Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


асинхрония типіндегі және эмоциональды–ерікті  саланың бҧзылуындағы ауытқулар жатады: Бұрмаланған даму



Pdf көрінісі
бет31/139
Дата14.09.2023
өлшемі1,6 Mb.
#107534
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   139
 
асинхрония типіндегі және эмоциональды–ерікті 
саланың бҧзылуындағы ауытқулар жатады:
Бұрмаланған даму
 
– 
жалпы жетілмеу, 
тежелген, 
зақымданған даму және тез даму кҥйлерінің, кҥрделі тҥрде 
қабаттасқан, әр тҥрлі нҧсқалары. Бҧрмаланған дамудың себептері, 
кейбір әрекетті тҧқым қуалаушылық аурулар, мысалы, 
шизофрения, туа біткен зат алмасу ҥдерісінің кемшілігі болып 
саналады. Оның анағҧрлым кӛрнекті нҧсқасы – ерте жастағы 
балалар аутизмі. 
Дисгармониялық дам
у - 
эмоционалды-ерікті саласының 
қалыптасуындағы 
зақымданулармен 
байланысты. 
Оған 
психопатиялар мен тәрбиедегі теріс, қолайсыз жағдай салдарынан 
пайда болатын, жеке тҧлғалық даму патологиясы жатады»
1
.
------------------------ 
1
Трофимова Н.М., Дуванова С.П. и др.Основы специальной педагогики и психологии. – 
Москва – Минск, 2005.-С.21-22. 
 
 


43 
3.3 Дизонтогенез параметрлері 
«Балада пайда болатын дизонтогенез типтеріне әсер ететін 
факторларды, клиницистер Г. Е. Сухарева мен М. С. Певзнердің 
мәлімдемелерімен және қазіргі заманғы нейропсихология 
саласындағы зерттеулермен (В. В. Лебединский, Э. Г. 
Симерницкая, А. В. Семенович т.б.) сәйкес қарастырған абзал:
1) зақымдаушы ӛкілдердің әсер ету уақыты мен мерзімі 
(жасқа сай келуі);
2) олардың этиологиясы;
3) ауыру ҥдерісінің таралуы – патогендік әсердің 
локальдылығы немесе жҥйелілігі. 
Бҧл 
дизонтогенездің 
параметрлері, 
оларды 
кеңірек
қарастырайық. 
Дизонтогенездің жасқа сай болуы. 
Баланың жеке дамуы 
барысында, оның жетілмеген қҧрылымы, ӛсу мен даму қоры 
арасында ҥнемі кҥрес болады. Бірінші немесе екінші фактордың 
әсер ету кҥшіне қарай, бір жағдайда анағҧрлым тҧрақты 
патологиялық ӛзгерістерді кҥтуге болады, ал екінші жағдайда
жеңіл 
және 
коррекциялық-педагогикалық 
ықпалдармен 
тҥзетілетін (Л. С. Выготский, Г. Е. Сухарева, Г. Гельниц) 
ӛзгерістер болады. Балалық шақтың сыртқы қауіпке ең сезімтал 
кезеңі – 3 жасқа дейінгі ағзаның «алғашқы жетілмеген» кезі, 
сондай-ақ, пубертат кезеңіндегі, ағзаның қайта қҧрылу кезі. Бір 
айырмасы, бҧл кезеңде баланың ҥйлесімді қалыптасқан жҥйелері, 
«ересектердей» қызмет жасауға қайта қҧрыла бастайды, ӛзінің 
тепе–теңдік кҥйін уақытша жоғалтады. 
 
Клиникалық–психологиялық 
материалдар 
бойынша, 
психикалық қызметтердің жетілмеуі, ми қҧрылымының қарқынды 
жасушалық сараналуы кезінде (эмбриогенездің ерте кезеңі, 
жҥктіліктің бірінші триместрі) әсер ететін зиянды кҥштерден 
болатындығы белгілі.
Ерте мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасы кезеңінде 
(3–11 жас аралығы), бала ағзасы кҥшті, әрі тҥзелмейтін 
ауытқуларға тӛтеп бере алатын мықты жҥйені қҧрайды.
Бірақ әрбір жас кезеңі, патогендік әсерлер жағдайларына 
реакция жасауға ізін қалдырып отырады. Бҧл балалар мен 


44 
жасӛспірімдердің тҥрлі патогендік әсерлерге ететін жҥйкелік–
психикалық реакцияларының деңгейлері: 
соматикалық–вегетативті
(0 – ден 3 жасқа дейін) – ағзаның 
барлық жҥйелерінің жетілмеуінен, осы жаста кез-келген 
патогендік әсерлерге, жалпы және вегетативтік қозғыштық, дене 
қызуының кӛтерілуі, ҧйқы мен тәбеттің, ас қорыту жҥйесінің 
бҧзылуы тәрізді, соматикалық–вегетативті реакциялар кешенімен
жауап береді; 
психомоторлық
(4–7 жас) – мидың қыртысындағы қимыл–
қозғалыс анализаторы бӛліктерінің қарқынды тҥрде қалыптасуы, 
оның ішінде, мидың маңдай бӛліктері, бҧл жҥйені тҥрлі генезді 
гипердинамикалық бҧзылуларға (психомоторлық қозғыштық, 
тартылулар, тҧтығу, ҥрейлену) сезімтал етеді. Психогендік 
факторлардың рӛлі артады: отбасындағы жағымсыз, жанды 
жаралайтын 
қарым–қатынастар, 
балабақшаға 
ҥйрену 
реакциялары, жағымсыз тҧлғааралық қатынастар; 
аффективті 
(7-12 жас) – кез-келген зияндылыққа
 
бала 
аффективті компонентпен: аутизациядан бастап, агрессия, 
невротикалық, 
аффективті 
қозғыштыққа 
дейін 
жететін 
реакциялармен жауап береді; 
эмоциональды–идеаторлық
(12-16 жас) – пубертаттыққа 
дейінгі 
және 
пубертаттық 
кезеңдегі 
жетекші 
әсерлер. 
Патологиялық қиялмен, аса қызығушылықтармен, аса қҧнды
ипохондриялық 
идеялармен, 
психогендік 
қарсылық 
реакцияларымен, оппозициямен, эмансипациямен сипатталады. 
Жоғарыда аталған реакциялар, кел-келген зиянға қалыпты 
дамудағы балалардың реакция беруінің асқынған тҥрі болып 
есептеледі»
1
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет