Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Қоршаған ортаны қорғау жағдайын бақылауды метрология-лық қамтамасыз ету



бет84/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   147
6.11. Қоршаған ортаны қорғау жағдайын бақылауды метрология-лық қамтамасыз ету

Метрологияда қоршаған орта жағдайын бақылау ерекше орын алады. Негізінен ол төрт:



    1. Ауа қабатын бақылау;

    2. Су күйін бақылау;

    3. Шу деңгейін бақылау;

    4. Қоқыстар мен зияндықалдықтардың сипатын бақылау құраушыдан тұрады.

1. Ауа. Ауадағы зиянды заттардың шектік-шақтамалық концентрациясының тазалығын нормалаудың екі түрі – жұмыс аймағы ШШКж және елді мекенді пункттерде ШШКе болады.
ШШКр – бұл жұмыстың барлық жұмыс өтілімі бойында апталық жұмыс 41 сағаттан аспаған жағдайдакәсіби аурулар туындатпайтын концентрация. Жұмыс аймағы ретінде еденнен 2м-ден артық емес қашықтық есептеледі. Қоспалар құрамының жеке нормалануы ШШК-ның бір реттік минималды ШШКбм және орта тәуліктік ШШКот түрлерге бөлінеді. Бір реттік ШШКбм 30 минутта анықталады, ал орта тәуліктік ШШКот 24 сағатта анықталады.
ШШК анықтаудың екі негізгі эксперименталдық және есептік әдісі бар. Бірінші әдіс ШШК мәнін анықтауға, екіншісі УШК (уақытша шақтамалық концентрация) мәнін анықтауға қолданылады. Зиянды заттарға арналған ШШК туралы мәліметтер ГОСТ 12.1.005-88 «Жұмыс аймағының ауасы. Жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар» стандартында нормаланған. Ауаның ластануын бақылауды метрологиялық қамтамасыз ету. Ауада бірнеше заттардың болуы кезінде біршама қауіпті және сипатты компоненттер бойынша бақылау жүргізіледі. Ауада микроқоспалар газ, бу, қатты бөлшектер, аэрозольдер түрінде кездесуі мүмкін. Санитарлық-химиялық талдау кезінде сынамаларды ерекше аспирациялық тәсілмен, зерттелетін ауаны сұйық жұтқыш орта және фильтрлерден өткізу арқылы таңдайды. Қысқа уақытты өндірістік процестер кезінде және талдаудың жоғары сезімтал әдістері болған жағдайда ауа сынамалары жабық ыдыстарда талдануы мүмкін.
Әдістердің сезімталдығы жеткіліксіз болған жағдайда анықталатын заттарды концентрациялайды. Осыған байланысты ауа қабатын талдау кезінде ауадан 95%-дан кем емес микроқоспаларды концентрациялауға мүмкіндік беретін сынамаларды таңдаудың тиімді тәсілдерін және сынаманы алдынала байытусыз талдауға мүмкіндік беретін жоғары сезімталдық талдау әдістерін (газды хромотография, атомдық абсорбция, т.б.) қолдану қажет. Газ немесе бу түріндегі микроқоспаларды таңдау сұйық жұтқыш ерітінділерде және түйіршікті сорбенттерде жүзеге асырылады. Ауадағы аэрозоль түріндегі (түтін, тұман, шаң) зиянды заттарды концентрациялау үшін фильтрлер қолданылады. Сұйық жұтқыш ортада сынамаларды таңдау кезінде талданатын заттар ериді немесе жұтатын ортамен өзара химиялық әсерлеседі ( хемосорбция).
Атмосфералық ластануларды зерттеу кезінде тәуліктік орташа концентрацияны сипаттайтын орта тәуліктік, сондай-ақ бір реттік максималды концентрацияны анықтайды. Зиянды заттың бір реттік максималды концентрациясын өлшеу үшін ауа сынамасын 20-30мин аралығында таңдалады, ал орта тәуліктік концентрацияны өлшеу үшін тәулік бойы аспирация тәсілімен ұзақ уақытта таңдау ұсынылады.
Атмосфера ластануын қадағалауды стационарлық маршруттық және жылжымалы постарда жүргізеді. Стационарлық постар жүйелік қадағалауды жүргізу қызметін атқарады. Олар ауа сынамасын таңдау мен кезекті талдау жүргізуге арналған сәйкес аппаратурасы бар арнайы павильондармен, зиянды қоспалар құрамын үздіксіз тіркейтін газоанализаторлармен, сондай-ақ метрологиялық көрсеткіштерді анықтауға арналған құралдармен жабдықталған. Жылжымалы постар тікелей өнеркәсіптік қоқыстар аймағында бір реттік қадағалау жүргізу үшін қызмет атқарады. Факел арқылы сынамаларды таңдау жер бетінен 1,5 м биіктікте 20-30 мин уақыт аралығында жүргізіледі. Сынамаларды алу интервалы жуық шамамен 10 минутты құрайды. Сынамаларды қоқыс көзінен 0,2 , 0,5 , 1, 2, 3, 4, 6, 8, 10, 15, 20 км қашықтықта желдің бағыты бойынша таңдайды.
Зерттелетін ауа сынамаларын таңдаудың негізгі тәсілі шығын өлшегіш құрылғыда (ратаметр, реометр, газды сағаттар) тіркелетін белгілі бір жылдамдықта шығын туындатқыш көмегімен сорбциялық құрылғы арқылы (жұтушы ыдыс, концентрациялық құбырша, фильтр) өткізу болып табылады. Өндірістік жағдайда сынамаларды таңдау ыңғайлы болу үшін аспирациялық құрылғылар кең қолданылады. Олар шығын тундатқыш пен шығын өлшегіш құрылғыны біріктіріп, әртүрлі агрегаттық күйдегі заттарды таңдауға мүмкіндік береді.
2. Су. Адам денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге зиян келтір-мейтін судағы қоспалардың концентрациясын анықтайтын ШШК-на қойылатын негізгі нормативтік талаптар экологиялық стандарттарда келтіріл-ген. Су сынамасы су жинағыш құрылғы ағысынан 1 км-ден жоғары алынады, ал ағынсыз су қоймаларының екі жағынан 1 км қашықтықтан алынады. Судағы қоспаның шектік-шақтамалық концентрация – бұл адам ағзасына жағымсыз әсерлерді және шаруашылық-тұтынушылық, мәдени-тұрмыстық және суды пайдаланудың басқа түрлерінің қалыпты жағдайларының шектелу немесе бұзылу мүмкіндігін ескермейтін нормативтік көрсеткіш.
Тұрғындардың қажеттілігі үшін белгілі мөлшерде еритін тұздар мен ерімейтін қоспалардан тұратын ауыз суды пайдаланады. Бұл көрсеткіштерден асып кеткен жағдайда табиғи су тазаланады, яғни өлшенген заттар мен тұздарды, негізінен кальций мен магнийді жоюға бағытталған тазалауға жіберіледі.
Суды пайдаланушылардың әрбір санатында судың сапасына талаптар әртүрлі болып келеді. Мысалы, шаруашылық-тұтынушылық суда 0,02мг/л көп емес гексахлоран улы химикатының болуына рұқсат етілген, ал балық шаруашылығы су қоймаларында оның болуы шектелген.
Кейбір заттар салыстырмалы түрде контактілі әсер ету кезінде жоғары концентрацияда зиянды болып келеді. Сондықтан олардың бірінші санаттағы (суды адамның пайдалануы) су объектілеріндегі ШШК мөлшері жоғары мағынаға ие болады. Ал екінші санаттағы су объектілерінде (қорықтық су қоймалары) олар флора мен фаунаға зиян әсерін тигізеді, мұнда бірінші орынға олардың токсиндік қасиеттері қойылады. Осылайша су объектілерінің тазалығын қамтамасыз ету үшін ШШК көрсеткішінен басқа су сапасына қойылатын талаптардың деңгейін айқындайтын зиянды нормативті-шектеуші көрсеткіш қолданылады.
3. Топырақ. Топырақ үшін де ШШК мөлшері анықталған. Топырақ адамға тікелей әсер етеді, бірақ оның әсері өсімдіктер арқылы, шаң және т.б. арқылы беріледі. Топырақты зерттеу:
- санитарлық физикалық- химиялық зерттеулер;
- санитарлық- энтомологиялық зерттеулер (жәндіктер);
- санитарлық- гельминтологиялық зерттеулер (құрттар мен паразиттер);
- санитарлық- бактериологиялық зерттеулер бағыттарында жүргізіледі.
Шаңды өлшеуді метрологиялық қамтамасыз ету. Шаң үшін де ШШК мөлшері орнатылған. Неғұрлым шаңның өлшемі аз болса, соғұрлым ол қауіпті болады. Шаңды өлшеудің екі әдісі бар:
1. Шаңды алдынала шөгінділеу. Негізгі көрсеткіштері – шаңның массалық концентрациясын өлшеу мүмкіндігі, процестің жоғары еңбек сыйымдылығы, өлшеудің циклдік сипаты, талдаудың төменгі сезімталдығы.
2. Шаңды алдынала шөгінділеусіз. Негізгі көрсеткіштері – шаңдық ортаның өзінде өлшеу мүмкіндігі, өлшеу үздіксіздігі, жоғары сезімталдық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет