Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет80/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   147
6.9. Сынау түрлері
1) Механикалық сынаулар. Сынау түрлерінің ішінде өте көп тараған түрі. Сынау:
– Берілген жиіліктегі синусоидалы діріл беру арқылы төзімділікті бағалау;
– Ауыспалы жиліктегі синусоидалы діріл беру арқылы резонанстық жиілікті анықтау;
– Кездейсоқ діріл беру арқылы тұрақтылыққа тексеру;
– Бір реттік және көп реттік соққы беру арқылы төзімділікті анықтау;
– Сызықтық үдеу беру арқылы параметрлердің тұрақтылығын анықтау;
– Транспорттық теңселіске сынау объектісінің тұрақтылығын анықтау;
– Теңселіске тұрақтылығын анықтау параметрлері бойынша жүргізіледі.
Сынауға арналған жабдықтар: үш бағытта және әртүрлі үйлесімдегі дірілді жасау үшін дірілдік стендтер, бір реттік немесе көп реттік соққы беретін соққылық құрылғылар, үлкен жүктемеге сынауға арналған центрифугалар. Соққыға сынау арнайы дайындалған ауданға белгілі бір биіктіктен объектіні лақтыру арқылы іске асырылатын ең қарапайым түрі болып табылады. Мысалы: қалыңдығы 15 мм болатын киіз төсенішке 1 м биіктіктен бинокольді лақтырады.
Сонымен бірге сынау созуға (6.4-суретте үзуге сынауға арналған машина), сығуға, қиюға, бұрауға, майысуға және аралас сынауларға жүргізіледі. Статикалық және динамикалық (соққылық) сынаулар болады.
Материалдардың және бөлшектердің механикалық қасиеттерін зерттейтін әдістердің дамуына байланысты сынау процесі кезінде бағаланатын параметрлер диапозондарын ұлғайтатын сынау жабдықтарына қойылатын талаптар жоғарылайды. Сертификаттаудан өткізетін зертханалар қарапайым сынау жабдықтары мен құрылғыларымен қатар автоматты басқарылатын жүйелермен және күрделі сынау машиналарымен жабдықталады. Зерттеулік сынауларда бір орындық серпімділік және серпімдіпластикалық деформацияны өлшеу әдістері, компьютерден басқарылатын автоматтандырылған құрылғы және т.б., сызаттың пайда болуын және дамуын өлшеу жүйелері, моделдерді стендттік сынау жүргізу және заттық құрылымдық жүйелері көп қолданылады.
Сенімділікке сынауға көптеген қозғалмалы құрылғының бағытталған үдемелі және айналмалы қозғалысы, қозғалысты механикалық түрлендіргіштер және т.с.с. сынау объектісі ретінде ұшырайды. Мұндай сынаулар күрделі және қарапайым қозғалысты іске жаңғыртатын арнайы стендтерде іске асыралады. Уақыт тығыз болған жағдайда жылдамдатылған сынаулар қолданылады. Таңдап алынған бұйым тобының қалыпты пайдалану жағдайындағыдан да қатаң жағдайда жұмыс жасауын бақылау бойынша алынған ақпаратты өңдеу арқылы сенімділік көрсеткіштерін анықтайды.
Оперативті сынау жүргізуге дайындық кезінде келесілер дайын болуы керек:
– Сынау түрін және техникалық құралдарды таңдау;
– Параметрлік және функционалдық тоқтау негізгі түрлерін анықтау;
– Оперативті сынау режимдерін және әдістерін таңдау;
– Берілген уақытқа байланысты жұмыс істеп тұрған факторлар мен үлгілер санын анықтау мақсатында сынау жоспарын құру;
– Бақылаудың тоқтауы әдістері мен құралдарын, нәтижелерді өңдеу әдістерін таңдау.
Объектінің тоқтауына әкеліп соғатын, әсіресе, процестің интенсивті жұмыс істететін режим бойынша жүрістің бос және іркілісті толық жоятын немесе қысқартуымен қортындыланылатын жағдайда оперативті сынау әдісі уақыттың тығыздығына байланысты жеделдетуге негізделген.
Жеделдетуге келесі жолдармен жетеді:
– Объектіге әсер ететін жүктемені үстемелеу арқылы;
– Ортадағы агрессивті немесе абразивті элементтердің концентрацияларды үстемелеу арқылы жылдамдық қоғалысын арттыру;
– Электрлік төзімділікке сынау кезінде электрлік кернеуді үстемелеу арқылы;
– Температураны, ылғалдылықты, қысымды, сәулеленің интенсивтілігін және т.с.с. үстемелеу арқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет