Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет79/144
Дата16.10.2023
өлшемі2,09 Mb.
#116492
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   144
Байланысты:
bahisheva-ped-jobalau

Оқушылар жобасының сипаттамалары

-
оның нақты нәтиже алуға бағытталғаны; 
-
күтілетін нәтижелердің алдын ала эскиз, сұлба ретінде 
белгіленуі, белгілі бір деңгейде нақтылануы және 
детальдары анықталады; 
-
орындалу мезгілі нақтылануы; 
-
нәтижені алуға бағытталған іс-әрекеттердің алдын ала 
жоспарлануы; 
-
бағдарламаның жасалуы – жобаның жалпы ӛнімін 
алуды қамтамасыз ететін түрлі әрекеттердің белгілі бір 
мерзімде орындалатын нәтижелері анықталуы
жоспарлануы; 
-
жобалау әрекеттерін орындау барысында оның 
кезеңдері бойынша мониторинг жасалып, түзетулер 
жүргізіліп отыруы; 
-
жобалаудың қорытынды ӛнімін ала отырып, оны 
жоспарланған бастапқы жағдайға байланысты талдау, 
сәйкестендіру, одан арғы жұмыстарды жағдайға сай 
жоспарлау; 


214 
Жобалау типтері. 
Білім беру құралдары ретінде 
қолданылатын жобаларды бірнеше типке бӛле аламыз. 
Мысалы, оқу пәндеріне сай типке бӛлу, тәрбиелік немесе 
әдістемелік т.б. жобалар. 
Жалпы алғанда жобалар моножоба (бір пән аумағында), 
полижоба (пәндер аралық), пәннен тыс (сабақтан тыс) 
жобалар т.б. Осы бағытта қарастырсақ білім беру жобалары, 
тәрбие жобалары деп те бӛлінеді. 
Жобаның басты белгісі–оның ұзақтығы. Жобалар: 
қысқа мерзімді (мысалы, бір аптаға дейін), орта мерзім (бір 
айға дейін), ұзақ мерзім (1 тоқсаннан бастап – жарты жылға 
дейін). Одан ұзаққа созылатын жобаларды да жоққа 
шығаруға болмайды. Ұзақ мерзімді жобалар бірнеше кезеңге 
бӛлініп, әр кезең ӛз алдына бӛлек жоба бола алады. 
Жобаның қатысушыларына қарап та оны типтерге 
бӛлуге болады: топтық, жеке, ішкі топтар, кіші топтармен 
орындалатын жобалар. Жобалауға қатысушылар соны 12–
ден асса, олар кіші топтарға бӛлуге болады. Сондай–ақ, 
топтар туралы ӛзгеріп отыратын немесе құрамы ӛзгермей 
отыратын деп те бӛлінеді. Ӛзгермелі құрамды топтар арнайы 
да ұйымдастырылады, оның құрамы белгілі бір кезеңдер 
үшін ғана құрылуы мүмкін. 
Басқару түріне байланысты жобалар педагогтың 
тікелей басқарумен орындалатын немесе педагог кеңес 
берушілік қызмет қана атқаратын жобалар болып та бӛлінеді. 
Жобаларды дифференциялаудың тағы бір түрі–
жобалау әрекетінің түрлері. Мысалы, жобалар зерттеушілік 
немесе қолданбалы да болып бӛлінеді. Сондай–ақ, 
шығармашылық, тәжірибелік болып та бӛлуге болады. 
Жобалауды типтерге бӛлу неліктен қажет? Әрине, 
тұрақты типтік түрлері болмаған соң оларды типке бӛлмесе 
де болар еді. Жобалау әрекеті ұйымдастыруда да, орындауда 
да типтерге бӛле аламыз. Мысалы, жоспарлау арқылы 
жобаның соңғы кезеңінде оқушылардың ӛз бетімен жұмыс 
істеу қабілеттері артатынын ескере отырып, оқушының 
жобалаудың барлық кезеңдерінен ӛтуін қадағалауға болады. 
Сондай–ақ, жобалау типтеріне сүйене отырып, педагогтың 
тікелей жетекшілік ететін жобаларынан–кеңес берушілік 


215 
рӛліне ӛтуге, сол арқылы қатысушылардың субъектілігін 
арттыру амалдарын жүзеге асыруға болады. 
Оқушылар жобаларының ӛзгеру түрлері 
Оқушылар жобаларының түрлері сан алуан идеялардан 
туындайды, пайда болады. Оған жаңа жағдайлар, жаңадан 
алынған ақпарат, жаңадан алынған құралдар да негіз бола 
алады. 
Біздің тәжірибеміздегі жобалау оқушылардың 
кітап шығару идеясынан туындаған түрін қарастырып 
кӛрейін. Ойша елестетуден (идеядан) пайда болған болашақ 
кітаптың (ӛнімнің) бейнесі оқушылардың осы жұмысты 
бастап кетуіне түрткі болды. Бұл жағдайды бақылау 
барысында балалардың тек қана кітап үшін мәтіндер 
даярлаумен ғана емес, кітапты тұтастай елестете отырып
онда болуы тиіс суреттер, фотолар, т.б кітаптың мазмұнына 
қарай құрастыруға тырысқаны байқалды. 
Сондай – ақ, жобалау әрекетін бастау үшін белгілі 
бір тарихи оқиғамен танысу да себеп бола алады. Оның 
мысалы ретінде, біз бақылаған оқушылардың қаладағы 
«жұмбақ» үйдің тарихы туралы алынған аз мағлұмат 
қызықтырғандығын бір сынып үшін үлкен жобаны бастауға 
негіз болғанын айта кетуге болады. 
Оқушыларды ӛз әрекеттерін бақылауға үйрету, 
жобаның 
идеясын 
қайта 
құру, 
дамыту 
арқылы 
бастамасындағы жоба мүлдем ӛзгеріп те кетуі мүмкін. Оны 
да біздің тәжірибеміздегі балалардың, ең әуелі, ӛз күштеріне 
сеніп бастаған «компьютерлік ойындар құрастыру» 
идеясының ӛзгеріп кеткені туралы мысалмен түсіндіруге 
болады. Атап айтқанда, компьютерлік ойын бағдарламасын 
жасау барысында графикалық элементтер құру қажет болды. 
Оның бірнеше нұсқаларының сәтті жасалуы оқушылардың 
жаңа ӛнім жасауда шешім қабылдап, «компьютерлік 
ойындар құру» идеясы «графикалық ӛнімдер» жасап, 
тәжірибеге ұсынумен ауыстырылды. Міне, осылайша 
жобалаудың ӛте күрделі түрі таңдалатын болса, оған қызығу 
бірте – бірте азайып, басқа жобаға ауысып кету, не жобаны 
аяқтамау сияқты жағдайлар да болуы мүмкін.
Бұған 
ұқсас 
жобалар 
оқушылардың 
жас 
ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін, тым оңай, әрі тез 


216 
орындалатын жобалар таңдағанда да бола алады. Осы 
мысалдар арқылы жобаның пайда болу идеясы оны жүзеге 
асыру процесі, нәтижесі немесе ӛнімі туралы идеяның ӛзгеру 
мүмкіндіктерінің арасындағы тығыз әрі күрделі байланыста 
екенін кӛрсетеді. Мысалдарға сүйене отырып, жобалардың 
ӛзгеру түрлерінің тӛмендегі нұсқалары бар деуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет