Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет90/139
Дата14.09.2023
өлшемі1,6 Mb.
#107534
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   139
 
9.3
 
 Есту қабілеті бҧзылған балалардың
қабылдауы мен тҥйсігі 
 
«Есту мҥмкіндігінің орнын толтыруда, кӛру арқылы 
қабылдау қабілетінің маңызы зор. Кӛру арқылы қабылдау 
қабілетін, баланың жасқа сай даму кезеңдерімен бірге 
қарастырған дҧрыс. Жоғарыда айтылып ӛткендей, бҧл 
балалардың сау балаларға қарағанда, заттардың кескіндерін тану 
дағдысы кеш қалыптасады. Қиын жағдайларда (мысалы, 
заттардың кескіндері таныс емес кҥйде тҧрғанда), есту қабілеттері 
зақымдаған балалардың мҥмкіндіктері айқын кӛрінеді. Демек, 
саңырау балалардың қабылдауындағы аналитикалық тип, 
қабылдаудың синтетикалық типінен басым екендігі белгілі 
болады.
Заттардың формаларын қабылдауға, олардың практикалық
заттық-манипуляциялық әрекеттері, оны тиісті сӛздермен 
белгілеуді меңгеруі кӛмектеседі. Мектепке дейінгі жастағы 
саңырау балаларда, 2-5 бӛліктен тҧратын кеспе суреттерді 
қҧрастыруға мҥмкіндік беретін, заттарды тҧтас тҥрінде қабылдау
қабілеті қалыптасады. Кеспе суреттерді қҧрастыра білу олардың
кӛру арқылы қабылдау ҥдерісіндегі талдаумен жинақтаудың 
болатынын дәлелдейді. А. А. Венгер, Г. Л. Выгодская және Э. И. 
Леонгардтың мәліметтері бойынша, 4 жастағы саңырау 
балалардың тең жартысы 2-3 бӛліктен тҧратын кеспе суреттерді 
қҧрастыра алады, ал 5 бӛліктен тҧратын суреттерді қҧрастыруға, 
тек 6 жастағы балалардың шамасы келеді. Бҧдан басқа, заттардың 
формаларын қабылдау қабілетін зертеу мәліметтері, 7-8 жастағы 


174 
саңырау балалардың сӛйлеу әрекетінсіз, зат формаларын 
ажыратуы, ӛте нашар екендігін кӛрсетеді, сӛйлеуді меңгерген 
саңырау балалардың нәтижелері, еститін сау балалардың 
кӛрсеткен нәтижелерінен еш кем болмаған. Бҧл нәтижелер, есту 
қабілеті бҧзылған балалардың, мҧндай қабылдау қабілетінің, 
яғни мағыналандыру қабілетінің даму мҥмкіндігі болатынын 
(мектепке дейінгі арнайы ҥйрету арқылы), кӛрсетеді. 
Мағыналы қабылдау қабілетінің орнығу ерекшеліктері 
бейнелерді, картиналарды қабылдаудағы талдаудан анық 
байқалады. Себебі, картинада шынайы ӛмірдің жеке бӛліктері 
бейнеленеді, сӛйтіп, балаға оны кӛрсете отырып, бала ӛзі нақты 
ӛмірді қабылдауда, жҥріп ӛтетін сатылары туралы білуімізге 
мҥмкіндік туады.
Бейнелерді 
кӛру 
арқылы 
қабылдаудың 
бірқатар 
ерекшеліктерін атап ӛтейік: саңырау балалар, перспективалық 
бейнелерді тҥсіну мен қабылдауда қиналады, заттар арасындағы
кеңістіктік-уақыттық қатынастарды орната алмайды; заттардың 
қозғалыстағы бейнелерін тҥсіне бермейді; таныс емес ракурстағы 
бейнелерді және контурмен берілген бейнелерді қабылдай 
алмайды; сондай-ақ, егер заттың бейнесі жартылай басқа 
бейнемен жабылған болса, тани алмауы мҥмкін.
Саңырау балалардың қоршаған орта туралы мағлҧмат 
алуының бірден-бір мҥмкіндігі – ол кӛру арқылы қабылдау. 
Сонымен бірге, басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға
жағдай тудырады. Қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау, 
дактиль тілінде, нәзік және сараланған мимика, ымдау, 
саусақтардың, еріннің, беттің, бастың қимылын ажыратумен 
жҥзеге асады. Демек, саңырау баланың кӛру арқылы қабылдауын, 
ерте кезеңде сӛйлеуді меңгертумен қатар дамытқан дҧрыс. 
Кинестетикалық сезім арқылы қабылдау. 
Есту қабілеті 
бҧзылған балалардың кӛпшілігі, қимыл-қозғалыс дамуында 
ӛздерінің сау қҧрбыларынан кейін қалады. Тепе-теңдікті сақтай 
алмайды, қимыл-қозғалыс координациялары жеткіліксіз. Саусақ 
икемділігі мен артикуляциялық аппараттың жетілмеуі сияқты 
қҧбылыстар кездеседі. 
 
Статикалық және динамикалық тепе-теңдікті сақтай алмау, 
тіпті мектеп жасындағы балаларда жиі кезігеді. Кӛзі ашық кҥйде, 
олар сау балалар сияқты жҥре алады. Кӛзін жҧмып жҥргенде, 


175 
саңырау балалардың жартысы, тепе-теңдікті сақтай алмайды, 
қозғалыс координациясын жоғалтады. Бҧл қҧбылыс 12-14 жасқа 
дейін байқалады, одан кейін біртіндеп жойылады. Әдетте, 
мҧндай балалар қимыл-қозғалыс дағдыларын кеш меңгереді. Оған 
себеп, 
есту 
қабілетінің 
болмауы, 
қимыл-қозғалыс
сезімталдығының дамуына кері әсерін тигізеді. 
Моториканың даму ерекшеліктері, қимыл-қозғалыспен 
қатар, заттармен әрекет етуден кӛрінеді. Олардың қимылдары ӛте 
ебедейсіз және ауыр. Есту мҥмкіндігін жоғалту, қимыл-қозғалыс 
тҥйсігінің дамуы ҥшін қиын жағдайлар тудырады. Есту арқылы 
бақылау анық, ҥйлесімді қозғалыстың жасалуына кӛмектеседі. 
Естімейтін балалардың есту арқылы бақылау кемістігі кӛру, 
тактильдік сезіну, вибрациялық сезіну сияқты мҥмкіндіктермен 
толықтырылады. 
Сондықтан, 
бҧл 
балалардың 
қимылын 
бақылауы, оның ӛз қимылының сапасын жақсартуға кӛмектеседі. 
Сондай-ақ, тіл дамуының ерекшеліктері, қимыл-қозғалыстың
дҧрыс қалыптасуына, зиянын тигізеді, оның ішінде – қимыл-
қозғалысты реттеудің жоғары формаларына ӛз таңбасын салады. 
Ырықты қозғалыстың дамуы, балалардың ӛзгелердің сӛздік 
нҧсқауы бойынша, ӛз денесін бағындырып қимылдауынан 
басталады. Одан кейін, сӛз қимылды ҧйымдастыратын қҧрал 
болып орнығады, қимылды реттейді және саралайды. Сӛйлеудің 
кӛмегімен қалыптасатын қимыл-қозғалыс дағдылары жаңа 
жағдайға тез ауысады. Сӛйлеудің кеш қалыптасуына 
байланысты, саңырау балалардың қимыл-қозғалысының ерікті 
реттелуі, анағҧрлым кеш қалыптасады.
Тері арқылы сезіну мүмкіндіктері. 
Тері арқылы тҥйсіну, 
заттың теріге жанасуынан пайда болады. Тері арқылы 
тҥйсінулердің ішінде, вибрациялық сезіну – есту бҧзылуының
орнын толтыруда ӛте маңызды сезім. Вибрация ауада, қатты 
немесе сҧйық денеде беріледі. Адамның ӛзі вибрация шығаратын 
затқа жанаспаған жағдайда, оны қоршаған ортадағы басқа 
заттардың жеткізуі арқылы қабылдай алады, вибрациялық 
сезімдер, адамнан алыс тҧрған заттар мен қҧбылыстар туралы 
білуге мҥмкіндік береді. Есту кемістігінде бҧл ӛте маңызды. 
Себебі, саңырау адам, ең маңызды қабылдаушы аппарат – есту 
қабілетінен айрылған.
 


176 
Вибрациялық тҥйсік, әсіресе, естудің қалдық мҥмкіндігі бар 
адамдарға кӛп кӛмек береді: мҧндайда зақымданған есту 
мҥмкіндігі ҥшін, қажетті интенсивтіліктің сәл ғана кӛлемі жетеді. 
Вибрациялық сезімді танымдық қҧрал ретінде пайдалану ҥшін, 
арнайы жаттығулар керек. Мысалы, кішкентай балалар ҥшін, 
жалпы сезім кешеніндегі вибрациялық сезімді бӛліп алу қиын. 
Сондықтан, балаларды әртҥрлі вибрация жасайтын және 
вибрация жасамайтын заттармен таныстыру, вибрацияның 
кеңістікте ауа толқыны арқылы берілетіндігін сезіндіру қажет. 
Нәтижесінде, саңырау балаларда, вибрациялық сезіну қабілеті ӛте 
жоғары екендігі анықталады. Мысалы, саңырау балалар сау 
балаларға қарағанда, вибрацияның шығу кӛзін 2 есе анық 
ажырата алады.
Осылайша, есту анализаторының толық тоқталуымен 
вибрациялық сезіну кҥшейе тҥседі, ал есту қабілеті кҥшейгенде - 
керісінше, тӛмендейді. Вибрациялық сезінулерді кҥшейту ҥшін, 
арнайы жаттығулар кешені орындалады.
Вибрациялық 
сезімнің 
дамуы, 
сӛйлеуді 
меңгеруде, 
қабылдауда және дыбыстауда маңызды орын алады. Сӛйлеген 
кезде шығатын вибрацияны, саңырау балалар сӛйлеушінің 
тамағына саусағын немесе алақанын қойып «тыңдау» арқылы, 
оның не айтқанын ҧғына алады. Сондай-ақ, сӛйлеудің қарқынын, 
ырғағын, екпінін естімейтін балалар, осы жолман айқын 
қабылдайды. Вибрациялық тҥйсіктер, саңырау балалардың ӛз 
дыбыстауын, сӛйлеуін бақылауға мҥмкіндік береді.
Сипап-сезу арқылы қабылдау. 
Сипап-сезудің кӛмегімен 
танымдық ҥдеріс жҥзеге асады, сонымен бірге, оған тері және 
қимыл тҥйсіктері қатысады. Есту қабілеті бҧзылған балалардың 
сипап 
сезу 
қабілеттерінің 
дамуында, 
кәдімгі 
еститін 
балалардағыдай тҥрдіс байқалады, бірақ сипап сезудің кҥрделі 
тҥрлерінде, анағҧрлым кейіндеу болатыны байқалады»
1
.
 
Осылайша, саңырау балалардың тҥйсік пен қабылдау ҥрдістерінің 
ерекшеліктеріне талдау жасау, келесіге кӛз жеткізеді, бҧл 
категориядағы балаларда, жоғарыда аталған пҥрдістердің
----------------------- 
1
Основы специальной психологии / Под ред. Л. В. Кузнецовой. — М.: «Академия», 2002. 
— С.411. 


177 
дамуында дефицитарлық дизонтогенияға тән даму заңдылықтары 
байқалады. Қабылдаудың бір жҥйесінің кемістігі, басқа сезімдер 
дамуының бҧзылуына әкеп соғады. Бҧл дефицитарлық 
дизонтогенез сипаттарының бірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет