептейді.
Т. Руппонен болса, соқырлардың ӛзін-ӛзі бағалаудағы
ӛзгерістері, оның ӛз кҥйіне бейімделуімен байланысты екендігін, 
сондай-ақ, тумысынан соқыр балалар, ӛз дамуында басқа 
қҧрбыларынан ӛзгеше екендігін саналы тҥрде ҧғынумен 
байланысты, бірнеше психологиялық дағдарысты басынан 
кешіретінін айтады. Әсіресе, жасӛспірімдік шақта бҧл дағдарыс 
ӛте ауыр тҥрде ӛтеді, яғни, жасӛспірімдік шақта, әлеуметтік 
қатынастардың бҧзылуы асқынатын себебі, балалар ӛздерінің 
кӛру кемістігін сезінетіндігімен байланысты.
Психологиялық кикілжің (конфликт) немесе психологиялық 
дағдарыс (кризис) жағдайынан шығу ҥдеріс 4 кезеңде ӛтеді. В. С. 
Мерлиннің анықтамасы бойынша, 1 кезеңде – терең депрессия, 
еш әрекет жоқ. 
2 кезеңде мҥгедек адам, ӛзінің мҥгедектігін ҧмыту ҥшін,
кӛңілін әрнәрсемен алдандырады. 
3 кезеңде мҥгедек адам, ӛзінің шығармашылық мҥмкіндігін 
жҥзеге асыра бастайды.
4 кезеңде мҥгедектің мінез-қҧлқы мен әрекет тҥрі біржола 
----------------------- 
1
Основы специальной психологии / Под ред. Л. В. Кузнецовой. —М.: «Академия», 2002. — 
С.312. 


152 
қалыптасады, ӛмір сҥру формасы бекиді»
1
.
Соқыр баланы шектен тыс қамқорлық жағдайында 
тәрбиелеу, аса қиын, психологиялық-педагогикалық мәселе 
болып табылады. Отбасының ересек мҥшелері, баланы сәл 
қиындықтан шеттетіп, барлық тілегін ӛздері орындап, ӛзін 
ешнәрсеге ҥйретпейді. Шамадан тыс кӛп қамқорлық жасау, соқыр 
баланың кемістігінің орнын толтыру мақсатындағы, оған деген 
сҥйіспеншілікпен, мақтау-мадақтаумен, кӛтермелеумен кӛзге 
тҥседі. Сӛйтіп, бала еркетотай, ӛзімшіл, ӛз бетімен ӛмір сҥруге 
дәрменсіз жанға айналады.
Онда таза қажеттілік психологиясы қалыптасады, қажетті 
жеке тҧлғалық сапалар – еңбексҥйгіштік, ӛз бетімен әрекеттену, 
бастамашындық, жауапкершілік, ерік-жігер, тӛзімділік тәрізді 
сапалар қалыптаспайды.
Отбасындағы қарым-қатынастардың соқыр баланың жеке 
тҧлғасында теріс, жағымсыз сапаларының қалыптасуына әкелетін 
екінші бір нҧсқасы, ата-ана тарапынан кӛрсетілетін деспотизм. 
Ересек адамдар, бірінші орынға қаталдық пен қатігездікті қояды. 
Әрі баладағы кӛру кемістігіне байланысты туындайтын 
қиындықтарды, назардан тыс қалдырады. Ересек адамдардың 
еркіне бағынуға мәжбҥр болған бала, оған деген ашық немесе 
жасырын жауласу сезімінде болады, біртіндеп ашық тҥрде 
бағынбауға ауысады. Ал, кейбір балалар мҧндай жағдаяттарда, 
тҧйықталып қалады, ӛзінің ішкі әлеміндегі қиялға беріледі. Бала
ӛз бетімен әрекет ете алмайтын, жаншылған, бастамасыз болып 
ӛседі, ҧзаққа созылған, бітпейтін ерегіс жолына тҥседі, ҥнемі 
ашық немесе жасырын агрессия кҥйінде болады. 
Отбасылық қолайсыз қарым-қатынастардың ҥшінші бір 
нҧсқасы, ата-ана мен соқыр баланы ӛзара тҥсініспеушілікке, 
рухани алшақтыққа әкеп соқтыратын, эмоционалды шеттеу мен 
бӛлектену болып табылады. Мҧндай отбасыларында, соқыр 
балалар ӛздерінің ешкімді кіргізбейтін ішкі әлемінде, ӛздері 
тҧйықталып ӛседі. Онда ата-анасымен, отбасы мҥшелерімен, 
кеңірек әлеуметтік ортамен қарым-қатынас қажеттілігі 
------------------------------ 
1
Основы специальной психологии / Под ред. Л. В. Кузнецовой. —М.: «Академия», 2002. — 
С.313. 


153 
қалыптаспайды.
Соқырлардың жеке тҧлғалық даму ерекшелігі туралы, 
жоғарыда келтірілген деректер, оларға ерте кӛмек беру мәселесін 
алға қояды. Олардың жеке тҧлғалық дамуы белсенді қалыптаса 
бастаған кезеңде, қажетті реабилитациялық жҧмыстар жҥргізу, 
теріс ӛзгерістердің алдын-алу жҧмыстарын жҥргізу керек. 
Әлеуметтік-психологиялық реабилитацияның ең шешуші кезеңі, 
мҥгедектердің қоғамдық орнын қалпына келтіру кезеңі, яғни, 
ҧжымдағы алатын орны мен тәрбиесі. Сонымен бірге, қоғамдық 
ортаның тифлологиялық білімнен хабардар болуы, кӛретін 
адамдар 
ортасының, 
оларға 
тҥсіністікпен 
қарауы, 
реабилитациялық жҧмыстың тиімділігіне кепілдік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет