Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет79/139
Дата14.09.2023
өлшемі1,6 Mb.
#107534
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   139

апатия
 
да, науқастың алды болып саналады. 
Бҧл эмоцияның бҧзылуының бір тҥрі. Кейде, ақыл-ойы кем 
оқушыларда, баланың жасына сай емес, ӛмірге деген селқостық, 
ешнәрсеге қызықпау, сҥлесоқтық пайда болады. Бҧл жағдайда, 
мҧғалім баланы бірден невропатологқа кӛрсетуі керек.
 
8.2. ПДТ балалардың жеке тҧлғалық дамуы мен 
эмоционалды-ерікті саласындағы ерекшеліктері 
 
Жеке тҧлғаның даму кезеңдері – бҧл баланың біртіндеп, кӛп 
сипаттағы әлеуметтік қатынастарға тҥсуі, әрі жеке тҧлғаның
тҧтас және иерархияланған қҧрылымының қалыптасуы. Басқаша 
айтқанда, жеке тҧлғалық даму ҥдерісінде, баланың ӛзі мен 
ӛзгелерге қатысты, белгілі бір әлеуметтік бағдары қалыптасады.
Баланың ӛркениетке кіріге ӛсу шарты, дамудың екі 
бағытының – жаратылыстану (биологиялық) және әлеуметтік 
(мәдени) – бірлігі болып табылады. «Екі бағыттағы ӛзгерістер де, 


143 
бір-біріне ӛзара кірігеді және шын мағынасында, баланың тҧтас
әлеуметтік-биологиялық жеке тҧлғасын қалыптастырады»
1

Осылайша, баланың жеке тҧлға ретіндегі қалыптасу 
деңгейіндегі ауытқулар мен тежелулер, оның ағзасындағы
психофизиологиялық бҧзылулармен, сонымен қатар, Л. С. 
Выготский бойынша, баланың мәдени дамуындағы ауытқулармен 
тҥсіндіріледі. Тәрбиедегі теріс әсерлер және олардың ОЖЖ 
қызметінің жеңіл бҧзылуларымен қатар келуі нәтижесінде, 
баланың жасӛспірімдік шағында, дизонтогенездің спецификалық 
тҥрлері қалыптасуы мҥмкін. Ол мінез-қҧлықтың патологиялық 
белгілермен қалыптасуымен анықталады. Жеке тҧлғалық 
дамудың патологиялық деңгейінің тигізетін зардабы ретінде, 
әлеуметтік-психологиялық 
бейімделудің 
қиындығы 
болып 
табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тҧлғалық 
деңгейінің қалыптасуындағы ауытқулар туралы айтқанда, ондағы 
кез-келген 
психикалық 
ҥдерістердің 
уақытында 
дамымайтындығын ҧмытпаған жӛн. Мҧның барлығы, ӛз кезегінде 
әлеуметтік–психологиялық бейімделу деңгейінде айқын кӛрініс 
береді.
Қазіргі заманғы зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, жеке 
тҧлғалық ерекшеліктер темперамент қасиеттеріне тәуелсіз, әйтсе 
де, іс-әрекет пен мінез-қҧлықтың энергетикалық компоненттері 
оның ықпалын сезінеді, нақты айтқанда: ағзаның жалпы 
белсенділік деңгейінде, ағза әрекетінің ырғағында, кез келген 
әсерге жасалатын реакцияның сипатында, жаңа нәрсеге реакция 
жасауда, интенсивті эмоционалды реакциялар деңгейінде, кӛңіл- 
кҥй сапасында, зейіннің шоғырлану қабілетінде, мақсатқа 
жетудегі табандылықта, ӛзгермелі жағдайларға бейімделе білуде. 
 
Іс-әрекет пен тәртіп мінездемесінің, жоғарыда аталған 
белгілері, жҥйке жҥйесінің қасиеттерімен тығыз байланысты 
болып, басқа психикалық ерекшеліктермен салыстырғанда,
анағҧрлым тҧрақты және ӛзгермейтін белгілер болып табылады.
«Баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасының дара-типі негізі 
ретінде, темперамент мінез-қҧлықтың қалыптасу базасы болып 
-------------------- 
1
Выготский Л. С.
 
Собр. соч.: В 6 т. — М., 1982. 3 т. – С.31. 


144 
табылады, ол адамның қоршаған орта мен ӛзіне деген тҧрақты 
қатынасында, айқын кӛзге тҥсетін, танымдық және қарым-
қатынастық әрекеттерден кӛрінеді. 
Мектепке дейінгі жаста, ерте сәбилік шақтан бастап, 
әлеуметтік- психологиялық бейімделуді сәтті қамтамасыз ететін 
критерийлерге сай, жеңіл, аралық және ауыр темперамент 
тҥрлерін ажыратады. Жеңіл темпараментті
 
бала, дездаптацияға 
және қоршаған ортаны кері сипатта қабылдауға негіз болатын, 
айқын ӛзіндік ерекшелік байқатпайды. Аралық темпераментті 
бала, сырт қарағанда, аздап ӛзгеше болып кӛрінеді, (мысалы, 
жаңа стимулдарға интенсивті кері реакция жасау, нашар 
бейімделу, кӛңіл-кҥйінің тӛмендігі, сыртқы әсерлерге реакцияның 
әлсіздігі). 
Ауыр темпераменті балада, қоршаған ортамен ӛзара әрекет 
қиындығын туғызатын, реакция ӛзгешелігі байқалады. 
Бҧлардан басқа, мектепке дейінгі жаста, бір темпераментке 
тән, темпераменттік сипаттардың қалыптасу жҥйесін кездестіруге 
болады 
(меланхолиялық, 
сангвиниктік, 
флегматиктік, 
холериктік). Жеке алғанда, темпераментті жаман, жақсы деп 
анықтауға болмайды, бірақ жҥйке жҥйесінің ҥш негізгі қасиетінің 
комбинациясына байланысты (кҥш-әлсіздік, салмақтылық–
ҧстамсыздық, шапшаңдық–инерттілік) әр темпераменттің кҥшті 
және әлсіз жақтары бар, оларды ескермеу, жеке тҧлғаның 
қажетсіз, жағымсыз белгілерінің қалыптасуына, дезадаптациялық 
мінез-қҧлыққа, баланың жҥйке әлсіздігіне әкеп соқтырады»

ПДТ балаларда жиі кездесетін ауыр темперамент белгілері: 
жоғары моторлық белсенділік; кӛңілі бӛлінгіштік; тӛмен 
деңгейдегі тӛзімділік; кӛңіл-кҥйдің бҧзылуы; 
Осылайша, темпераменттік ерекшеліктер деңгейінде, ПДТ 
балаларда, эмоционалды тепе-тендіктің қалыптасуы, мінез-қҧлқы 
мен іс-әрекетін ҧйымдастыруда, қиындықтардың тууына қолайлы 
жағдайлар жасалады. Егер ересек адамдар жағынан, яғни 
әлеуметтік орта тарапынан, баланың психикалық және әлеуметтік
----------------------- 
1
Специальная психология / Под ред. В.И.Лубовского. 2-е изд., испр. – М.: Изд. центр 
«Академия», 2005. - С.130-133. 


145 
дамуының сезімтал жақтары ескерілмесе, онда жеке тҧлғаның 
анағҧрлым ересек жасында кӛзге тҥсетін, патологиялық 
сипаттардың пайда болуына тікелей жол ашылады.
Темпераменттің кӛмегімен пайда болатын мінездеменің бірі, 
эмоционалдылы болып саналатындықтан, психикалық дамудың 
тежелуінде эмоционалды интеллект деңгейі, қалыпты дамудан
тӛмен екендігін айтуға болады, ал бҧл жай тиімді 
әлеуметтендірілуге кедергі жасайды.
Әртҥрлі әдістерді қолдану барысында (баланың ӛзімен ӛзара 
сенім жағдайында әңгімелесу, ата-аналарға сауалнама толтырту, 
ҥрейлі тҥстерді бейнелеу, балалар апперцепциясы тестін 
қолдану), ПДТ және қалыпты дамудағы балалардың, қорқыныш
қҧрылымдарының жалпы және спецификалық заңдылықтары 
анықталды. ПДТ балаларға тән, басқа қорқыныштар типтік, бала 
жасына сай ҥрейлер: ертегі кейіпкерлерінен, жан-жануарлардан, 
қараңғылықтан қорқу. Олардың қорқыныштары, жоғары 
интенсивтілікпен сипатталады, баланың дамуына кедергі 
жасайды, әлеуметтендірілу мен кҥнделікті іс-әрекетіне кері ықпал 
жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет