Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет26/139
Дата14.09.2023
өлшемі1,6 Mb.
#107534
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   139
Әлеуметтік әсерлер.
Бала неғҧрлым жас болған сайын
оның дамуындағы кемістіктердің пайда болуы мен олардың 
алдын-алуда, отбасының атқаратын рӛлі ерекше. Ең алдымен, 
баланың сәби кезінде дҧрыс дамуы ҥшін, оның ересектермен 
эмоционалды қарым-қатынасы қажет, мҧндай жағдайлардың 
болмауы, психоэмоционалды тежелуге әкеп соғады. Бҧл 
мәліметтердің барлығы, жетім балалар мен ата-анасы қамауда 
отырған балалармен жҥргізілген тәжірибелерден алынған. 
Анасының моральды бейнесі қандай болса, баланың балалар 
ҥйінде тәрбиеленуінен гӛрі, анасымен бірге болғаны анағҧрлым 
пайдалы, себебі, балабақшада немесе балалар ҥйінде, балаға 
қажетті кӛңіл бӛлінбейді. 


37 
Бірақ баланың әлеуметтік қауіпті отбасында (маскҥнемдік, 
нашақорлық, әкенің немес ананың заңға қайшы әрекеттері) ӛсуі, 
педагогикалық және әлеуметтік қараусыз кҥйін туғызады, 
баланың денсаулығына нҧқсан келеді, бар кемістіктерін 
асқындырады. Созылмалы маскҥнемдік жағдайына ҧшыраған ата-
аналардың балаларының барлығында дерлік, әртҥрлі деңгейдегі 
жҥйкелік–психикалық ауытқулар байқалады. Маскҥнем ата-ана, 
іс жҥзінде ӛзінің ата-аналық парызын орындамайды.
Есте болар жәйт, ауытқулы дамудың себебін қарастыруда
кез-келген біржақты кӛзқарас пен себептерді анықтауға, тиісті 
дамыту-тҥзету мақсатындағы, психологиялық-педагогикалық 
жҥйелерді ҧйымдастыруға кедергі жасайды.
 
Ӛзіндік тексеруге арналған сұрақтар: 
1. Психикалық дамуға әсер ететін зиянды факторларды ата. 
2. Биологиялық және генетикалық факторларға мысал келтір. 
3. Мидың зақымдануы қандай белгілермен сипатталады? 
4. А. Р. Лурия бойынша мидың ҥш блокты қызметіне 
сипаттама бер.
5. Психикалық дамуға әлеуметтік және соматикалық 
факторлардың әсері қандай? 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет