Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет32/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   147
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Симплификаттау – тип саны мен бұйымның басқа да түрлерінің санын берілген уақыттағы қажеттілікті қанағаттандыратын санға жеткізу мақсатпен жасалған стандарттау пішімі. Симплификаттауда қажетті деп саналмайтын бұйым түрлерін, олардың тетіктері мен бөлшектерін көбіне алып тастайды. Симплификаттау объектілеріне қандайда болмасын техникалық жетілдірулер енгізілмейді.
Бұйым конструкциясын типтеу – бұйымға, құрастыру бірліктеріне және тетікке ортақ конструктивтік параметрлері бар типтік конструкцияларды тағайындау және жасау. Типтеуде барлық типтер мен бұйымның типтік өлшемдерін, олардың бөлшектері мен тетіктерін талдап қана қоймай, ғылым мен техниканың жетістіктерін және өнеркәсіп дамуын ескеретін бұйымның жаңа типтері мен типтік өлшемдерін, олардың тетіктері мен бөлшектерін жасайды. Бұйымның, оның құрастыру бөлшектері мен тетіктерінің сәйкес қатарын тағайындау осындай жұмыстың нәтижесі болады.
Технологиялық процестерді типтеу – біртиптік тетіктерді өндіру немесе қандайда болмасын жіктеу топтарының немесе бұйымның біртиптік бөлшектерін жинауға технологиялық процесті жасау. Технологиялық процестерді типтеудің алдында тетіктерді, құрастыру бөлшектерін және бұйымдарды жіктеу жұмыстары және өкіл объектісі -берілген объектілер тобына тән ең көп белгілерге ие типтік өкілдерін тағайындау жүргізіледі.
Бірдейлендірудің төмендегідей түрлері бар.
Өлшем ішіндегі бірдейлендіру деп базалық моделі бар нақты бір бұйымның барлық модификациясын немесе бір типтік өлшем ішінде өзара бірдейлендіруді айтамыз.
Өлшем аралығындағы бірдейлендіру деп базалық модельдерді немесе олардың модификацияларын (бұйымның параметрлік қатарының әртүрлі өлшемдері арасында, бірақ бір типтің ішіндегі) бірдейлендіруді айтамыз. Аталған бірдейлендірудің екі түрін, бір типтің машиналарын, құрастыру бөлшектерін және тетіктерін қамтитын болғандақтан тип ішіндегі бірдейлендіруге жатқызамыз.
Тип аралығындағы бірдейлендіру деп әртүрлі параметрлік қатар мен түрлі типке жататын бұйымды бірдейлендіруді айтамыз. Мысалы, R10 (800, 1000, 1250, 1600 мм) қатары бойынша тағайындалған, өңделетін дайындаманың стандартты ені негізінде бойлай жоңғылайтын, бойлай сүргілейтін, бойлай ажарлайтын станоктары бір тип аралық қатарды бірдейлендіруге болады. Көрсетілген барлық станоктар үшін 45% бірдейлендірілген түйіндерді (жақтау, тұғыр, көлденең жақтау, бағыттаушы, жылдамдық қораптары, басқару органдары, т.б.) пайдалануға мүмкіндік береді.
Бірдейлендіру зауыттық (зауыт шегінде), салалық (саланың бір қатар зауыттары үшін), сала аралық (өнеркәсіптің түрлі саласының кәсіпорындары үшін) болады.
Агрегаттау – бұйымда түрлі санмен және комбинациямен орнатылған бірдейлендірілген, көп рет қолданылатын стандарттық агрегаттардан (модульдерден) тұратын аспаптар, жабдықтар, машиналар және басқа бұйымдар құру әдісі.
Агрегаттау әдісін қолдану мысалы ретінде, блоктардың түрлі саны мен үйлесімін келтіріп, тұтынушының қалауы мен қаржылық қабылетіне байланысты блоктардан құрылған түрлі үй жиһазын айтуға болады.
Машиналарды бөлшектеуді, оларды басқа да машиналарда қолданылатынын ескере отырып, автономдық функционалдық түйіндерін (агрегаттарын) бөлуге мүмкіндік беретін құрылымдық бөлшектеріне құрылымдық талдау жүргізу негізінде жасайды. Әдетте, олар – жетек түйіні-жылдамдық қорабы қозғалтқышы, трансмиссия, тұғыр жақтауы, басқару органы, жұмыс операцияларын атқарушы түйіндер т.б.
Агрегаттар бір-біріне тәуелсіз түрде жасалады және олар барлық пайдалану көрсеткіштері және біріктіру өлшемдері бойынша толық өзара ауыстырымдылыққа ие. Бірдейлендірілген агрегаттар мүмкіндік болса, саны аз тетіктен тұруы, жоғары сапалы тиімді құрылымға ие болуы қажет.
Негізделмеген түпнұсқалы және қымбат жабдықтар мен машиналардың орнына, бірдейлендіру мен агрегаттау, тексерілген, оңтайлы бірдейлендірілген агрегаттар негізінде оларды құрылымдауға және өндіруге жол береді. Жобалау және өндіру мерзімі де едәуір қысқарады. Мұндай машиналарды пайдалану және жөндеу жеңіл, оларды жұмысшылар да тез игеріп кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет