Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен



Pdf көрінісі
бет103/160
Дата17.10.2023
өлшемі2,45 Mb.
#117673
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   160
Байланысты:
Аасыпкерлык

3.
 
Ұсынылатын талаптарды ескере отырып бәсекеқабілеттілік 
критерийлерінің номенклатурасын қалыптастыру және міндетті 
талаптардың артуы. 
Талаптардың объектілері ретінде тауарларының кӛбісі бойынша тауардың а 
сенімділігі мен экстетикалық ерекшеліктеріне қойылатын талаптар алынады. 
Тауардың осы талаптарға сәйкестігі оның сәйкес сапасын қамтамасыз етеді. 
Осы талаптардың артуы тауарға бәсекелік артықшылықтарды береді. Талаптар 
негізіндегі 
сапа 
кӛрсеткіштері 
бәсекеқабілеттілік 
критерийлерінің 
номенклатурасын анықтайды.
 
Міндетті талаптардың (қауіпсіздік, экологиялылық) негізін қҧрайтын 
кӛрсеткіштер шектеулі болып келеді. Ӛйткені олардың стандарт нормаларына 
сәйкес болуы міндетті сертификаттау мен бәсекеқабілеттілігін бағалау ҥшін 
жіберілу шарты болып табылады.


164 
11.3 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ ӘСЕР 
ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР 
Бәсекеқабілеттілік факторы

бәсекеқабілеттіліктің бір немесе бірнеше 
критерийлерін ӛзгертуге қажетті және жеткілікті болуының тікелей себебі. 
Факторлық талдау
деп аталатын ӛнімнің бәсекеқабілеттілігінің жеке 
критерийлерін тӛмендететін себептер мен бәсекеқабілеттілікті арттыратын 
факторларды анықтау – дайындаушы-кәсіпорындар мен сатушы-кәсіпорындар 
қызметінің маңызды аспектісі. Бәсекеқабілеттілік факторларының жіктемесі
16-кестеде келтірілген. 
16 кесте – Бәсекеқабілеттілік факторларының жіктемесі
Жіктеме белгісі 
Факторлары 
1. Іс-әрекет ету аясы 
1.1. Макроэкономикалық 
1.2. Микроэкономикалық 
2. Пайда болуы 
2.1. Негізгі (табиғи) 
2.2. Дамыған (жасанды) 
3. Мамандануы 
3.1. Жалпы 
3.2. Маманданған 
4. Қамтамасыз ету сатылары 
4.1. Ӛндірістік 
4.2. Ӛткізу 
4.3. Қызмет кӛрсетуші 
4.4. Нарықтық 
5. Әлеуметтік-экономикалық табиғаты 5.1. Ресурстық 
5.2. Инфрақҧрылымдық 
6. Әрекет ету интенсивтілігі 
6.1. Шамалы әсер ететін
6.2. Әжептәуір әсер ететін 
6.3. Ӛте кҥшті әсер ететін 
7. Әсер ету сипаты 
7.1. Оң 
7.2. Теріс 
Кәсіпорын қызметі 
сыртқы ортада,
яғни макроортада ӛтеді. Оның 
компоненттері 
елдің, аймақтың, саланың бәсекеқабілеттілігі
болып табылады.
 
Макрорта компонеттері кәсіпорынға 
тікелей
(мысалы, елдің басқару 
органдарының заңнамалық немесе салықтық әсер етуі) немесе 
жанама
(халықаралық, экономикалық және басқа да факторлар арқылы) тҥрде әсер 
етеді (35-сурет). 
Салықтар 
Салықтар 
Тӛлемдер 
Субсидиялар 
Тауарлар мен қызметтер Тауарлар мен қызметтер 
ҚАРАЖАТТАР НАРЫҒЫ 
ЗАҢДАР
ПРЕЗИДЕНТ 
ҤКІМЕТ 
ТАУАРЛАР НАРЫҒЫ 
ТҦРҒЫНДАР 
КӘСІПОРЫНДАР 


165 
35-сурет.
Елдің макроэкономикалық жҥйесіндегі кәсіпорындардың орны 
мен рӛлі 
Іс-әрекет 
ету 
сферасы
бойынша
 
макроэкономикалық
және 
микроэкономикалық
факторларды бӛліп кӛрсетеді. 
Біріншілері 
экономиканың 
салалары мен мемлекет деңгейінде кездеседі. 
Екінші
 
(микроэкономикалық)
факторлар нақты тауарлар мен қызметтер, 
кәсіпорындар деңгейінде әсер етеді.
Кәсіпорынның ӛз бәсекелестерімен кҥреске тҥсуге мҥмкіндік беретін 
бірқатар ресурстардың статистикалық сипаттамасы бар. Бҧл ресурстар 
кәсіпорынның бәсекелесуге деген қабілетін анықтайтын дәстҥрлі факторлардың 
бірінші деңгейі. 
Оларға мыналар жатады:

Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен экономикалық әлеуеті 
(активтер, 
негізгі капитал, меншікті және қарыз капиталы, ӛнімді сату кӛлемі, ӛнім сату 
кӛлемдерінің қарқыны, нарықтағы ҥлесі, сату кӛлеміне, тартылған 
инвестициялық капитал, акционерлік капитал бойынша табыс);

Кәсіпорынның нақты нарықтық сҧранысқа сәйкес жоғары сапалы және 
қысқа мерзімде қандай да бір ӛнімді ӛндіруге мҥмкіндік беретін ӛндірістік 
және ӛткізу әлеуеті 
(инновациялық технологиялар, ӛндірістік және ӛнім ӛткізу 
қуаттары, шикізат базасының, кӛлік қҧралдарының болуы, техникалық қызмет 
кӛрсету орталықтары, ӛндіріс ҥрдісінде жҧмыс істейтін қызметкерлердің жалпы 
саны, шығарылатын ӛнім номенклатурасын жаңарту);

Ғылыми- зерттеушілік әлеует 
(ғылыми зерттеулерді ҧйымдастыру, 
зерттеу 
орталықтарының, 
лабораториялардың, 
патенттеу 
аясындағы 
бағытталған ғылыми зерттеулердің саны, техниканың қандай да бір 
саласындағы кәсіпорынның монополиялық жағдайды иеленуін бағалау); 

Қаржылық жағдайы
(тӛлемқабілеттілігі, яғни кәсіпорынның қажетті 
мерзімде ӛз қаржылық міндеттемелерін ӛтеу қабілеті, несиеқабілеттілігі мен 
несиелеу шарттары, капитал қҧрылымы, пайда (табыс) массасы мен 
нормасының ӛсуі);

Ел нарығындағы кәсіпорынның орны 
(ҧзақмерзімді сҧраныс ӛсімінің 
жылдамдығы, сатушылар қҧрамы мен ӛнімді пайдалану тәсілдерінің ӛзгеруі, 
ӛнімді жаңарту, маркетингтік инновациялар, тҧрақты сатып алушылардың 
қалаулары, нарық ҥлесінің ӛсуі); 

Әлемдік нарықтағы кәсіпорынның орны 
(ірі техникалық және 
технологиялық жетістіктердің таралуы, шығындар мен тиімділіктегі ӛзгерістер, 
сыртқы нарықтағы ашықтылық тәуекелі мен белгісіздіктің азаюы, нарық 
ҥлесінің ӛсуі);

Кадрлық әлеует 
(кәсібилік, ынтымақтастық, ҧжымдылық, жҧмыс кҥшінің 
мобильділігі, бәсеке рухы, кәсіпорынның жақындылығы). 
Негізгі (табиғи) факторлар 
– бҧл табиғи ресурстар, климаттық жағдайлар, 
елдің географиялық тҧрғыдан орналасуы, біліксіз және жартылай білікті жҧмыс 
кҥші. Олар елге «тегін» беріледі немесе оларды іске қосу біршама салымдарды 
қажет етеді. Бҧл факторлар ғылыми сыйымдылығы аз ӛндірісте ҥлкен рӛл 
атқарады: ӛңдеу ӛнеркәсібінде, азаматтық объектілер (мектеп, тҧрғын ҥй және 
т.б.) қҧрылысында, ауыл шарушылығымен байланысты салаларда.


166 
Дамыған (жасанды) факторлар
кӛбінесе интеллектуалды қызметтің 
нәтижесі болып табылады – ӛндірістің ғылыми орталықтарын ҧйымдастыру 
және жоғары білімді кадрларды қалыптастыру, ақпарат алмасудың жақсы 
дамыған инфрақҧрылымы.
Жалпы факторлар
 
– бҧл салалардың әр тҥрлі жҥйесіне әсер ететін 
факторлар: автокӛлік және теміржол желісі, жоғары білімі бар персонал.
Маманданған факторлар
 
– салалардың шектеулі тҥрінде немесе тіпті 
жалғыз біреуінде ғана қолданылатын факторлар (мысалы, тар шеңберлі аяға 
маманданған персонал, оптика аясындағы ҒЗИ жақсы дамыған желісі, ерекше 
типтегі инфрақҧрылым (ғарыш саласы ҥшін инженерлерді мақсатты дайындау 
және т.б.)).
Маманданған факторлардың қалыптасуы тҧрақты және едәуір деңгейде 
қаржыландыруды талап етеді. Бірақ, бҧл факторларды шетелдік бәсекелестер 
физикалық және психологиялық тҧрғыдан да қайталай алмайды. Ӛйткені 
оларды қалыптастыру ҥшін ҧзақмерзімді инвестициялар қажет.
 
11.4 КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТЕРДІ ТАЛДАУ 
Қандай да бір еркін нарықта, бәсеке шарттары мен бәсекелестерді зерттеу 
қандай да бір тауар ӛндірушіге, ең алдымен оның бәсекелестері алдындағы 
артықшылықтары мен кемшіліктері қандай болатындығын анықтау ҥшін қажет.
Бҧл жағдайда кәсіпорынның табысты бәсекелік стратегиясын жасап, еркін 
нарықта бәсекелік артықшылығын ӛз деңгейінде сақтап қалуға мҥмкіндік 
береді. 
Еркін нарықтағы кәсіпорынның бәсекелік позициясын бағалау ҥшін 
келесі жағдайлар қажет:

шығарылатын ӛнімнің бәсекеқабілеттілігін арттыру бойынша 
шараларды жасап шығаруға;

бәсекеқабілетті ӛнімді бірлесіп шығаруды ҧйымдастыру ҥшін әріптес 
кәсіпорынды таңдауға;

болашағы бар ӛндіріске инвестициялық қаражаттарды немесе банктік 
несиелерді тартуға;

ӛзінің бәсекеқабілетті ӛнімімен кәсіпорынның жаңа нарықтық 
жҥйелерге шығу бағдарламасын жасау ҥшін.
Кәсіпорын бәсекеқабілеттілігінің деңгейін бағалаудың негізгі мақсатты 
белгілі 
нарықтық жҥйедегі кәсіпорынның жағдайын және оның қызметін 
ҧтымды тҥрде жҥргізу стратегиясын анықтау болып табылады. 
Бҧл мақсатқа қол жеткізу ҥшін кәсіпорын бәсекеқабілеттілігін бағалаудың 
жедел және объективті әдістемесінің болуына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет