Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет91/139
Дата14.09.2023
өлшемі1,6 Mb.
#107534
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   139
 
9.4
 
 Кӛру қабілеті зақымданған балалардың тҥйсігі мен 
қабылдауы 
 
Кӛру, есту, иіс сезу және тағы басқа сезім тҥрлері, қабылдау, 
тҥйсіну, елестету кҥйлерін туғызып, дҥниені сезіммен тану болып 
табылады. Әрбір анализатор сезім мҥшелері жҥйесіне ене 
отырып, тҧтас жҥйе қызметінің ықпалын сезінеді, кӛру 
қызметінің бҧзылуы, оның мҥлдем жоғалуы, анализторлардың 
ӛзара әрекеті мен анализатораралық байланыстарды ӛзгертеді. 
Сенсорлық жҥйе – сезім мҥшелері жҥйесі немесе адамның 
сезімдік танымды жҥзеге асыруға, сыртқы орта туралы ақпарат 
алуға мҥмкіндік беретін анализаторлар. 
Сыртқы ӛмір бейнелерін қалыптастыру ҥдерісі, сенсорлық 
жҥйенің, кӛру кемістігінің жалпы сипаты мен зақымдану деңгейі 
жағдайымен тікелей байланысты болады. Қалдық кӛру мҥмкіндігі 
бар балалардың бҧл қабілеті қаншалықты аз болса, ол қоршаған 
ортаны тануда, басым рӛл атқарады, себебі кӛру арқылы 
қабылдау, сезімдердің ішінде жетекші маңызға ие.
«Кӛру арқылы қабылдау
. Адам 90 %-ға жуық ақпаратты, 
кӛру арқылы алады. Бірақ, бҧл соқырлық пен ауыр кӛру 
кемістігінд, адам соншалықты ақпаратты ала алмайды деген сӛз 
емес: кӛру арқылы танылатын заттың қасиеттері мен белгілерін, 
басқа анализаторлар тани алады. Мысалы, сипап сезу қабілеті, 
кӛру сияқты заттың формасы, шамасы, алыс-жақындығы жайлы 
ақпарат бере алады.
Кӛру анализаторы қызметінің бҧзылуы, анализаторлардың
жаңа ішкі және аралық байланыстарының тҥзілуіне, сенсорлық 
жҥйе ішіндегі ӛзара қатынастардың ӛзгеруіне, соқырлар мен 
нашар кӛретіндерге ғана тән, спецификалық психологиялық 
жҥйенің қҧрылуына әкеледі. Осылайша, тотальды соқырлық 
жағдайындағы, 
шынайы 
мәнісіндегі 
ӛмірдің 
кӛрінісін 
қабылдауды, сипап-сезу қабілеті атқарады. Ал, қалдық кӛру 
мҥмкіндігі бар соқырлар мен нашар кӛретіндерде қабылдау 


178 
ҥдерісі қосымша стимулдардың кӛмегімен жҥзеге асады: 
тактильдік стимулдар, оқу ҥдерісінде толыққанды бейнелердің 
қалыптасуына ықпал етеді.
Қалыпты дамудағы, мектеп жасына дейінгі балалардың 
стимулдық материалды қабылдау ҥдерістерде сипап-сезу мен 
кӛру қабілеттерінің ӛзара біріккен әрекетін зерттеу нәтижелері, 
сенсорлық жҥйедегі сезімдердің әрқайсысын, жеке–жеке 
қолданғандағы нәтижелерден жақсы. Екінші жағынан, С. В. 
Кравков, Л. А. Шиф, И. М. Соловьев, Ф. Е. Иванов, В. М. 
Воронин т.б. ғалымдардың, сипап-сезу мен кӛрудің ӛзара біріккен 
әрекетін зерттеген жҧмыстарының нәтижелері, соқырлар мен 
саңырауларда, сау балаларда, олардың ӛзара әсері әртҥрлі 
болатындығына кӛз жеткізеді.
Математика, ана тілі, дене шынықтыру пәндерін оқыту, 
айналамен 
таныстыру 
ҥдерісінде 
тҥрлі-тҥсті 
рельефті, 
дидактикалық материалдардың кӛмегімен, соқыр балалар сипап- 
-сезу арқылы қабылданған объектінің қасиеттері мен белгілерінің
ҥлкен кӛлемін кӛрсете алуымен қатар, ең бастысы – сипап-сезу 
мен кӛру мҥмкіндігінің біріккен әрекетінің, оқушылардың 
танымдық саласына, эмоционалды кҥйіне оң әсер ететіндігі.
Сигналдардың әртҥрлі модальдылықта қайталануы, олардың 
тҧрақтылығы мен тиімділігін арттыратын қҧрал болып табылады. 
Мҥлдем кӛрмейтін соқыр балалар мен кӛру мҥмкіндігінің 
қалдығы бар балаларды, Брайль кодтарына ҥйрету ҥдерісін
салыстыру, соңғылардың оқу мен жазуды сипап-сезу арқылы
ҥйренуі қиын, әрі ҧзақ уақытты қажет ететіндігін анықтады. 
Бәлкім, олар сипап-сезу мҥмкіндігін, дәл соқырлар сияқты 
деңгейде пайдаланбайтындықтан, модальдылықтың бҧл тҥрін 
меңгерудің нәтижесі, аз болуы керек.
Қалдық кӛру мҥмкіндігінің кӛмегімен, сыртқы ортадағы 
заттардың бейнелерін саналы ҧғыну соқырлар ҥшін жылдамырақ, 
әрі оңай, нақты іске асады және есте ҧзақ сақталады. Бҧл олардың 
сипап сезу қабілеттерінің анағҧрлым жоғарылығын дәлелдейді.
Брайль кодтарына ҥйретудің бастапқы кезеңдерінде, яғни, әрбір 
таңбаның бейнесі, сипап-сезу мен кӛру арқылы орнығатын кезде, 
қалдық кӛру мҥмкіндігі бар балалар, ӛте аз уақыттың ішінде, 
онша қиналмай, бірден меңгеріп шығады. Кӛру арқылы алынатын 
бейнелер, басқа психикалық бейнелер сияқты, кӛптҥрлі, кҥрделі 


179 
және ҥш деңгейден тҧрады: сенсорлық-перцептивтік, 
мағлҧматтар деңгейі және вербальды–логикалық деңгей. Олар 
танымдық ҥдерістердің дамуында, эмоционалдық салада, толып 
жатқан біліктер мен дағдылардың қалыптасуында, маңызды рӛлге 
ие. Cау балалармен салыстырғанда, кӛру кемістігі бар балалар, 
кӛру арқылы алатын мағлҧматтарда, нақтылық пен тҧтастық 
жетіспейді, алған мағлҧматтары бҧрмалануы мҥмкін. Бҧған себеп, 
зат 
туралы 
жинақталатын 
сезімталдық 
тәжірибенің 
жетіспеушілігі. Кӛру арқылы алынатын мағлҧматтың аздығына, 
кӛру кемістігінен басқа факторлар әсер етуі мҥмкін. Кӛру 
мағлҧматының бейнелілігі, зат бейнесін санада жаңғырту, 
елестету, оның пішінін, кӛлемін, сапалық қасиеттерін қиялмен 
қабылдай білуге байланысты. Бҧл балалар қабылдау ҥдерісінде 
заттардың, жануарлардың т.б. негізгі белгілерін саралай алмайды. 
Сондықтан, олар зат туралы жаңсақ пікірде болуы мҥмкін. Соның 
негізінде, қоршаған орта туралы алған мағлҧматтары қате 
қалыптасады және ӛте шектеулі болады. Айналаны танудағы 
сезімдік мҥмкіндіктің шектелуі, олардың танымдық әрекеттерін 
кеңейтуге, белсендіруге кедергі жасамайды, басқа қалыпты 
анализаторларды іске қосуға дағдыландырып, олардың айналаны 
дҧрыс қабылдау ҥдерісін қалыптастыруға болады. Балалар пішін, 
ӛлшем, тҥс сондай-ақ, жануарлар мен ӛсімдіктер туралы анық 
мәліметтер ала алмайды. Ал, нашар кӛретін оқушылар, заттардың 
немесе бейнелердің пропорцияларын айыра алмайды. Тҥсетін 
ақпараттың 
аздығына 
байланысты, 
кейде 
олардың 
мағлҧматтарында схематизм, вербализм байқалады.
Бинокулярлық кӛру қабілетінің бҧзылуы, кеңістіктік 
соқырлыққа әкеп соғады, перспектива мен кеңістіктің тереңдігін 
қабылдау бҧзылады, демек қабылданған бейнелер бҧрмаланады, 
адекватты болмайды. 
Осылайша, кӛру жҥйесінің әр бӛлігінің бҧзылуы, соқырлар 
мен 
нашар 
кӛретіндердің 
бейнелерді 
қабылдауында, 
спецификалық белгілер мен ӛзгешеліктер туғызады. 
Объектіні қабылдаудағы тҥс, форма, шама, ӛлшем сияқты 
сапаларын ажырату мҥмкіндіктерін зерттеген тәжірибелер, 
олардың адекватты қабылдануының, объектінің ӛзін қабылдауға 
тікелей қатысты екендігін кӛрсетті. Объектінің силуэттік бейнесін 


180 
қабылдауда, контурлық бейнелерді қабылдаудан гӛрі, анағҧрлым 
жоғары нәтижеге қол жеткізілген.
Сыртқы 
әлемдік 
бейнелер 
соқырларда 
да, 
нашар 
кӛретіндерде де, бірмодальды болмайды: олардың қҧрылымы 
кҥрделі, басқа анализаторлардан тҥсетін ақпараттарды қоса 
қабылдайды, оның ішінде – сау сақталған анализаторлардан, 
зақымданған анализаторлардан тҥсетін ақпараттар. Кӛру 
анализаторының 
зақымдану 
ауырлығына 
қарай, 
дара 
ерекшеліктеріне қарай, жоғарыдағы кез келген анализатордың 
әрекеті басым болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет