Кестелер. Кестелерді жақсы көрнекілік ретінде және көрсеткіштерді теңестіру ыңғайлылығы үшін қолданады. Сандық материалды кесте түрінде 1.2- суретке сәйкес рәсімдейді.
Кесте ( нөмірі) – ( кесте аталуы)
тақырып
тақырып
тақырыпша
Бағандар
тақырыбы
жолдар
бағанда
1.2-сурет
Кесте тақырыбы – оның мазмұнын аша отырып қысқа әрі нақты болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, сол жағына және келесі түрде орналастыру қажет:
Мысалы – 1-кесте – Механикалық қасиеттер
Кесте бөлігін өзінің бастапқы орналасқан бетіне немесе басқа бетке тасымалдаған кезде, атауын тек бірінші бөлігінде орналастырады. Кестелерді, қосымшалар кестелерін қоспағанда, толассыз нөмірлермен, араб сандарымен нөмірлеу қажет. Әрбір қосымша кестелерін жеке нөмірлеп, араб сандарымен цифр алдында қосымша белгілерін көрсетеді.
Бағандар мен кесте жолдарының тақырыптарын бас әріппен, ал бағандардың тақырыпшаларын кіші әріппен жазу керек, егер олар тақырыппен бір сөйлем құрастырса, егер оларда дербес мағына болса, бас әріптен жазу қажет. Кестелердің тақырыптары мен тақырыпшаларының аяғында нүкте қойылмайды. Бағандардың тақырыптары мен тақырыпшаларын жекеше түрде көрсетеді. Баған мен бүйір тақырыптары мен тақырыпшаларын диагональ сызықтармен бөлуге болмайды. Кесте жолдарын шектейтін көлденең және тік сызықтарды, егер олардың жоқтығы кестені пайдалануды қиындатпаса жүргізбеуге болады. Баған тақырыптарын кесте жолдарына параллель жазады. Қажет болса, баған тақырыптарын перпендикуляр орналастыруға рұқсат етіледі. Кестенің басы кестенің басқа бөлігінен сызықпен бөлінуі керек. Кесте тақырыптарын перпендикуляр және параллель алмастыра орналастыруға болмайды.