Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 ТҚАЗ балалардың тҧлғалық дамуы мен



Pdf көрінісі
бет82/139
Дата14.09.2023
өлшемі1,6 Mb.
#107534
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   139
 
8.5. ТҚАЗ балалардың тҧлғалық дамуы мен 
эмоционалды-ерікті саласының ерекшеліктері 
 
Тҧлғалық қалыптасудың психологиялық механизмдері, 
қалыпты дамудағы бала ҥшін, даму ауытқуы бар бала ҥшін 
бірдей, бірақ сол тҧлғалық қалыптасу жағдайларының әртҥрлілігі, 
даму кемістігі бар баланың тҧлғалық дамуына, ӛзгеше әсер етеді. 
 
БЦП тәрізді, кеміс дамулар ішінде, психикалық инфантилизм 
типіндегі даму тежелуі жиі кездеседі. Психикалық инфантилизм 
негізінде, интеллектуалды және эмоционалды-ерікті салаларының 
жетілуінің ҥйлесімсіздігі болады. Инфантилизмдегі психикалық 
даму, жеке психикалық қызметтердың әркелкі деңгейде 
дамуымен сипатталады. Бірақ М. С. Певзнердің айтуынша, 
«инфантилизмнің барлық формаларында, жеке тҧлғаның 
жетілмеуі жетекші, әрі негізгі симптом болып табылады». 
Ресейлік 
әдебиеттерде, 
психикалық 
инфантилизм, 
кеш 
қалыптасқан ми жҥйелерінің жетілмеуінен болатын, даму 
бҧзылуының ерекше тҥрі ретінде қарастырылады (Т. А. Власова, 
М. С. Певзнер). Психикалық инфантилизмнің қарапайым, яғни 
асқынбаған тҥрін ажыратады, ҥйлесімді инфантилизм де соған 
жатады. Бҧл формада, психикалық жетілмеу бала әрекетінің 
барлық салаларында байқалады, әсіресе эмоционалды-ерікті 
салаларында айрықша.
Психикалық инфантилизмнің асқынбаған формасымен қатар, 
асқынған формалары болады. БЦП бар балалардың асқынған 


154 
психикалық инфантилизмінің ҥш нҧсқасы ажыратылады. Бірінші 
невропатиялық нҧсқасы, асқынған инфантилизмнің невропатия 
кӛріністерімен ҥйлесуін кӛрсетеді. Психикалық инфантилизмнің 
невропатиялық нҧсқасында, церебральды сал аурулы балаларда 
тежелгіштік, қорқақтық, ӛз кҥшіне сенбеу белгілері бар, олар ӛз 
анасынан басқаны жақын тартпайды, жаңа жағдайларға 
бейімделуі қиын, мектепке ҥйренуі ҧзаққа созылады. 
Сонымен 
бірге, 
психикалық 
инфантилизмнің 
бҧл 
нҧсқасында, енжар қарсылық реакциясы басым болады. Бала 
тамақтанудан, белгілі бір адамдармен сӛйлесуден бас тартады 
(таңдау мутизмі), ҥйден немесе мектептен қашады; кейде, жеке 
соматовегетативтік қызметтері бҧзылады: қҧсу, энурез (несепті 
ҧстай алмау), энкопрез (нәжісті ҧстай алмау). Кей жағдайда 
суицидтік мінез-қҧлық кӛріністері байқалады. БЦП бар 
балалардың қарсылық реакциясы, мҧғалімнің немесе тәрбиешінің 
талабын орындауды бас тартудан кӛрінеді. 
БЦП бар балалардың асқынған психикалық инфантилизмінің 
екінші нҧсқасы, психикалық инфантилизмнің ашушаң, әлсіздік 
симптомдарымен ҥйлесуімен сипатталады. Ғылыми әдебиеттерде 
бҧл нҧсқа, асқынған инфантилизмнің цереброастениялық тҥрі 
ретінде қарастырылады. Бҧл балалардың эмоционалды-ерікті 
жетілмеу белгілері, жоғары эмоционалдық қозғыштықпен, жҧмыс 
істеу қабілетінің тӛмендігімен, ес, зейін қабілеттерінің 
бҧзыуымен 
ҥйлеседі. 
Бҧл 
оқушылардың 
мінез-қҧлқына, 
ҧстамсыздық, ашуаңдық, айналадағылармен ҥнемі қақтығысу 
тәрізді белгілер тән. Кӛңіл-кҥйлері аумалы-тӛкпелі, ешнәрсеге 
кӛңілдері толмайды, басқалардың ҥнемі ӛзіне кӛңіл аударуын 
талап етеді, талаптары қанағаттандырылмаған жағдайда, жылап 
қорқытады. Тҥрлі аффективті реакциялар, кейде агрессивті 
мінездер байқалады.
БЦП бар балалардың асқынған психикалық инфантилизмінің 
ҥшінші нҧсқасы,
 
органикалық инфантилизм деп аталады. 
Органикалық инфантилизмнің негізін қҧрайтындар – 
эмоционалды-ерікті саласының жетілмеуінің, интеллектуалды 
әрекеттердің бҧзылуымен ҧласуы, яғни инерттіліктен, ойлаудың 
жылдамдығынан, 
қорытындылау 
операцияларының 
тӛмен 
деңгейде дамуымен байқалады. Бҧл балалардың мақсатты іс-
әрекеттері бҧзылған, істері мен мінез-қҧлықтарына сын кӛзбен 


155 
талдау жасау деңгейлері тӛмен. Органикалық инфантилизм 
қҧбылыстары, БЦП-ң атониялық-астатикалық формаларында жиі 
кезігеді, яғни, мҧнда мидың маңдай-мишық бӛліктерінің 
зақымдануы мен жетілмеуі орын алады. Мидың маңдай 
қыртыстары, мақсатты іс-әрекеттердің, мотивацияның дамуын, 
яғни тҧлғалық негіздің орнығуына қажет, психикалық даму 
деңгейін қамтамасыз етуші рӛлді атқарады. Органикалық 
инфантилизмде, эмоция мен еріктің бҧзылуы, ҥлкен 
дисгармониямен 
сипатталады. 
«Балалық» 
мінез-қҧлық 
белгілерімен қатар, ӛз бетімен әрекет ете алмау, иланғыштық, 
импульсивтілік элементтерінің инерттілік кӛріністерімен ҧласуы 
кӛзге тҥседі. Бҧл балалардың мектепке дайындығын, клиникалық-
психологиялық тексеруден ӛткізгенде, олардың тҧлғалық 
дайындығы тӛмен деңгейді кӛрсетеді.
БЦП ҧшыраған балалардың эмоционалды-ерікті саласының 
қалыптасуы мен дамуындағы спецификалық ерекшеліктер, 
биологиялық факторлармен (аурудың сипаты) қатар, әлеуметтік 
жағдайлармен (баланы отбасындағы және арнайы мекемеде оқыту 
мен тәрбиелеу) байланысты болуы мҥмкін. Қимыл-қозғалыс 
қызметтерінің 
бҧзылу 
дәрежесі, 
БЦП 
бар 
балалардың 
эмоционалды-ерікті және басқа салалардың бҧзылу дәрежесін 
анықтамайды.
Эмоционалды-ерікті бҧзылу мен мінез-қҧлық бҧзылуы, БЦП 
бар балаларда бірде жоғары қозғыштықпен, барлық сыртқы 
тітіркендіргіштерге аса сезімталдықпен кӛрінеді. Әдетте, бҧл 
балалар мазасыз, әбігерге тҥскіш, ашушаңдыққа бейім. Бҧл 
балаларға кӛңіл-кҥйінің ауыспалылығы тән: олар біресе, тым 
кӛңілді, шулы, біресе – селқос, ашушаң, жылауық.
Балалардың басым кӛпшілігі, керісінше, енжарлықпен, 
сҥлесоқтықпен, бастаманың болмауымен және тежелгіштікпен 
ерекшеленеді. Мҧндай балалар жаңа жағдайларға ауыр 
бейімделеді, жаңа адамдармен тіл табысуы қиын, әрі 
жалғыздықтан, қараңғылықтан және биіктіктен қорқады. Ҥрей 
сәтінде, олардың тыныс алуы, тамырының соғуы жиілейді, 
бҧлшық ет тонусы жоғарылайды, тер шыға бастайды, сілекейдің 
бӛлінуі кӛбейеді, гиперкинездер кҥшейеді. Кейбір балалар ӛзі 
мен ӛзгелердің денсаулығы ҥшін, қатты уайымдайды. Мҧндай 


156 
қҧбылыстар, 
гиперқамқорлық 
жағдайында 
тәрбиеленген 
балаларда жиі ҧшырасады.
Біраз балалар аса жоғары сезімталдықпен ерекшеленеді: олар 
дауыс тонына тез реакция жасайды, жақын адамдарының кӛңіл 
кҥйіндегі сәл ӛзгерістерді аңғарады, сәл нәрсені кӛңіліне алып
ӛкпелейді. 
БЦП бар балалардың ҧйқысы жиі бҧзылады: олар бірден 
ҧйқыға кете алмайды, мазасыз ҧйықтайды, қорқынышты тҥстер 
кӛреді. Таңертең ашуланып, шаршап тҧрады, сабақтан бас 
тартады. Мҧндай балаларды тәрбиелеуде, кҥн тәртібін дҧрыс 
сақтау қажет, бала ҥнемі тыныш жағдайда болуы тиіс, ҧйқы 
алдында шулы ойындардан, телехабарлардан және кенеттен әсер 
ететін тітіркендіргіштерден алыс болуын қадағалаған жӛн.
Жоғары шаршау белгісі, барлық БЦП бар балаларға тән. 
Олар тез шаршап, тез жалығады да, жылауық, ашушаң болып 
шыға келеді. Тапсырмаға зейіндерін шоғырландыра алмайды, 
қызығушылықтары тез жоғалады, оны орындаудан бас тартады. 
Кейбір балаларда шаршағаннан қимыл-қозғалыс мазасыздығы 
пайда болады, сілекейдің бӛлінуі мен гиперкинездер кҥшейе 
бастайды. Сӛйлеу қарқыны жылдамдайды, тҥсініксіз сӛйлейді. 
Ойын барысында, бала барлық ойыншықты бірден алуға 
тырысады, бірақ алады, шашып тастайды. Бҧл балалардың іс-
әрекеттерінің 
барлық 
тҥрлерінің 
мақсаттылығы 
мен 
ҧйымдастырылуы, ҥлкен ерік кҥштерін талап етеді.
«Тірек-қимыл аппараты зақымданған балалардың ерік 
белсенділігі, ӛзіндік ерекшеліктерге ие. Н. М. Сараеваның 
зерттеулеріне БЦП бар 120 жасӛспірімнің, ерік белсенділігіне
жҥргізген бақылаулары, эксперименттері және басқа әдістемелері 
енеді. Алынған нәтижелер, БЦП бар балалардың ерік саласының 
ерекшеліктерін анықтайтын, объективті және субъективті 
факторларды ажыратуға мҥмкіндік берді. Объективті факторларға 
жататындар – науқастану жағдайлары, емдеу мекемесінде ҧзақ 
уақыт болу, белсенділіктің шектелуі, айналадағы адамдардың 
науқас балаға ерекше қатынасы. Субъективті факторға 
жататындар – жасӛспірімнің ӛз кемістігіне деген кӛзқарасы мен 
ӛзін-ӛзі бағалауы.
Ерік кҥшінің даму деңгейіне қарай, саналушыларды ҥш
топқа бӛлуге болады.


157 
І-топқа
жататындарға эмоционалды-ерікті тонустың жалпы 
тӛмендеуі, мінез-қҧлықтың астенизациясы, ерік инфантилизмі 
тән. Бҧл жасӛспірімнің мінез-қҧлқы мен ісін реттеуге, 
дәрменсіздігі мен қҧлықсыздығынан, кебіреулерінің апатиясынан, 
ал кейбір балалардың тым ҧстамсыздығынан кӛрінеді. Науқас 
рӛліне кӛндіккен олар, ӛз беттерімен әрекеттену қабілеттерін 
жоғалта бастайды, масыл болу кҥйіне кӛшеді. Бҧлар барлық 
зерттелген жасӛспірімдердің 37%-н қҧрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет