9-кесте «Бағалау парағы» (ия / жоқ) № 2
Реттік
саны
Бағалау ӛлшемдері
Талапқа сәйкестік
ия
жоқ
1
2
10-кесте
«Бағалау парағы» (5 балдық) № 3
Ретті
к
саны
Бағалау
ӛлшемдері
Баллдары
Орта
есебі
1
2
3
4
5
1
2
«5
балдық»
бағалауда
қорытынды
баға
дифференциондық
бағалардың
қосындысынан
орифметикалық орта балды есептеу арқылы қойылады.
Профильдік бағалау - бұл әр ӛлшемнің профилі
бойынша бағалануы. Бұнда бағалар қосылмайды, сол күйінде
қалады. Оның мәні – одан әрі осы топ сақталған жағдайда
262
олардың келесі жобасы осы профильдер бойынша даму
ӛзгерістеріне түсуі тексеріліп, бағаланады.
Бағалау ӛлшемдері жобаға қатысқан топ үшін
жасалған жағдайда топ бағаланып, әр оқушының қатысу
дәрежесі ескерілмеуі мүмкін. Кей жағдайда бұдан
конфликтілер туындайды. Әрине, ол үшін тек жеке жасалған
жобалар ғана тиімді дей алмаймыз. Ал топтық жобаны
бағалауды тағы бір бағалау ӛлшемі–топтың ӛз ішінде
пайдаланатын «Бағалау парағы» болуы мүмкін. Ол әр
оқушының қатысу деңгейі кӛрсеткіші бойынша бағаланады.
Мысалы, оны тӛмендегідей үлгіде кӛрсетуге болады.
11-кесте
«Бағалау парағы» № 4
Аттары
Қатысу деңгейлері (5 балл)
Кӛрсеткіштер
I кезең
II кезең
III кезең
қорытынды
Мыс:Марат
4
5
4
13:3=4,
1
Болат
Айна
Айжан
Жарас
Жобалау
әрекеті
барысында
оқушылардың
портфолиосы
жасақталады, онда оқушылар жасаған зерттеу
нәтижелері,
талдаулары,
идеялары
мен
шешімдері
жинақталады. Олар модель, сурет, схема түрінде қысқа,
нақты болуы қажет. Мәтін түрінде жазбаша жазылғаннан
гӛрі модельдеу түрінде беру–оқушылардың символдық,
таңбалық ойлауын да дамытуға мүмкіндік береді.
Оқушылар ӛз портфолиосын безендіруге уақыт
жібереді, оларға портфолионың жұмыс құжаты екенін
түсіндіру қажет, ең бастысы, жоба нәтижесінің рәсімделуі,
күтілетін нәтиженің алынуы.
Жобаның нәтижесі үш түрлі болады, олар:
-
жобаланған, дайындалған, сыналған, бағаланған
материалдық бұйым;
-
жобалау портфолиосы;
263
-
оқушылардың танымдық, білімдік деңгейінің
дамуы жаңа сапаларының пайда болуы;
Мұғалімнің міндеті – оқушылардың дамуына қолайлы
орта тудыру, жұмыс істеуіне жағдай жасау.
Жобалау әрекетінің мақсаты – оқушылардың
белсенділігін, шығармашылығын, ӛз бетімен ойлау, білім алу
қабілеттерін дамыту. Соған орай оқушы - мұғалім қарым –
қатынасы да ӛзгереді. Атап айтқанда:
-
әрекеттің мақсаты оқушыға қатысты анықталады –
мұғалім оны орындауға жағдай жасайды;
-
оқушы жаңа білімді ӛзі үшін ашады–мұғалім оның
жолын ұсынады;
-
оқушы тәжірибе жасайды – мұғалім тәжірибенің
әдісі мен түрлерін үйретеді, ұйымдастыруға
кӛмектеседі;
-
оқушы таңдау жасайды–мұғалім таңдау нәтижесін
болжауға кӛмектеседі;
-
оқушы
белсенді–мұғалім
оны
қолдайды,
дамытады;
-
оқушы – субъект, мұғалім – кӛмекші;
-
оқушы алынатын нәтижеге жауапты–мұғалім
алынған нәтижені бағалауға кӛмектесуші, орындау
жолдарын кӛрсетуші.
Сондай–ақ, мұғалім жоба барысында тӛмендегі
мәселелерде кӛмектесуі аса қажет:
-
жобаның мақсат – міндеттерін анықтауда;
-
нәтижесін жоспарлауда;
-
тәжірибе қоюда;
-
презентациялауда;
-
портфолио жинақтауда.
Шетел мектептерінде жобалау әдісін (Бельгия,
Германия, Италия, Норвегия, Ұлыбритания, т.б.) қолданылу
тәжірибесі белгілі бір мәселені шешуде оқушылардың
теориялық білімдері мен практикалық тәжірибесін ұтымды
пайдалануға мүмкіндік беретіні анықталды.
Сӛйтіп, мектепте жобалау әдісін қолдану:
-
оқушылардың танымдық әрекеттерінің белсенді
болуына ықпал етеді;
264
-
оқушылардың оқу барысындағы біліктіліктері мен
дағдыларын (атап айтқанда: оқу мәселесін қоя
білу, мақсатқа жету жолдарын анықтай алу, ӛз
бетімен жұмыс жасай білу, ӛз әрекеттерін бағалай
білу) қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқушы үшін
мұғалім кӛмегі
тӛмендегі бағыттарда аса
қажет болады:
-
оларды
түрлі
ақпараттар
кӛзімен,
құрал–
жабдықтармен қамтамасыз ету;
-
түрлі нақты сұрақтар қою арқылы мәселені шешу
барысындағы қиындықтарды талқылауға, шығу
жолдарын іздестіруге тарту;
-
жұмыс барысында ӛзінің оң не теріс пікірлерін
айтып отыру;
-
жобалау барысын жазып отыруға үйрету;
-
жұмыс нәтижелерін талдауға үйрету;
-
жобалау әдісін пайдалануда мұғалім ӛзі үшін
тӛмендегі мәселелерді анықтап алуы қажет:
-
жобалау үшін қажетті тапсырмалар мазмұнын;
-
әр түрлі жастағы оқушылар үшін жобаны орындау
әдістемесін;
-
жоба жасау тапсырмалары мен ӛзінің жетекшілік
ететін тұстарын;
-
белгілі
бір
жобаны
орындауға
қажетті
оқушылардың
білімділік
және
біліктілік
деңгейлерін.
Сонымен,
жобалау
әдісі
дегеніміз
не?
Бұл
педагогикалық қана емес, әлеуметтік мәні бар мәселе.
Ӛйткені, жобалау мәдениетін игеру – қайта жаңарту әрекетін
игеру деген сӛз. Сондай – ақ, оның әдістерін, құрастыру мен
модельдеу тәсілдерін тақырыпқа, талапқа сай орындай білу
де керек. Бұл жерде дизайн жасаудың әдістері мен тәсілдері
тек жоба жасау үшін ғана емес, оқушының қоршаған ортада
кеңістігін мәселелерді модельдеу, ойша құрастыру, бейнелеу,
кеңістіктен ойлау, логикалық ойлау сияқты сапаларын
дамытуда да маңызды орын алады.
Жобалау әдісі оқушының танымдық және қайта
құрушылық әрекеттерінде шығармашылық мүмкіндіктерін
жүзеге
асыруға,
оқу
мотивациясын
арттыруға,
265
интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді, ӛз
бетімен жұмыс істеу, жоспарлау, шешім қабылдау, нәтижені
бағалау дағдыларын қалыптастырады.
Ӛздерінің болашақ ӛмірінде кездесетін мәселелерді
шешу үшін қажетті тәжірибелер жинақтайды.
Жобалау әдісіне үйрету барысында оқушылар әрекеттің
субьектісіне айналады, сӛйтіп, әр оқушы жобалау тобының
тең құқылы мүшесі болып табылады.
Мұғалімнің
рӛлі
басқарушы
емес,
оқушының
серіктесіне айналады. Жобалау әрекетіне қатысу барысында
оқушы
түрлі
рӛлдер
атқарады,
қызығушылығына
байланысты топтарға бірігеді, тапсырманы мерзімінде
орындауға,
бір–біріне
кӛмектесуге,
жауапкершілікке
дағдыланады. Сондай – ақ, жобалау әрекетіне қатысу арқылы
оқушылар ӛз бейімділігін, мүмкіндіктерін анықтап, болашақ
мамандығын таңдауға да мүмкіндік алады.
Сондай–ақ, мұғалім үшін де жобалау әдісіне қатысу
оның
шығармашылығын
арттыруға,
педагогикалық
әдістемесін кеңейтуге жағдай туғызады.
Оқушылар жобаларының түрлері мен критерийлері
(кӛрсеткіштері) шартты түрде тӛмендегі кестеден кӛруге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |